Емдеу мекемелерінде науқастарды күтудің тәжірибелік дағдыларын және теориялық негіздерін оқыту:
Кәсіптік этика және деонтология принциптерін оқыту:
Манипуляциялар техникасын жүргізу және мейірбике ісін жүзеге асыруды оқыту.
Бұл мәселені іске асыру үшін келесі жағдайлар өте тиімді болып саналады:
Мейірбике тәжірибелік қызметінің стандарттарын қолдану;
Клиникалық жағдайларды жағдаяттық тапсырмалар мен ролді ойындар түрінде үлгілеу;
Пікірлесуді, науқастың қажеттілігін анықтап, мәселелерін шешу үшін «пациент-мейірбике» шағын топтар мен жұмыс жүргізу.
2.Модуль сипаттамасы: 2.1. «Жалпы хирургия,анестезиология және реанимация» пәнді басқаруды жүргізу бойынша ҚР-ның нормативтік құжаттар мен бұйрықтарымен жұмыс жүргізу;
2.2.Төтенше жағдай ошағында әр түрлі зақымдау факторлары кезінде тұрғындарға кез-келген қайғылы жағдайдың қауіпін ескерту дағдысы мен біріншілік және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
3.Модульдің міндеті және мақсаты: 3.1.Мақсаты:болашақ маман бойында кәсіби құзыреттілікті (базалық және кәсіптік құзыреттілік дағдыларын дамыту) қалыптастыру.
3.2.Модульді игерудің міндеттері: Терапиялық аурулардың теориялық білімін арттыру;
3.2.2.Терапия мамандығы бойынша санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу;
3.2.3 Медициналық статистика әдістері бойынша тұрғындар денсаулық көрсеткіші туралы жоспарлау, бағдарлама жасау, есептеу, қорытынды жасау және іс-жүзінде қолдану;
3.3.Модульді игерудің нәтижесі: 3.1.Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу бойынша әр түрлі көздерден
алынған ақпаратты іздейді және сыни бағалайды сау және науқас адамдар үшін дұрыс
тамақтану және дұрыс тамақтану статусына ұсыныстар бере алады
3.2.Денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу бойынша зерттеулер жүргізу
бойынша шешім қабылдайды
3. Әртүрлі көздерден дәлелді медицина бойынша ақпаратты пайдалана отырып, Жеке
тұлғаларға кеңес беру, нұсқау беру және оларға қолдау көрсету қабілетін көрсетеді.
3.3.Қауіп факторларының тиімді мониторингін, әртүрлі қауіп тобындағы пациенттер мен
адамдарды бақылауды жүзеге асырады.Азаматтардың мүмкіндіктері мен қатысуын кеңейту, жеке тұлғалардың, отбасы мен топтардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту арқылы салауатты өмір салтын, алдын алу және өзіне-өзі көмек көрсету шараларын насихаттау қабілетін көрсетеді.