Практикалық сабақ мазмұны: 1.Сәлемдесу.Қоштасу:Танысу
2.Визит карточкасы
3. Іскерлік әдеп
4.Жаңалықтардан дер кезінде хабардар болу – заман талабы
5.Маманды қалай таңдайсыз?
6. Жарнама жасау
7.Талапты басшы қандай болу керек?
ОЖСӨЖ мазмұны: 1.Өтілген тақырыптар негізінде құрастырылған тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары 1. «Возле министерства» деген тіркестің дұрыс баламасы
2. Төмендегі хабарландырудың қайсысында жұмысқа шақыру туралы айтылған? А) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі бөліміне қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін, жоғары білімді маманды жұмысқа шақырады
Ә) Назар аударыңыз! Абай даңғылының бойында «Руханият» кітап дүкені ашылды. Жаңа әрі мазмұнды кітаптарды сатып алуға шақырамыз.
Б) Білім және ғылым министрлігінде қазақ тілін жеделдетіп оқытукурсы ашылды. Біздің мақсатымыз – тілді жеңіл әрі жылдам үйрету. Мемлекеттік тілді меңгеруге ынтасы бар адамдарды шақырамыз!
В) Қараша айының 10-ынан бастап М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының жаңа маусымы ашылды. «Абылай хан» қойылымын көруге шақырамыз!