Ішек түйілуі. Бұл ауру (ileus) ащы және тоқ ішектердегі заттардың қалыпты жолмен жылжу мүмкіншілігінің, яғни ішектердің өткізгіштік қасиеттерінің, толық немесе жартылай бұзылуымен сипатталады. Бұндай жағдай негізгі екі себептен туады. Біріншісі механикалық себеп, ал екіншісі — ішектің қозғалу қызметін реттейтін нерв жүйелері қызметтерінің бұзылуы (паралитикалық себеп). Ішек түйілу ауруы жедел хирургиялық сырқаттардың арасында 7-10 % шамасында кездеседі және ол еркек жынысты пациенттерде жиірек байқалады. Шамамен бұл ауруға шалдығу жиілігі ер адамдарда 55%, ал әйелдер 45% құрайды және ауру, көбінесе, 60-тан асқан адамдарда жиі кездеседі (35-40%). Іш түйілу ауруынан болатын өлім жиілігінің көрсеткіші, өкінішке орай, өте жоғары, атап айтқанда, 20-25% аралығында болып тұр
4 сағат
2.
Перитонит.
Перитонит (лат. perіtoneum — іш перде) — іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы. Перитониттің біріншілік және екіншілік ретінде пайда болатын түрлері бар. Күнделікті өмірде жиі кездесетін түрі — екіншілік Перитонит (99%). Ауру іш қуысында жатқан органдардың қабынуынан (соқыр ішек, холецистит, аднексит, т.б.) іш пердеге әр түрлі инфекцияның (ішек таяқшалары, стафилококк, стрептококк,протей, т.б.) түсуінен, ішкі органдардың жарақатынан (ішек түйілу), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының тесілуінен болады.
4сағат
3.
Өкпе және плевра аурулары.
Өкпе абсцесі және гангренасы. Өкпе абсцесі (abscess) деп өкпе тініндегі ішіне ірің жиналған және жан-жағындағы тіндерден шектелген, қуысты айтады. Өкпенің өліетгенуі немесе гангренасы (gangrena) өкпе тінінің көлемді бөлігінің некрозымен сипатталады.
Жедел іріңді плеврит. Плевра эпиемасы. Жедел ірінді плеврит — висцералды және париеталды плевралардың жедел қабынуы. Қабыну ірінді экссудат пен сипатталып, плевра қуысында ірің жиналған жағдайды плевра эмпиемасы деп атайды. Медициналық әдебиет көздерінде, көбінесе, «ірінді плеврит» пен «плевра эмпиемасы» терминдері синоним ретінде пайдаланылады.
4 сағат
4.
Қан тамырларының тромбозы мен эмболиясы.
Хирургиялық клиникаларда қан тамырларының тромбозы мен эмболиясы өте қауіпті және ауыр асқынулардың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда мезентериалдық қан тамырларының және өкпе артериясының тотальді тромбоздары мен эмболиясы пайда болған жағдайларда 80-90%-да олар ауру адамдардың өлімдерімен аяқталады. Ал клиникаларда орындалатын әртүрлі операциялардан соң болатын өлім себептері арасында тромбоз бен эмболия 3,92 — 23% аралықтарын құрайды.
4 сағат
5.
Тік ішек аурулары.
Геморрой бұл артқы өтіс жолындағы варикоздық веналар,олардың кішкентай түйіншек немесе ұсақ шар тәрізді шығуы. Геморрой тік ішектің жиі кездесетін ауруы. Ол ересек адамдардың 10%-да байқалады, ал тік ішек ауруларының арасында геморройдың үлесі 40% құрайды.
Жедел және созылмалы паропроктит Тік ішек айналасындағы тіндердің қабынуы. Этиопатогенезі: Спецификалық емес: ішек таяқшасы, стафило-стрептококктар, анаэробтар, энтерококктар. Спецификалық: туберкулез, мерез, актиномикоз бактериялары.
4 сағат
6.
Сүт бездерінің аурулары.
Сүт бездерінің жарақаттары (травма).
Қабыну аурулары: жедел жене созылмалы маститтер.
Мастит (Mastitis) – сүт безінің қабынуы, лактация, іске қосу және құрғақ кезінде пайда болуы мүмкін.