Әулиені «биік, сәулетті» болады деп «көшіргені» 2003ж.
- Бейсен, біз әулиені анау жотаға көшіреміз. Биік, сәулетті болады- деді.
– Аға, әулие бұларыңызды қалап отырған жоқ. Жатқан жерімнен күмбез көтеріледі деген, «көшіру» деген қайдан шықты? - деп сұрап едім Қарасақал айтты:
- Бауырым, Кашмирден көшіріп жатқанда мына тұрған жер. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Сен не білесің бауырым. Мен Иранда 8 жыл оқығанмын. Құдайға шүкір, сенен гөрі ілімім бар,- деп күлді.
- Аға, мен аманатты айттым. Сізге көшіруге рұқсат жоқ,- деп едім.
- Бейсен сен аманатты айттың, мен қабыл алдым. Сенің шаруаң болмасын,- деді Ерімбетқажы.
- Жарайды,- деп мен бұрылып кеттім.
Сонымен кім шешкені, қалай болғаны әйтеуір әулиені көшіретін болды. 2-3 күннен кейін Данияр келді де әулиеге күрек алып келді. Біз қарап отырдық. Күрек алып Данияр әулиенің топырағына тығып еді, күрегі ұшып кетті. Қарасақ, Даниярдың түсі қашып, құп -қу болып кетті.
- Не болды?-деп сұрап едік
- Тоқ тартқандай болды,-деп күректі алуға шамасы келмей кетті. Содан құрылыс басталды. Биік сәулетті болады деп жотаға көшіретін болды. Хивадан келген өзбек балалар салған еді. Қалай болса солай көтерген, әйтеуір бітті.
2004 жылдың қысында осадка беріп, жарылып құлауға айналды. Рұқсатсыз салынған нәрсені Алла қабыл етпеді. Күмбездері арт қы жақ қабырғасынан бастап құлай бастаған соң келген кісілерге зияндық болар деп бұзып алдық. Сол кездері аяндықпен Гуля аудан әкімі Рысмендиев Болатқа арыз жазып барды. Оларды Жұмағұлов Сағаттың алдына жіберді. Оның берген шешімі мынау:
№104, 10.08.2004ж.
Жумасаев Бейсен Алашбайұлына
Мекен-жайы: Төле би ауылы,
«Асауан-сахаба» қорының тұрақ-жайы
Сіздің 2004 жылдың 29 қаңтарындағы өтінішіңізге байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
Төле би ауылындағы «Төле би-Шу» автотрассасы бойынан «Асауан-Сахаба» қайырымдылық қорына қор басқарушысы Сайлаубеков Даниярдың атына қызмет көрсетуі үшін «Кесене» құрылысына және қосалқы үй-жай (шырақхана, қойма, намазхана, шатырлар, құдық т.б.) құрылыстарын салуға арнап Төле би ауылдық округі әкімінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №200 шешімімен аумағы 1,0 га жер берілген.
Жер беру шартында Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» баптары толық сақталған, онда ешқандай заң бұзушылық тараптары жоқ.
Сіздердің сұрап отырған «құдықта» сол жер учаскесінің аумағында орнатылған. Қордың құрамында қызмет істейтін азаматтардың өз араларындағы дау-дамайдың шешуі «қордың Жарғысында» қарастырылған.
Басқа құрылыс нысанын салам десеңіз, нақты қандай қызмет түрі үшін керектігін көрсетіп өтініш беруіңізге болады.
Төле би ауыл
округінің Әкімі: С.Жұмағұлов
Бұл әулиеге келіп, түнеп суынан шипа болған адам көп қой деп Гуля болмай «Шу өңірі» редакциясына барды. Сондағы шыққан мақаласы «Шапағат, шипа іздеп келеді» деген 12.08.2004ж. жарық көрді.
Үзінді
«Бұдан басқа да мысалдарды көптеп келтіруге болады. Өйткені маскүнемдік, нашақорлық және басқа да әлеуметтік-тұрмыс жағдайына нұқсан келтіретін жат әрекеттерге ұшырап, қазір одан құлан таза айығып ел қатарына қосылғандар қаншама.
Қорыта келгенде айтарымыз, дінімізді ұстанып, имандылық жолына түскен адам Жаратқан иеміздің нұр-шапағатына бөленетіні айдан анық».
Осы мақаламмен қабаттасып Шу ауданының Төле би мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлынан «Қолдан жасалған қабыр киелі орынға жатпайды» деген «Ислам және өркениет» газетіне №8 тамыз 2004ж. шықты. Аят мырзаның «сахабалары осында 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Олардың саны 100 000-нан асқан. Ал енді Шу алқабында Асауан есімді сахаба келді деген дерек жоқ. Және бір ғасырдан аса уақыт салып жеткен» дейді. Аят мырза олардың 100 000-нан асқан деді. Сол кезде болған сахабалардың тізімін кім алған екен? Құран кітапқа түскен 33 000 сахаба делінген, сонда біздің ілімі мықты шариғатты жатқа білетін адамның айтуы 100 000. Мейлі, асса асқан шығар. Кім біледі, деректер жоқ. «Ондай адам тарихи кітаптар мен мұрағаттарда дерек көзінен де табылмады» дейді. Қазіргі ақшасы, дүниесі барлар қайтсек, тарихта қалсақ деп неше түрлі амал жасап, жанталасуда. Ал ол кезде сахабалар тарихта атымыз қалсын деп, аттарын жазбаған шығар. Еріксіз ойыма «Жас Алаш» газетіне шыққан 29.11.2007ж. «Өмірбек Байгелді әруақтарға менеджер болғанын қашан қояды немесе Құланда Дулат бабаның сүйегі табылғаны рас па?» - деген мақаласы түсті сонда Айман Досымбаева, тарих ғылымының кандидаты. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, «Түркі мүрасы» бөлімнің меңгерушісі айтуынша:
«Шу ауданында институт атынан қазба жұмыстарын жүргізген кезде Өмекеңнің де адамдары бірнеше жерді қазған.Нақты білмеймін,бірақ менің естуімше, олар бір алтын Құранды іздеді...»
Қазба жұмыстары институт атынан болғаны газет арқылы білдім. Рас, Шу ауданы емес басқа аудандардан сабылып,шұбырған халықты көргенмін.Сол барып-келіп жатқан елден естігенім:
- Бір керемет көріпкел тәүіптері, не қазып жатқандарын, әйтеуір, бір құстын сүреті шықты - деп, аудан әкімшілігі бастаған мектеп, мекемелер, ұжымдар, кәсіпкерлерге салық салынып кезек –кезек келіп құдайы беріп ешкі-қойда сан жоқ, ірі-қара мал сойылып жатты. Бір молда намазхан ағамыз, келіп айтқаны бар:
- Бауырым, бәрі дұрыс сияқты, кім біледі? Алла біледі-ғой бұл нәрсесін,пендешілік.Алла алдында күнәкәр болып келдім. Намаз оқимыз-дегенге, қайдан білейін намазға көпшілікпен тұрдым бәріміз шығысқа қарап намаз оқыдық «Алла күнәмді кешір, жүзім қыбылада» - деп намаз оқыдым көпшілікке қарсы келе алмадым.
Тағы бір лауазымды ауданның бір жігіті келіп:
- Бір Алла біледі-ғой,құлаққа кірмейтін нәрсе Байгелдінің ақша-дүниесі бар, сенат депутаты, меніңше тарихта атым қалса –деген іс-әрекеті –деген тағы бар .
Шолақ тәүіптеріміз жағымпазданып керемет мың бір түннін хикаясы сияқты әңгіме айтқандары тағы бар.
Оралхан Дәүіт атпақшыдай:
«Жалған-намыс кімге керек ? Айтпаса сөздін атасы өледі деген. Сонда Алламен тікелей байланысқа түсіретін бір станса ашып алғанбыз ба? Неғып жатып алып түс көргеннен гөрі нақты іс жасаймыз» - деп жазылған.
Тура айтылған сөз, әсіресе «тікелей байланысқа түсіретін бір станса ашып алғанбыз ба?» – дегені. Сол кезде бір ақсақал келіп:
- Бейсен-ау, бауырым, сен осы мына атаңмен қалай сөйлесесің құпия болмаса айтшы? Мына Байгелдінің тәүіптері қолында сотовый телефоны арқылы сөйлескендей әні келді, міне келді, ананы айтты, мынаны айтты-деп шұбыртады. Мен есімді білгелі анша-мұнша көрген түстерім тура келеді, мыналарың далбаса сияқты –ғой, айтқан сөздеріне кейбіреулер сенеді екен –деп еді.
Ия, имамдар айтса айтты дейміз Бұған менің айтарым,көрсе көретін шығар, бірақ ауыз менікі деп тисе терек, тимесе бұтақ жатып келіп ұрады не бір әулие-әмбилердін атын жамылып. Ойлаймын да, қайран қаламын, егерде шынымен көзіне көрінсе, адамның реңі қашады, қысылады. Білмеймін, бұларға әңгіме айтып кетеді екен. Құдай-әруақ қыспасын әруақ қысатын болса әйел де, бала да, дүние де керек болмас, жаныңа батқан кезде, қоңыз теріп кететіндей жағдайға түсесің.
Сол кездегі имандылық пен қазіргіні салыстыруға бола ма? Әрине жоқ, ол ғасырды қоя тұрайық. Өткен ғасырда өз аталарымыз қандай кісілер еді. Инабатты, кішіпейіл, иманды. Сонау 1917 жылдан бергіні алайық, қаншама молдаларымыз, имамдарымыз намаз-құран оқығаны үшін талайы ату жазасына кеткенін, біле ме екен, талай сол кісілердің кітаптары көміліп, жер асты болып кеткенін біле ме екен? Сол қиын қыстауда шілденің шөлінде 30 күн оразасын ұстап, осы Шу бойындағы салынып жатқан темір жолды қолымен салған, қолымен нормамен канал қазып жүргендерін біле ме екен біздің Аят мырза? Бай-кулак деп аузында құраны бар талай аталарымыз қайда қалды? Сонда Ұлы Жібек жолы осы Шу өңірінен өтпегеніне көзі жете ме? Арабтар сол сахабалар, қытайға өтіп дунган халқын шыққанына себеп болған. Әкелері араб, шешелері қытай қызы ал жүректерінде мұсылман діні бар. Сонда мені шірік келтіріп отыр дейді. Менің айтарым Алла жалғыз, Аллаға шүкіршілік етемін, Алладан тілеймін. Ата-бабаларыма құран бағыштаймын, өйткені бұл әулие «Алла» деп өмірден өткен соң «Алла ризалығы үшін» сонау Меккеден келіп біз сияқты қараларға әріп үйреткен, намаз-құранның қасиетін үйреткен. Алладан басқа тәңір жоқ, Алланың сүйікті құлы болғандықтан бұл кісі «әулие» атанып жарыққа шығып отырғаны. Ешнәрсе жоқ, Рысмендиевтің жиені тірі кезінде-ақ өзін-өзі «Ақ әулие» деген атқа ие болды. Оны шірік демейді, өйткені ол әкімнің жиені. Ілімді имам болса, «түсті ажырата біл» - деген шариғатта.
«Түс раһмани – ол аяндық намазы бар, аузында құраны бар, дәреті бар адам неге аяндық көрмеске, аяндықтың арқасында келе жатқан қауіп-қатерден, жамандықтан кейде ескерту де болады.»
«Түс шайтани - өтірік, азғыру түстері. Дәреті жоқ, қалай болса солай жүргендер көреді».
«Үшінші түс – қияли. Күндіз арман, қиялдан, ойдан болатын түс. Осыны халыққа айтып, түсіндірмегендіктің арқасында аян шайтаннан болады дейді. Кейін «Азат» газеті шыққанда Гуля Аят мырзаға барған еді. Ол болмаған соң қасындағы замына газетті қолына беріп айтыпты.
- Аят мырзаға айтыңыз, жүз мың сахаба емес. Құранға түскен 33000 сахабаның по-именно, по-фамильно тізімін дайындап берсін, келемін - деп кетіпті. Сол айтпақшы дүниеден өткен 14-15 ғасыр бұрын сахабалардың тізімін кім алған? Оларды тек бір Алла біледі.
Осы тамыз айында Шымкенттік Науатхан деген кәсіпкер келді. Ол қызымен әйелімен бұрындарда келіп түнеген еді. Ол жігіт Алланың ақ жолында намаз-құран оқитын. Өзі әрі құрдас, әрі осы Жамбыл совхозға Сиқымдарға күйеу еді. Біраз уақыттан кейін айтқаны:
- Бейсеке, өткенде аяндық болды. Осы Асауан бабаны көрдім. Балам, басымды көтер! Саған аманат. Бейсен баламның жалғыз өзі шамасы келмей жатыр деді де, ені 7 метр ұзындығы 7 метр, биіктігі 7 метр фундаментті кілең құм мен цемент темір жолатпа, қызыл кірпішпен көтересің, сыртын Бұқараның қаптайтын кірпішімен күмбез болады деп бәрін айтып көрсеткен соң келдім. Бейсеке, сіздің қолыңыздағы мөрдің формасындай болады.
-Қабыл болсын- деп отырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |