Асылбек жұбайы Мұңлық әпкесі Үміт берген ас. 2004ж. Араққа салынып, анаша шегіп, ине салып жүрген Әздеров Мұхтар деген жігіт келді. Әкесі теміржолда жұмыс істеп, шешесі ХПП-да бухгалтер болып жұмыс істеген. Мұхтардың бірінші әйелінде – бір бала, екінші әйелінде – екі қызбен ажырасып кеткен. Содан шешесі ілестіріп келген.
- Не істеймін, апармаған жерім жоқ. Бұл да бір шіріген жұмыртқа болды. Не көмегің бар? – деп келген еді. Бұдан кейін күзде қатты ауырып, дірідеп, қалтылдап келді.
- Аға, помогите! Я устал, больше не могу, - деп еді.
- Мұхтар, менің қолымнан не келеді? Міне тамағың, міне жататын жерің. Жат, көреміз! – дедім.
Нәр тартпай алғашқы күні судан басқа ешнәрсе ішпеді. Тамақ ішерде қолы дірілдеп, қасық ұстай алмай отыратын. Екі балам суын, шәйін алып беріп дәретке бірге барып жүрді. Үш-төрт күннен кейін өз-өзіне келе бастады. Жайлап құран-намаз үйренді. Сөйтіп, бізбен бірге ораза ұстап, темекісін қойып, кейде қонып қалып, кейде үйіне барып жүрді. Осында Әділбековтер әулиеті келіп тұратын. Марқұм Мейірхан тоғайда бұзылған мектепті сатып алып, Алла ризалығы үшін мешіт ашып, бала оқытатын медресесі бар еді. Бұрынғы Талғат деген молда бала елдің анау-мынау сөзіне ілесті ме, әйтеуір мешіті жабылып қалған екен. Бибінұр апамыздың күйеуінің істеген жақсылығына мен өзім іштей риза болып, талай елдің сауабын алды ғой деп, әруақ ырза болмай, тірі байымайды, - деп сол мешітке Мұхтарды азаншы ретінде ұсындым. Құдайға шүкір, жаман болған жоқ. Қазір намазы бар, аузында құраны бар, иманды жігіт. Базарда діни кітаптар сатады.