Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б


Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері



бет10/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,26 Mb.
#6957
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері.

1.Отбасын зерттеу мақсаты, зерттеген ғалымдар.

2.Отбасын зерттеу әдістеріне сипаттама.

Әдебиеттер:

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студентов сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.

2. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс. Оқу құралы.Астана.2005.-180 б.

3. Зверева О.Л., Ганичева А.Н. Семейная педагогика и домашнее воспитание. М., 2000 г.

4.Клюева Н.В. Психолог и семья: диагностика, консультации, тренинг – Ярославль, 2002 г.

5.Монахова А.Ю. Психолог и семья: активные методы взаимодействия – Ярославль, 2004 г.

6.Семья в 2-х частях, сост. Андреева.

Отбасы институты әлі толық зерттелген жоқ.. Ондағы өмірлік әрекеттері, құндылықтар, құпиялығы сақталып ,бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауды қаламауы байқалады. Отбасындағы барлық адамдарды зерттеу қиын.Сондықтан ең дұрысы отбасы мүшелерін зерттеуге қатыстыру.

Отбасын зерттеу мақсаты: отбасындағы кері әсерлердің ықпалынан туындататын мәселелерді табу, көмек беру жолдарын белгілеу. Ол үшін психолог отбасын зерттеу әдістерін білуі керек.

Отбасы мәселелерін зерттеген ғалымдар: Е.П. Арнаутова, Л.В.Артюнова, В.В. Котырло, С.А. Ладывир, В.И. Безлюдная, Г.Н. Грен, Н.А. Стародубова, Г.В. Лушина, В.М. Иванова, М.Р.Битянова т.б.

Битянова М.Р. ұсынған психодиагностикалық қызметті ұйымдастырудың келесі принциптерін басшылыққа алуға болады :



        1. Баланы тиімді психологиялық сүйемелдеудің мақсаты мен міндетіне нақты әдістемелер мен тәсілдерді таңдау;

        2. Тексерудің қорытындысы басқаларға түсінікті тілде, аударуға жеңіл болып құрылуы қажет;

        3. Пайдаланған әдістемелердің болжамы, яғни олардың негізінде әрі қарай оқыту мен тәрбиелеу кезеңдерінде баланың даму ерекшеліктерін болжай алу;

        4. Әдістің жоғары дамытушы потенциалы;

        5. Процедураның үнемділігі. Жақсы әдістеме жеке де, топтық нұсқада да қысқа көпфункционалды процедура болуы керек, жекелей, әрі топтық нұсқаларда болуы, алынған мәліметтерді бағалауда біркелкі және жеңіл болуы тиіс.

В.В. Котырло және С.А. Ладывир отбасын зерттеуді төмендегідей жоспар бойынша жүргізуді ұсынады:

1. Отбасының типі, құрамы, айналысатын кәсібі, білімі;

2. Отбасындағы микроклимат, қарым - қатынас ерекшеліктері;

3. Отбасындағы бала тәрбиесі;

4. Отбасы мүшелерінің денсаулығы;

5. Педагогикалық- психологиялық білімі, тәжірибелік іскерлігі ;

6. Ата- аналардың өз міндеттерін, рөлін түсінуі ;

7. Тәрбиелік ықпал жасау ерекшеліктері.

Зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық деңгейде қолданылады. Эмпирикалық жолмен отбасын сипаттауға мүмкіндік беретін нақты әдістер арқылы материалдар жинастырылады. Теориялық деңгейде саралау, салыстыру , қортындылау, жүйелеу әдістері қолданылады.

Отбасының зерттеу әдістерінің түрлері:

1.Бақылау әдісі;

2.Әлеуметтік сауалнамалар, анкеталар;

3.Интервью;

4.Тренингтер өткізу;

5.Жағдаяттар шешу;

6. Шығарма жазу;

7.Сөйлемді жалғастыру;

8.Сурет салу әдісі т.б.

Диагностикалық жұмыс бақылау әдісінен басталды.

Бақылау–зерттелуші объектінің мақсатқа бағытталған, арнайы ұйымдастырылған зерттеу түрі. Бақылау табиғи жағдайдағы ата-ана мен баланың психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Бақылау барысында біз өз назарымызды ата-ананың баламен қарым-қатынастына, оның сәттіліктері мен сәтсізділігіне, реакцияларына, ата-аналардың балалар өміріне араласуына көңіл аудару т.б. Балалардың құрбылармен қатынасы қандай екенін біліп, ойын немесе сабақ кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктерін анықтап, мәліметтер жинастыруға болады.

Анкета арқылы нақты сұрақтарға мәліметтер жинастырылады.Анкета екі түрге бөлінеді:

1.Тікелей анкета;

2.Сырттай анкета.

Анкетаның сұрақтары үшке бөлінеді:

а/ Ашық сұрақ – сұраққа жауап беру.

ә/ Жабық сұрақ – жауап нұсқалары бар сұрақтар.

б/ Аралас – жауап нұсқалары бар және өз пікірін жазу керектігі.

Эксперимент жұмысы екі бағытта жүзеге асырылды. Бірінші бағытта ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас жағдайы, екінші бағытта ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдері анықталып, қорытынды жасалынды.

Сурет салу әдісінде балаларға өз отбасының суретін салғызу арқылы оның отбасындағы орнын, отбасының жағдайын, баланың отбасында кімді жақсы көретінін,т.б. байқауға болады. Сурет бойынша сұрақтар қойып кейбір мәселелерді анықтаған жөн. Тәжірибеде сурет салу әдісі жиі қолданылады.

Мысалы, «Отбасы және оның балаға әсері» атты А.Ю. Монаховтың суретті тесті. Тесттің қорытындысы бойынша бала тәрбиесімен әкеге қарағанда ана көбірек айналысатынын анықтауға болады.

Отбасындағы қарым-қатынасты, баланың алаңдаушылық деңгейін, отбасы мүшелерін қабылдауын анықтау мақсатында Р.Бернс пен С.Кауфманның «Отбасының кинетикалық суреті» тестісін қолдану маңызды. Бұл тест зерттелінетін отбасының субьективтік жағдайлары туралы толық мәлімет береді. Тесттер – тұлғаның жеке психологиялық қасиеттерін сонымен қатар, білімін, қабілеттері мен дағдыларын салыстырмалы көлемде өлшеу үшін арналған стандартталған тапсырмалар.

1.Оқушыларға сурет салу үшін ақ қағаз, қарындаш және өшіргіш берілді. Содан кейін өз отбасының суретін, ондағы отбасы мүшелерінің немен айналысатыны туралы бейнелеуге тапсырма берілді. Тестті өткізу кезінде оқушының барлық сұрақтарына жауап беріледі. Мысалы, «қалай салғың келеді, солай сала бер» (сурет салу кезінде оқушының барлық әрекеттерін жазу керек: суретті түсіндіруін, ишарасын, ымдарын, т.б.).

2.Оқушы суретті аяқтап болғаннан кейін, оқушымен келесі сұрақтар бойынша әңгіме жүргізілді:


    • Суретте кім бейнеленген, отбасының әрбір мүшесі не істеп жүр?

    • Отбасының мүшелері қайда жұмыс істейді және қайда оқиды?

    • Отбасында тұрмыстық міндеттері қалай орындалады?

    • Баланың басқа отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы қалай? және т.б.

Отбасының кинетикалық суретін интерпретациялау кезінде келесі аспектілерге назар аударылады:

- отбасы суретінің құрылымын талдау (суретте отбасы мүшелерінің орналасу мен өзара әрекеттестігі);

- суреттегі бөлек отбасы мүшелері бейнесінің ерекшеліктерін талдау;

- бейнелеу процесін талдау (суреттің реттілігі, кідіріс, бейнелеу кезіндегі эмоционалдық реакциялары, өз суретін талдауы).

«Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесі бойынша 5 жағдай анықталады:

1) жағымды отбасылық жағдай;

2) отбасындағы алаңдаушылық;

3) дау-дамайлар болып тұратын отбасылар;

4)бір-біріне өшігу танытатын отбасылар;

5) отбасында өзін сенімсіз сезінетін жағдайлар.

Отбасында бала мен ата-ананың қарым-қатынасының қалыптасуын зерттеу үшін А.Я.Варга және В.В.Столинің ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын анықтау тестісін өткізуге болады. Тест 61 сұрақтар арқылы ата-ананың балаға қатынасының бес түрін диагностикалауға мүмкіндік береді: қабылдау –қабылдамау , кооперация, симбиоз, бақылау, баланың сәтсіздігіне деген қатынас.

1. Қабылдау – қабылдамау. Бұл шкала балаға деген эмоционалды жағымды немесе эмоционалды жағымсыз қарым-қатынасты көрсетеді. Шкаланың екі мазмұны болады: бірінде - бала ата-анасына қандай болса сол тұрғысында ұнайды. Ата-ана баланың жеке тұлғасын құрметтейді, оған жақсы қарайды, баламен бірге көп уақыт өткізуге ұмтылады, оның қызығушылығы мен жоспарын қолдайды, екіншісінде: ата-ана өзінің баласын жаман, қабілетсіз, жолы болмағыш ретінде қабылдайды. Оған өз баласы өмірде сәттілікке жетпейтіні оның төмен қабілеттілігі, ақылы мен мінез бітістері қалыптаспауынан және тағы да басқа себептерден көрінеді. Ата-ана өзінің баласына сенбейді және оны құрметтемейді.

2. Кооперация. Бұл шкала ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасауға тырысуын көрсетеді, ата-ана баланың жоспары мен ісіне қызығушылық танытады, балаға барлық жағдайда көмек көрсетуге ұмтылады. Ата-ана баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалайды, оны мақтан тұтады, баланың инициативасы мен дербестігін қолдайды, онымен бірдей деңгейде болуға ұмтылады. Ата-ана өз баласына сенеді, даулы жағдайларда оның көзқарасын қолдауға ұмтылады.

3. Симбиоз. Шкала баламен қарым-қатынаста тұлғааралық дистанцияны көрсетеді. Бұл шкаланың жоғары деңгейінде ата-ана өзінің баласымен симбиотикалық қарым-қатынасқа ұмтылады деп есептеуге болады. Бұл шкаланың мазмұны былай суреттеледі: ата-ана өзін баламен біртұтас етіп сезінеді, баланың барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысады, оны өмірдің қиыншылықтары мен жамандықтарынан қорғап қалуға ұмтылады, ата-ана үнемі балаға үрейлену сезімінде болады, оған дербестілікті ешқашан рұқсат етпейді, бала оған әрі кішкентай, әрі қорғансыз болып көрінеді.

4. Бақылау. Бұл шкала үлкендердің бала іс-әрекетін бақылауын, яғни ата-ананың балаға авторитарлы қарым-қатынасын көрсетеді. Ата-ана баладан сөзсіз тыңдау мен тәртіпті талап етеді. Бала өзінің еркін ойы мен көзқарасын айта алмаса, қатал жазалайды. Ата-ана баланың жетістіктерін бақылап, оның жеке ерекшеліктері, әрекеттерін, ойларын, сезімдерін реттеп отырады.

5. Кішкентай жолы болмағыш. Бұл соңғы шкала ата-аналар баланы өз жасындағы балалардан кішкентай деп, олардың қызығушылығы, ойы, сезімі әлі жетілмеген деп есептейді. Оның жеке тұлғалық, әлеуметтік жетістіктері төмен деп ойлайды. Сондықтан оны барлық қиындықтардан қорғаштап, барлық іс әрекеттерін бақылауға тырысады.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу үшін математикалық және статистикалық әдістер қолданылады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасын зерттеу мақсаты қандай ?

2.Отбасын зерттеу әдістері қандай?

3. Отбасын зерттеуде басшылыққа алатын принциптер қандай?

4. Отбасын зерттеуде қандай қыйндықтар кездеседі?

5. Отбасын зерттеуде жиі қандай әдістер қолданылады?

6. Отбасында бала мен ата-ананың қарым-қатынасын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолдануға болады?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Отбасы мәселелерін зерттеген ғалымдар ....

Отбасы мәселелерін зерттеу арқылы... ... анықталады.

Отбасы мәселелерін зерттеу ... деңгейден тұрады.

«Отбасының кинетикалық суреті» тестісін қолдану арқылы.... мәліметтер алуға болады.

А.Я.Варга және В.В.Столинің тестісі арқылы.... ... анықталады.

Отбасын зерттеуде жиі қолданылады.... әдісі.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу үшін ....және ... әдістер қолданылады.



Тақырып: Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдары.

1. Ата – аналардың педагогикалық мәдениеті туралы түсінік.

2.Педагогикалық мәдениетті жетілдіру жолдары.

3.Мектеп психологының отбасымен жүргізетін ағартушылық жұмыстары.

Пайдаланған әдебиеттер;

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студентов сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.

2. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс. Оқу құралы.Астана.2005.-180 б.

3. Зверева О.Л., Ганичева А.Н. Семейная педагогика и домашнее воспитание. М., 2000 г.

4.Клюева Н.В. Психолог и семья: диагностика, консультации, тренинг – Ярославль, 2002 г.

5.Монахова А.Ю. Психолог и семья: активные методы взаимодействия – Ярославль, 2004 г

6.Ж. Қ.Мукутова. Отбасындағы халықтық тәрбие құндылықтары, Көкшетау, - 2002, 33 бет.

Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр.

Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет.

Сондықтан оқу орындары ата- аналардың білімдерін жетілдіріп отыруға көмек көрсетулері керек.

Бұл жұмысқа педагогикалық ұжыммен қатар психолог,дәрігер, логопед ,т.б.мамандарды қатыстыруға болады.

Қазіргі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы педагогикадан, психологиядан, генетика, физиология, коррекциялық педагогикадан білімдерін жетілдіріп отыру маңызды іс.

Педагогикалық мәдениет–ол адамның жалпы мәдениетінің бір компоненті, ғасырлар бойы бала тәрбиесі жайлы жинақталған білім мен тәжірибе. Отбасындағы бала тәрбиесі ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейіне тікелей байланысты .

Педагогикалық мәдениет құрылымына жатады: бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, баланың дамуы, тәрбиесі, білім беру туралы білімдері, балалардың отбасындағы өмірін ұйымдастыру жайлы іскерліктері ,білім беру мекемелерімен тұрақты байланыс жасап отыру.

Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудің бүгінгі күнгі бірдей-бір ошағы-мектеп. Бұл ең алдымен, ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен, психологтан терең білімділікті қажет етеді.

Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың «тәрбиелік мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып тәрбиелеу»- деп айтуы балалар тәрбиесіне қатысты ата-аналар алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді.

Мектеп - балалар үшін де, ата-аналар үшін де үйтқы болатын орын. Ондай дәрежеде жету үшін мектептерде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бір сарынды, жаттанды жұмыстар болмауға тиіс.

Мектептерде тікелей ата-ананың білімін жетілдіру мақсатында өткізілетін жұмыс түрлері өте аз қарастырылатынын мойындауымыз керек. Олай болса, ата-аналарға педагогикалық білімдерін көтеруге көмекке келетін ортаның бірі-мектеп. Сондықтан мектеп өз жұмысында жақсы нәтижеге жету үшін ата-аналармен бірлесіп өз жұмысын ынтымақтастық негізінде құрағаны абзал.

Дегенмен бүгінгі отбасылардың қабілеттер мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады.

Біріншісі: отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылрдың ұлттық тәрбие алуымен қоса ең әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының мектептерге өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әртүрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын іріктеу және т.б. жүзеге асырылады.

Екіншіден: отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайдылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің дұрыс бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысықа келмеулері, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты әдебиеттерді аз оқитындары және т.б. арқылы айқындалады.

Отбасы тәрбиесін жетілдіруді мектеп пен отбасы ынтымақтастығын тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:

- тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы

тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру;

- мектеп отбасындағы педгогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната

отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік

жасау;

- мұғалім мен оқушыларың және ата-аналардың белсенділігін



мен шығармашылығын арттыруды демократияландыру.

Ш.Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілендіру тұрғысынан ұйымдастыра отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табуы үшін ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеруге және тәрбие тәжрибелерін алмасуда ата-аналарды отбасындағы бала санына қарай топтан жинаудың тиімді екендігін айтады.

Мектеп пен отбасының педагогикалық үрдістер өзара байланысты, жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдісі аясында жүреді.

Мектеп оқушылары отбасының пеагогикалық үрдісіне қатысатынын және осы үрдістің нәтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқартынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланыста болса, бала тәрбиесіндегі проблемалар дұрыс шешілері сөзсіз.

Ондай жұмысты басқаратын ата-аналар тобы.

Топтық жұмыстардың мақсаты мен нысаны ата-аналық тақырыппен шектелген. Топ ең алдымен балалар тәрбиесінің мәселелеріне араласумен айналысады, қатысушылардың тұлғалық мәселелері ата-аналардың проблемларының аясында ғана талқыланады.

Ата-ана-бала өзара қатынастардағы негізгі ерекшеліктерінің қандай екендігіне қарамастан, әлеуметтік қызметкерге өтініш білдірген ата-аналар әдетте дұрыс көзқарас ұстана бермейді, яғни оларды балалармен қарым-қатынастары тиімсіз болып келеді.

Ата-аналардың қарым-қатынасындағы бұрмалаушылығы бәрі психологиялық түзетудің көмегімен жөнге келтірілуі мүмкін.

Педагогикалық ағарту жұмысы мектептегі педагог- психологтың жұмысының басты бағыттарының бірі. Психологиялық -педагогикалық білім ата-аналардың педагогикалық ойлау дәрежесін көтеріп, педагогикалық іскерліктерімен дағдыларын жетідіру мақсатында ұйымдастырылады. Педагогикалық ағарту жұмысы тәрбиеде кездесетін қиындықтардың алдын алуды көздейді. Ересек адамдардың білім дәрежесін көтерудің ерекшеліктері бар. Олардың білім деңгейлерін жетілдіру үшін білім берудің белсенді әдістерін қолдану керек.

Дәстүрлі және дәстүрлі емес, бірлесіп ізденушілік негіздегі ұйымдастырылған жолдарына көңіл аударсақ, айырмашылығын төмендегі кестеден көруге болады:



Дәстүрлі жолдары

Ізденушілікпен ұйымдастырылған жолдары.

Психолог өзі идеяларды, түсініктерді ұсынады.
Ата-аналар негізгі идеяларды психологтың көмегі арқылы игереді.
Негізгі мақсат–педагогикалық іскерліктерімен,дағдыларды жетідіру.
Нақты ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылады. Қорытынды және ұсыныстар алдын ала жоспарланады.
Негізгі жұмыс формасы : лекция
Психикалық процесстер: зейін, қабылдау, есте сақтау.

Психолог қызметі- бәрін білетін адам.



Ата-аналар өздері немесе психологпен бірлесіп идеяларды, түсініктерді іздестіреді.
Ережелерді, заңдылықтарды, идеяларды өздері шығарады.
Жүйелі ойлау қалыптасады, қарама-қайшылықтарды өздері таба алады.
Шешім қабылдауда басты рөлді ата-аналар атқарады.
Іздену жолдары дискуссия, пікір алмасу, ойға сүйену.
Негізгі функциялар: көмектесу, қолдау, бағыт беру.


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формаларына: лекция, дискуссия, зерттеу, психологиялық тренинг, психологиялық ойын , тестілер т.б. жатады. Ондай жұмыстарға ата-аналар білімін жетілдіру университеттері, конференциялар, практикум, ролдік ойындар, педагогикалық пікірталас, ашық есік күндері, түрлі мәселелер бойынша кеңес беру, ата- аналар тобымен жүргізіетін тренингтерді жатқызуға болады.

Қазіргі кезде бұл іс бірталай мектептерде ойдағыдай өтіп жүр деп айта аламыз.

Олар: «Халық шежіресі-көне дәуірдің көзі» атты халықтық педагогикаға негізделген мектептері арқылы жүзеге асады.

Ата мектебі-«тал бесігі», ене мектебі - «ақ отау», әке мектебі – «ізбасар алқасы» құрылған.

Ата-аналар мен жұмысты жемісті жүргізу мақсатында «Біз қандай ата-анамыз?» деген, анкета таратуға болады. Ата-аналардың білім деңгейлеріне қарай топтастырып лекциялар, баяндамалар тақырыптары анықталады.

Лекция

Ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізіліп тұрады. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Лекция ата-аналармен жұмыс жасау әдісі ретінде өте танымал. Ол үлкен аудиторияда және жұмыстың басында тиімді және ақпараттың үлкен көлемін беруге мүмкіндік беретін жұмыс түрі.

Психолог көрнекіліктер мен қызықты мысалдардың көмегімен ата-аналардың күш салуларына бағыттайды .

Балалары оқуда үлгермейтін ата-аналарда оқуға қалай көмектесу, үйге берілген тапсырманың орындалуын қалай бақылап отыру туралы әңгімелеген пайдалы. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде, белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырылса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мектептерде ата-аналармен әңгімелер, әдетте мынадай тақырыптарда өткізіледі: "Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы", "Балаларды жанұяда еңбекке тәрбиелеу", Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу", "үйге берілген тапсырмаларды орындауда балаларға қалай көмек көрсетуге болады", "Балаларды мадақтау және жазалау шаралары туралы", "Үлкендерді сыйлауға үйрету", "Тіл алғыштыққа үйрету », "Бала тәрбиелеуде күн тәртібінің маңызы", "Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу туралы", "Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек", т.б.

Иллюстрация, интерактивті тақтаны қолдану арқылы психолог ата-аналардың назарын түрлі проблемаларды қойып, оларды шешуге ұмтылдырады. Лекция оқу барысында шығармашылық белсенділікті тудыру үшін: жеке тұлғаға бағыттау жолдары қолданады. Мысалы, сіз лекцияны мынандай тақырыпта оқығыңыз келді: «Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына отбасының ықпалы ». Сіз аудиторияға келіп бір парақ қағазды

таратасыз, онда мынандай сұрақ қойылған: « Қазіргі отбасында бала тәрбиесінде қандай қиындықтар кездеседі?» Ата-аналар кім екендерін жазбауларына болады. Бұл мәселе бойынша түрлі жауаптар қабылданады. Лекция осылай басталып бала тәрбиесі жайындағы мәселелер бойынша әңгіме жалғасады. Лекция соңында рефлексия жасау маңызды.( Бүгін біз қандай жаңалықтар білдік, тәжірибеде оларды қалай іске асырамыз т.б.).

Ата-аналармен жұмыста әр-түрлі белсенді әдістерді қолдануға болады. Олар: әңгімелер мен лекциялар, дискуссия, зерттеу, психологиялық тренинг, психологиялық ойындар және тестілер болып табылады.

Дискуссия

Топтық дискуссия – пікірталас тудыратын мәселе бойынша ой қозғау, шындықты айқындау, немесе пікірді, ұстанымды өзгерту. Топтық дискуссия проблеманы жан-жағынан көруге мүмкіндік береді. Өткізу формасы: «Дөңгелек үтел», «Форум», «Симпозиум», «Дебат».



Зерттеу әдісі.Зерттеу әдісі негізінде жиналған мәліметтер, білімдер тәжірибеде орын алған пікірлерге қарағанда нәтижелі, әрі шындықка жақын. Нақты бірлесіп шешуді қажет ететін проблемалар, түсінбеушіліктер, конфликтер (« сыныпқа келген жаңа бір оқушыны басқа оқушылар қабылдамай қойды»; « сыныптың беделін қалай көтеруге болады» және т.б.) келесі схема бойынша шешуге болады: проблемамен танысу, эвристикалық сұрақтар қою арқылы, қызықты тапсырмаларды орындау, мини-эксперимент жүргізу, «парадоксалдық жағдай».

Ата- аналар жиналысын өткізу әдістемесі.

Ата -аналар жиналысы –бұл адамдар тобының бірлесіп балалар тәрбиесіне қатысты түрлі проблемаларды шешу мақсатында біріккен. Ата- аналар жиналысы екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім ,барлығына ортақ мәселелерді шешуге арналған, екінші бөлімде жеке ата-аналармен жүргізілетін жұмыс. Мектеп бойынша екі рет, сынып бойынша төрт рет өтеді. Ата - аналар жиналыстары нәтижелі өту үшін олар өзекті мәселелерге арналуы қажет. Үнемі үлгерім , тәртіп туралы мәселелер талқыланып , нашар оқитын балалардың аты атала берсе ата- аналар ондай жиналыстарға келмейді. Одан да үлгерімді қалай жақсартуға болады, осы салада қандай жақсы тәжірибелер бар, оқушыларға қалай көмектесуге болады т.б. өзекті мәселелер қарастырылуы тиімді. Әрбір сыныптың проблемаларын шешуге тырысқан жөн.Осы орайда педагогикалық жағдаяттарды шешіп, пікір алысуда пайдалы. Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізудің тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты- ата- аналардың педагогикалық-психологиялық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру,жетілдіру.

Ата- аналар жиналыстарын өткізуде ата аналар комитетінің мүшелерін қатыстыруға болады.

Педагог-психолог жалпы мектеп жиналыстарының өту графигін, сонымен қатар мұғалімдердің сынып жиналыстарына бару графигін құру керек. Тәжірибелі педагогтар жиналыстың сәттілігі көбінде оның дайындығымен қамтамасыз етіледі деп есептейді. Біріншіден, өткізілетін жиналыс мазмұны туралы олармен алдын ала кездесуде ата-аналарға хабарлайды. Ата-аналарда ойланатын сұрақтарды ұсыну керек. Кейде жиналыста оқушылардың жұмысы көрмеде көрсетіледі, балалар өз күштерімен жасаған орындаулар дайындайды. Жиналыс 1 сағаттан – 1 сағат 30 минуттан аспауға тиіс. Ата-аналар жиналысы тиімді болады, егер де:

• Ата-аналардың интеллектуалдық және эмоционалдық ресурстарына бағдарланса. Ата-аналар жиналысына ләззатпен, қағанатпен келу – бұл да аз емес.

• Мына принциптеге сүйену қажет:

― белсенділік (ата-аналар тілектеріне жүгіну);

― үйлесімділік (бірлесіп шешімді қабылдау мен бірлескен күш салуларды талап ететін мәселелерді талқылауға алу);

― маңыздылық (талқылауға алынған тақырып, мәселесі іштен қабылданатын және өзекті болуы қажет);

― нәтижелілігі;

― қызметтестік (балалар мәселелерін шешудегі бір-біріне көмектің, күш салулардың бірлесуі; отбасындағы бала мәселелерін ата-аналар шешсе, оқу мәселелерін – мектеп екендігін түсіну).

Бұл принциптерді іске асыруда төмендегі шарттарды ескерген жөн.

• Тек қана маңызды жиналыстарды өткізу қажеттілігі анық.

• Барлық техникалық жұмысты өткізу және ата-аналарға тақырыпты алдын ала айту.

• Ата-аналар жиналысын уақытысында бастау және аяқтау.

• Пікірлер мен ұсыныстардың алмасуын ұйымдастыру.

• Келісімге емес, әртүрлі көзқарастардың интеграциялануына ұмтылу.

• Рефлексияны өткізу.

Ата-аналар жиналысындағы талқылауға алынатын тақырыптардың маңыздылық деңгейін ескеру керек .

Сонымен, тақырыптар мен мәселелер міндетті түрде ата-аналардың тәжірибелері, тілектерінен туындауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет