Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын


Ахай бауырларымен құдайы бергенде. 2002ж



бет14/26
Дата28.02.2018
өлшемі4,08 Mb.
#38324
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Ахай бауырларымен құдайы бергенде. 2002ж.
Үй салуға, көмек беріп жүрген Мыңаралдық Нұржан деген үй бітіп, кешке маған айтпай шығып кетті. Сол күні ол да анашамен ұсталып кетті.

Алғашқы жылдары Бекбасовтар әулиеті көп келетін. Қалтай майор званиесін алғанда осында құдайы мал берген еді. Ол да кейін анашамен ұсталып кетті.

Қарап отырсаң көп адамдар жақсы болып, осы әулиенің қолдауымен күшін ала бергенде анашасы бар пара алды деп көп ұл-қыздарға қызметтеріне кедергі болды. Осындай жағдайлардан кейін қазіргі көмек қол ұшын беріп отырғандарды атын атауға қорқамыз. Себебі қолдарында ақша дүниесі барлар көреалмаушылықтың арқасында не істемейді дейсіз?

Ал тәуіп қыздарымызды айтып отырған себебіміз бұл қыздар тәуелсіз Алла, әруақ деген соң намаз құраны бар анша-мұнша нәрсе пәле жоламайды.

Осы 16 қарашада Шу өзені жағасында «Нұрбұлақтың» ашылуына бардық. Таспаға түсіріп алдық.. «Нұрбұлақ» туралы айтарым мынау: егемендік алғалы бері президентіміздің өзі әруақ деп Бәйдібек бабамыздың, Домалақ анамыздың, 10 ата, 8 аналарымызға қойған белгілері ба. Ал біздің қасиетті Шу өңірінде әулие жоқ деуге бола ма? Ендігі Өмірбек Байгелдиев мырза «тарихта бар» дегенге сүйеніп отыр. Осы әулиелі жер деп жиналған халық ішінде Шу ауданымыздың бас имамы Аят мырза мен Шу қаласының бас имамы Әбдірасыл мырза болған жоқ. Сондағы халықтың күбірлеп сөз қылып жатқаны:

- Бұлары несі? Халықпен бірге болу керек, - деді бір егделеу кісі.

- «Шірік» деп келмеген ғой, - деді екіншісі.

- Бір Алла біледі, ешкі мен қой бірге жатады. Әркім өз кінәсін өзі тартады.

Соған қарағанда бұл да дұрыс шығар. Осы өткен-кеткен жайттарды ортаға салып, халық, көпшілік өзі таразылайды. Ақ-қарасын заң шешіп бермесе де, халқым, елім, жұртым аман болсын, әруақ құдай өзі таразылап жатар.

Әрине алдын-ала «Шу өңірі» газетіне жасап. Бір ауыз сөз- ақ екен сонау ауыл сыртына Шу өзенінін табанында Комхоз «Нұрбұлақ» кешенін салып, Байгелді мырзанын указаниесі деп техника бөлініп, жұмысшылар бөлінген. Ал енді сол кешеннін ашылу салтанатына халықты тегін автопарктен автобустар бөлінді.

Шіркін-ай дүние не істетпейді десеңші «Нұрбұлақтын» ашылуына шашуға «Рафаэлло» шашылды. Дастарханы деген құстын сүтінен басқасы түгел. Ұзына бойы жасалған жеті қатар үстел, өлді дегенде мың адамға дайындалған. Қызмет көрсеткен ауданның кафе-рестораннын ұл-қыздары қызмет көрсетті. Ысырап дүниені айтсашы сонда Өмірбек ағамыз не көрсетіп отыр, оданша сол шашылған дүниенін орнына неге жетім-жесірлерге бермейді. Солар бір тойып ішіп-жесе үлкен сауап емеспе.

Өмірбек мырза судын қасиетін айта бастаганда адам күлетін нәрсе, мысалы әр судын өзінін қасиеті, ем-шипасы болады. Ал Өмірбек ағамыздын айтуынша «жеті әулиеден су алып соны бұлаққа құямыз, сонда бұл судын кереметі деген (Алладан демейді) Жоғарыдан келеді» - дейді. «Бір әулиеден су аламыз деп едік ала алмадық себебі бала-шағасымен жаулап алыпты » - депті халыққа.

Абай бол, сұм тағдырға нана берме,

Қайраулы қылышына бара көрме.

Бал берсе, тағдыр саған у қосады,

Аңқылдап ауызыңа ала берме.

Қарап отырсаң кейде қайран қаласың, осы әулие ашылғалы бері 8 жылдан бері асып барады. Әйтеуір, сонау заманнан Абыл мен Қабылдан келе жатқан қызғаншақтықтың кесірінен зұлымдық, сатқындық, өтірік айту, бір-біріне қиянат жасау деген қалмай келеді. Неге ол, неге мен емес деген жаман пасық оймен адам баласы неше түрлі жаман атқа барады.

Бірақ сәттік, ғұмыр бізге сыйлайды,

Соның өзін бір-біріне қимайды.

Бірін-бірі жегідей жеп адамдар,

Бірін-бірі қанжылатып қинайды.

Әсіресе, біздің сорлы қазақ ру-руға бөлінеміз, жүз-жүзге бөлінеміз. Одан қала берсе, нағашы жиен, құда-жекжат деп бөлініп, бір-бірімізді түрткілейміз. Осы біздің қасымыздағы «Омар» салынғанда ел біледі түріктердікі екенін, шіркін-ай десеңші адам қызығады. Фундаментінен басталып көтерілді. Інілері, жиендері, ағайын-туысқан деп бірі келіп, бірі кетіп жатты. Дымы шықпады. Ал мына орыстардың шіркеуі неше жыл болды Лыткин спонсор болды. Шіркеу туралы бір сөз естідіңдер ме? Жоқ. Ал бір әулие ашылып еді, баяғы қазақ қырылып жатыр. Сонда бөтен емес жақын нағашым, көршім, кейін құда Асылбек деген жағаласты, одан Данияр қосылды, Науатханның да біраз кесірі тиді.

Адалмын деп ант ішкендер, бір айналып қас болар,

Кеше ғана тәп-тәуір жан – бүгін арам, лас болар.

Ертеңгіге есік ашар – қою түнге сенім жоқ,

Әйтсе де оның жақсы ұрығы жанға демеу ас болар.

Бұл әулие Асауан бабамыз халықтың игілігіне халыққа шарапаты тисін деп ашылған әулие. Бұл әулиенің шапағаты бәріне жетеді. Алла тағаланың құдіреті күшті ғой. Асылбекті, Даниярды, Науатханды даттамаймын. Алла сынағынан өте алмады. Себебі, қолдарында бәрі болды. Ақша, атақ, абырой, бірақ жүректерін арамдық, қулық, менмендік билеп алды.

Мәз болып күні-түні мал жаныңа,

Сенбедің бұл дүниенің жалғанына.

Не қылды, басқаларды қатал заман,

Оянып, бір қарашы жан-жағыңа.
«Жас Алаш» газеті. 21.09.2006ж. №76

«Мемлекеттік марапат туралы немесе «заңдастырылған» ұрылардың қатарында болғым келмейді» - деген Мұхтар Шаханов ағамыздың жазғанын оқ ыдым.

Рас, «Отан да өзінің дараланған ұл-қыздарын марапаттап отыруға тиіс екенін мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл таңдау өте әділетті жағдайда жүруі шарт. Қазір біздің елімізде кез келген үлкен дегейдегі заңдастырылған ұрының екі орден, үш медалі бар. Сол тізімнің арасында жүрмеу ар тазалығын сақтау ғана емес, еркектік бақыт та!» деген сөзі бар. Осы сөзіне қатты риза болдым. Шіркін, осындай азаматтарымыз аз ғой, еркек деп айтуға ұялмайсың. Намысты елім, халқым деген азаматымыздың бірі.

Осы бұрынғы аудан әкімі Рысмендиев Болат мырзаға мемлекеттік орден алды дегенін естіп, біраз Шулықтар күлді. Бір үлкен Белбасар ауылынан келген кісінің айтқаны:

- Болатқа орден беріпті, негізі нағашысы Қалмырзаев ұсынды дейді. Адам күлетін нәрсе. Не үшін берді? Шу ауданын талан-таражға салған үшін берді ме? Жоқ пенсионерлердің пенсиясын жеп қойғаны үшін берді ме? - деп әңгіме айтқан еді. Сонда еріксіз ой келді. Онда қандай сыбайлас жемқорлықпен Қалмырзаев «күресіп» жатыр? Әрине, Асылбекке ешкімнің тісі бата алмай отырғаны осы шығар. Бауырына сенеді ғой. Қазақ атамыз айтқан:

«Ет бұзылса, тұз себеді,

Тұз бұзылса не себеді» - деп.

Әрине Астанада отырғандар бұзылса біздің қолдан не келеді? Аудан тарапынан ,заңгерлерге не кінә қоямыз. Алла әруаққа табыс еттім.

Қолыма 22/106 16-30 қарашада 2007ж «Ислам және Өркениет» газетінде шыққан « Ұлы бабалар ізі қалған мекен» атты мақалада :

«Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барынша сәтті қызғылықты ұйымдастырылған екен. Соның бір ай ғағы Елбасының Әбу-Насыр Әл-Фарабидің қабіріне зиярат етуі болды. Ұлы ғұлама бабамыз өмірінің соңғы жылдарырында Дамаск қаласында еңбек еткенін білеміз. Ол 80 жасқа келгенде осы қалада бақилық болған. Қазір оның зираты Шағын қақпалар деген қаланың көне бөлігіндегі қорымда жатыр.

Осыдан кейін Президент Н.Назарбаевтың көртежі Бейбарыс сұлтан жәй тапқан қорымға бет алды.Ұлы қолбасшы, көреген саясаткер Бейбарыс сұлтаның 1223жылы туғандығы ғана емес, шапқыншылықта құлдыққа сатылған қазақ баласы екендігі де толық дәлелденген. Ол шашырап кеткен мұсылман елдерін темірдей тәртіппен біріктіріп, Каирде 1260 жылдан бастап патшалық құрған.Ол кезде Шам деген жалпы атпен қазіргі Сирия, Иордания, Ливан, Палестина, Израиль. Ол халифат деп аталған империясын 17жыл басқарған. Жиналған көпшілікке Бейбарыс сұлтан мемориалдық кешенін қайтадан қалпына келтірілетін жариялады.»

Өкімет басы Бас муфтий Әбсәттар қажы Дербісәлі Әулиеге зиярат етіп Алладан тілек тілеп ,әруақ тарға бата жасап жүргенде біздің имамдарымыз болмайды Аллаға шірік келтіріп отыр дейді.


«Әруақ, құдайдан бата алғандар»
Тағдырдың сыры терең жете алмаймыз,

Жұмбағын түгел тауып кете алмаймыз.

Керулі көз алдымда сиқыр перде,

Өлеміз, бірақ әрі өте алмаймыз.

Осы әулиеге Тараз қаласынан Надежда Яковлевна деген орыс әйел келді. Келгенде аяндықпен осы Әулие шақырған екен. Атаның түр түсін, қалай келгенін өмір-тарихын дәл айтқан еді... Сол күні түнеді, түнеп ертеңгісін айтты:

- Вы знаете Бейсен, у меня дар от Всевышного смотрите, - деді.

Дастархан үстіндегі алюмин қасық, темір қасық денесіне магнит ұқсап жабыса кетті. Алланың берері көп, құдіреті күшті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет