Бір жылдан аса Сәлима кітап ашып жүрді. Талай жылап та келді:
Имам мешітте айтыпты деп – неше түрлі адам келіп тиісіп кетеді екен. Бір күні аян болды:
- Балам, қызым кітап ашқанын тоқтатсын, пенделер мені емес құранды сыйламады, қалай болса, солай барады алдына, жалаң аяқ, жалаң бас, дәреті жоқ. Енді қызым тасбих тартып, құмалақты шашып тастап ашатын болады, - деген.
Содан бастап құранды үйде, әулиеде ашып, базарда құмалақты шашып тастап тасбихпен сөйлейтін болды.
Алланың құдіреті күшті ғой ,берері көп.Қасиетті береді,бірақ соны ұстап қалу керек-кішіпейлдікпен ,инабаттылықпен, имандылықпен Аллаға деген ақ ниеттілікпен, себебі ақша-дүниеге бұрылғандарға Алла да,әруақта теріс қарайды сол себебтен де көп тәүіп-емшілеріміздін алғашқыда аты шығып ,арты жын-шайтан болып кеткендері аз емес.
Осы әулиеде ең алғашқы жүрген ұл-қыздардың ішіндегі Санат деген Бәйдібек ауылының жігіті. Әке-шешесі ертеде ажырасып, Санат нағашы апасының қолында қалады. Жолы болмай осы жерде намаз-құран оқып үйреніп жүрді. Бір күні аяндық болды. «Бір қыз келеді, соған қосасың».
Бір күні Тараз қаласынан бір газель боп қыз-келіншектер келді. Көбісі мұғалім екен. Сол қыздардың ішінде аянда көрген қызды таныдым. Ол Айым еді. Қызылорданың қызы Тараз пединститутын бітіріп, қалада жұмыста қалған екен. Санат екеуі сөйлесіп, шүйіркелесіп кетті. Адресін алып Санат қыздарды шығарып салып жүрді. Көп ұзамай екеуін Санат пен Айымды қостым.
Достарыңызбен бөлісу: |