7 апта: 1 кредит сағат Практикалық сабақ тақырыбы:Талапты басшы қандай болуы керек? Практикалық сабақ мазмұны:Ұжым жұмысының жақсы жолға қойылуы, ұжым мүшелері арасында кінәратсыз ахуалдың қалыптасуы басшының басқару әдісі мен іс-әрекетіне, мінез-құлқына тікелей байланысты.
Әрине, басқару – кең көлемдегі түсінік, жұмысты жоспарлау, дер кезінде жүзеге асыру, жұмыстың нәтижесін бағалау, шешім қабылдау, жоспарланға жұмысты ұйымдастыруға білікті мамандарды тарта білу – осының баршасы басқару жүйесіне енеді.
Қазіргі замандағы проблемалардың бәрі де күрделі, демек, қандай бір іс үшін оп-оңай рецепт, жеңіл жол жоқ. Талапты, өз ісіне білікті басшы дер кезінде нақты әрі тұжырымды шешім қабылдай алады.
Істің оңға басуының бір тетігі – жоспарланған жұмысты осы салада тәжірибесі мен білімі бар маманға тапсыру. Ал қолынан іс келмейтін, тапсырманы орындауға үстіртін, жүрдім-бардым қарайтын кісіге жүктесеңіз, онда сіз өз қарамағыңыздағы қызметкерлер айтқан сыннан қрқасыз, оның үстіне жоспарлы жұмыстың қажетті деңгейде орындалмайтыны да анық.
Жұмысты бір адамға тапсырғанымен, білікті басшы оның жүзеге асырылуына өзі де қатысып, әрі орындалу барысын ұдайы қааадағалап отырады.
Соңғы шешімді қабылдар алдында өкілеттігі бар адамдармен тағы дар бір рет ақылдасып, кеңесіп алған жөн.
Жеке-дара билік басшы мен ұжым арасындағы түсінікке кедергі келтіреді. Қарамағыңыздағы адам бұндай жағдайда сіздің алдыңыздан тезірек кету үшін жалған ақпарат беруі әбден мүмкін.
Жақсы, лайықты басшы қоғам өміріндегі, ғылым мен техникадағы басты, әрі басым бағыттармен танысып, оларды өз жұмысына енгізуге ұмтылады.
Сөздікпен жұмыс
Кінаратсыз ахуалдың қалыптасуы – формирование здоровой атмосферы
Тікелей байланысты – непосредственно связано
Тарта білу – привлекать
Жолға басу – наладить
Қолынан іс келмеу – не уметь работать, некомпетентный
Ұдайы – постоянно, систематически
Тапсырманы орындауға үстіртін қарау – поверхностно, безответственно относиться к своим обязанностям
Қадағалау – контролировать
Оп-оңай – очень легко
Тетік – механизм
Өкілеттігі бар адамдармен – с компетентными людьми
Жеке дара – персонально, отдельно
Қарамағыңыздағы адам – подчиненный человек
Сіздің алдыңыздан тезірек кету үшін – чтобы быстрее уйти от вас
Лайықты басшы – достойный руководитель
Енізуге – внедрять
Ұмтылады – стремиться