Санат пен Айымның тойы. 2000ж.
Ең алғашқы келін боп осы әулиеге беташар тойын жасап, некесін қиып, біраз күн тұрғаннан кейін Таразға екеуі қол ұстасып кетті. Екеуінің Әлімжан деген ұлдары бар.
Қостанайлық шәкіртім Еламан деген жігіт 2002 жылы анасымен бірге келді. Сол жолы Түркістанға бара алмадық. Бірақ шешесі туберкулез ауырып жүрген екен. Осы әулиенің суын ішіп, жуынып, 20 күндей болды. Келер жылы қайта келгенде жаңағы кісіні танымадық. Себебі, бұрынғы солғын түрі жоқ. Ауру адам мазасыз болады ғой, онысы жоқ. Сондағы айтқан әңгімесі: алып кеткен судан анда-санда ұрттап ішкенмін, ауруханада учетта тұрған кісі емес пе, шақыртып тексерсе, неше жерден тесілген өкпесі орны да қалмаған. Кейінгі жылы Еламан мамасымен Түркістанға барып келді.
Олар келіп жатқанда КТК телевидениесінен бір-екі адам келді. Біреусі Рысмендиев Болаттың жиені – ақын жігіт Мухамеджан Тазабеков екен. Екіншісі – Далақайнар совхозының бұрынғы совхоз директоры Өзенбай ,журналистпен бірге осында келіп түсіріп кеткен еді. Көп ұзамай телевизордан қайта-қайта көрсетті, жамандап ақша- дүние үшін отыр деп . Ал түсіріп алған мөр туралы ләм-мим деп аузын ашпаған. Сол кезде дәлелмен көрсетілген мөрді халыққа жария етіп көрсетпеді. Оның астындағы жазуын шешуге молдаларымыздың күші жетпеді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |