13-апта
1 кредит сағат
13-практикалық сағат
Тақырып: ҚР Еңбек кодексі
Практикалық сабақ мазмұны:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Кодексі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі төмендегідей 6 бөлімнен тұрады:
Жалпы ережелер
Еңбек қатынастары
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері
Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау
Мазмұны 40 тарауды құрайды. Әр тараудың бірнеше бабы бар, барлығы 341 бап.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қызметкерлерге берілетін демалыс түрлері туралы 110-114 баптарда толық мәлімет берілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сай қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары
әлеуметтік демалыс
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы)мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, бала күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
Қызметкерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
жалақы сақталмайтын демалыс
оқу демалысы
баланы тууға, жаңа туған баланы асырап алуға
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру тәртібі
Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.
Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін
Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.
еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігі тараптардың келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады.
еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін
он сегіз жасқа толмаған қызметкерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |