Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын


Бейсен, Дэл, Мәкен Уақтегі. 2007ж



бет23/26
Дата28.02.2018
өлшемі4,08 Mb.
#38324
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Бейсен, Дэл, Мәкен Уақтегі. 2007ж.
Соның ішінде:

- Мен бір үйде қонақтамын. Ол кісілер бұл жерге қарсы, дұрыс емес, «шірік» атайды. Атадан келе жатқан салт-дәстүр- дейді.

Дэлге кімнің үйінде тұратынын сұрастырып едік Сах-заводта тұратын Зейнулқожа екен.

- Ата-баба дәстүрі емес, әулиелерге барып тілек тілеп, Алладан сұрайды. Салт-дәстүріміз деген, мысалы, қыз ұзату, той жасау, сүндет той, аталарымыз жауға шапқанда «әруақ!» деп шапқан. Былайша айтқанда ұранымыз. Сол Зейнулқожа қайдан шыққан? Әрбірден кейін осы арабтар емес пе аталары? Дэлмен біздің ой-пікірлеріміз бір жерден шығып отырды.





Қайрат. (ортада) 2006ж.

Қайрат және анасы Бәтима Шалданбаевтар көп көмек көрсетті.Наурыз, ас бергенде ат салысты.
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,

Жақсы әйел әмма жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

Қыранның қырдан байқар баласындай.

Жаман парқы жақсымен бірдей емес,

Жақсы жігіт елінің ағасындай.

Жақсының сөзін әркім пайдаланар,

Миуалы алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр,

Жүрер жолдар тал түсті адасып-ай.

Жақсы адам қай жерден ажырайды,

Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.

Жамандар - өтірікші, өсегі көп,

Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,

Жанбай қалған ағаштың шаласындай.

Соқтығып әркімге бір ұрынады,

Сиырдың тентек болған танасындай.

Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,

Жылқының қотыр болған аласындай.

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

Жұғымды болар елге еркесіндей,

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

Жақсы болар баланың жүзі жақсы,

Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.

Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай.

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман» деген мақал

Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек-аян айтып жүрер,

Ешкімнің білмесе де қылмысын-ай,

Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,

Ақылы ауысқан адамның жындысындай.

Екеуін салыстырып әдейі айттым,

Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай.

Сүйінбай Аронұлы
Деректі заңды құжаттармен жиналып жазылған осы кішкене кітап аз да болса халық алдына таразылауға жазылды. Ертеңгі күні таң қалмаспын егерде Асылбек те, Данияр да Бейсеннен «қай жеріміз кем» деп отыра қалып кітап жазса. Осы кітаптін алғашқы даналары шығып жатқанда ЖОТРК-а қызметкері Сайлаубеков Даниярды қайта-қайта теледидардан көрсетіпті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет