Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б


Диктат деген қатынас ата - аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қойады



бет8/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,26 Mb.
#6957
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Диктат деген қатынас ата - аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қойады. Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.

Опека диктатқа қарама қарсы- қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.

"Араласпау"- бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.

С. Броди ананың қатынасында төрт түрлі типін белгілеген:

1.Бірінші типтегі аналар баланың ыңғайына оңай көніп келісе салатындар. Баланың өсіп жетілуін күтіп еш нәрсеге үйретпейтіндер.

2.Екінші типтегі аналар баламен қарым-қатынас жасауда өзінің ойын іске асыруға тырысқандар.

3.Үшінші типтегі аналар баланың қызығушылығына көңіл бөлмейтіндер,олар өзінің міндетін алға қойатындар. Балаға қатал талап, қадағалауды қалайтындар.

4.Төртінші типтегі аналардың балаға көңіл бөлуі тұрақсыз, балаларын түсінбейтін, тәрбиелеуде көп қателіктер жіберетін.

С. Бродидің пікірі бойынша төртінші типтегі аналардың баламен қарым- қатынас жасау стилі зиянды көңіл бөлуі тұрақсыз болғандықтан балада қоршаған ортаға сенімсіздік, үрей, қорқыныш сезімдер басым болып келеді.

В.М. Минияров отбасындағы тәрбиеде жеті түрлі стильдерге тоқталып, оларға байланысты баланың тұлғалық дамуында жеті әлеуметтік-психологиялық типтері байқалады деген: жанашырлық стиль, босқа қоя беру стилі, жарысу стилі, ақылмен ойластыру стилі, қатал қадағалау стилі, ескерту жасау стилі, үйлесімді стиль.

Жанашырлық стильде бала өзімен -өзі болады, ата- аналардың қолдары тимегендіктен. Жазалауды, мадақтауды қолданбайды, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оларға қолдау көрсетіп, жақсы үлгі- өнеге көрсетеді.

Босқа қоя беру стилінде баланың іс әрекетін ешкім қадағаламайды,баланың қызығушылығына, қажеттілігіне көңіл аудара қоймайды, жұрттың көзінше тәртіп сақтауды талап етеді. Балаға еркіндік беріледі.

Жарысу стилінде ата-аналар өз балаларының бойынан басқаларға ұқсамайтын ерекшеліктерді іздейді. Балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің болуына мән бермей, тек олар басқалардан артық, ерекше көрінуін қалайды.

Ақылмен ойластыру стилінде балаға бостандық беріледі, бала өзі іздену, талпыну, қателісу арқылы тәжірибе жинақтайды. Шыдамдылықпен баланың барлық сұрақтарына жауап береді, оларға құрмет көрсету, олар мен санасу арқылы қарым-қатынас жасайды.

Ескерту жасау стилінде ата-аналар балаларының өз бетімен әрекет жасауларын қаламайды, балалар белсенділік танытпайды. Балаларға шексіз махаббат көрсетіледі, олардың айтқандарын үнемі орындауға тырысып отырады.

Қатал қадағалау стилінде ата-аналар өз балаларына еркіндік бермейді, барлық әрекеттерін қадағалап отырады. Жиі жазалайды, өте сирек мадақтайды.

Үйлесімді стиль жоғарыда көрсетілген стильдердің ең жақсы деген жақтарын жинақтаған стиль. Балалар ата-аналардың үлгі- өнегесіне еліктейді, олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасалады.

А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасады деген пікірді айтып, оларды екіге бөледі. Дұрыс тәрбие түрлеріне шынайы махаббат, сенімділік, мейірімділік, шамасына қарай талап қою, жиі-жиі жақсы қарым-қатынаста болу,баланың өміріне,дамуына жауапкершілікпен қарау. Дұрыс емес тәрбие түрлеріне шектен тыс қадағалау,күң ретінде тәрбиелеу, қатігез тәрбие, ұрып-соғу, жоғары моральдық жауапкершілікте тәрбиелеуді жатқызады.

1.Шектен тыс қорғаштау-бұл балаға өзіндік әрекет жасауға ерік бермейді, баланың барлық уақытын ата-ана алдын- ала жоспарлап,ойластырып қояды. Мұндай жағдайда өскен бала өз бетінше шешім қабылдай алмай, өз күшіне сенімсіз, жасқаншақ болып өседі.

2.Күң (золушка) ретінде тәрбиелеу-мұндай қарым-қатынаста бала әкесі мен шешесінің жақсы көрмейтіндігін, олар үшін ауыртпашылық екендігін сезеді. Мұндай қарым –қатынаста тәрбиеленген бала, кез келген бақытсыздықты, күйінішті жүрегіне жақын алатын болады және бүкіл әлемге ашулы болып келеді.

3.Қатігез тәрбие-кез-келген кішкентай олқылыққа баланы өте қатты жазалау.Сондықтан бала қорқынышты өмір сүреді.Мұндай қатынаста өскен бала ашушаң, қатігез болып өсуі мүмкін.

4. Жоғары моральды жауапкершілік жағдайдағы тәрбие-бұл қатынас түрінде баладан кішкентайынан үлкен жауапкершілікті талап етеді, немесе баланың жасына сай келмейтін жұмыс түрлерін баланың мойнына жүктейді. Мұндай қарым-қатынаста өскен балада әрқашан туғандары үшін қорқыныш сезімде болады.

5.Балаға кері әсерін тигізетін қарым-қатынастың тағы бір түрі-зорлық-зомбылық “ұрып-соғу”.Мұндай қатынаста өскен баланың көпшілігінде сабаққа деген көңіл соқпаушылық, ұжымға тез жұғысып, бейімделе алмаушылық байқалады, қатігез болып өседі.

Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды.



-Зорлық-зомбылық бұл –адамға күш көрсету, адамды өзінің еркіне бағындыру.Шын мәнінде зорлық-зомбылық механизмі адамдарды белгілі бір іс- әрекетке мәжбүр ету, не болмаса тікелей күш көрсету. Кейбір ата-аналар балаларын ауыр жұмыстарға салып, оларды ұрлыққа, өтірік айтуға, қатігездікке мәжбүрлейді.

-Физикалық зорлық- баланың денсаулығына зақым келтіру. (ұрып,соғу) Оның зардабынан балада жылауықтық, агрессивтік, жануарларға қатігездік, суицидке бейімділігі туындайды.

-Сексуалдық зорлық-баланың еркінсіз жыныстық қатынасқа түсіу . Баланың мінез-құлқы мен денсаулығына кері әсері:түнгі қорқыныштар, депрессия, өзін-өзі төмен бағалау,өз жасына сай емес сексуалдық білімнің болуы.

Психикалық (эмоционалдық) зорлық-баланың жеке тұлға болып дамуын тоқтататын тұрақты психикалық іс-әрекет.

Психикалық зорлықтың нәтижесінде балада физикалық,ойлау қабілетінің кешеуілдеуі, жүйке тигі, энурез, неше түрлі сомантикалық аурулар, қобалжу сезімінің жоғарылауы, қарым-қатынас жасай алмаушылық,үлгермеушілік, агрессивтікке әкеліп соғады.

Баланың өзіне деген қажеттілігін аңғармау-балаға деген қарапайым қамқорлықтың жоқтығынан эмоционалдық қалып бұзылады да, денсаулығы мен дамуына зиянын тигізеді. Отбасында осындай зорлық түрлерін болдырмау үшін мектеп ұжымы ата -аналармен тығыз байланыста бола отырып , оларға қажетті көмек көрсетіп отырулары тиіс.

Баланың физикалық қажеттілігінен басқа оның өсіп-өнуіне, дамуына сүйіспеншілік соншалықты қажет. Кейбір балалардың отбасында мәпелеп, жақсы өсіруге бейімдейді, бірақ эмоционалды жағынан балаға тиісті назар аударылмағандықтан бала қатты күйзеледі. Солардың салдарынан балада жағымсыз эмоциялар пайда болады.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.

Эмоция (сезімнің шарпуы)-сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Екінші тобы жағымсыз эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады.

Практикалық психологтар денсаулықты бұзып, неврозды дамытатын жағымсыз эмоцияны 2 топқа бөлген,қуаныш және мейірімділік эмоцияларына қарағанда, қайғыру мен қирату эмоциялары балаларда жиі кездесетінін мәлімдейді.

Ашу кек агрессия

Жағымсыз эмоциялар



Қиналу қорқыныш өкпелеу

Ашу, кек, агрессия - күйрету эмоциялары.

Қиналу, қорқыныш,өкпелеу-қайғыру эмоциялары.

Егер отбасында ата-ана мен баланың бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілік сезімдері болмаса, онда, практикалық психологтардың пайымдауынша, жагымсыз эмоциялар баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп, иммундық жүйесіне де көп зақым келтіреді. Мысалы, адам қауіптену сезімінде болған кезде қанға кортизол гормоны басым болады, ал қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйде болса эндофрин гормондары көбейеді. Кортизол ағзадағы өзге гормондарға басымдылық көрсететін болғандықтан, ағзаның толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан да оқушылардың денсаулығының нашарлап, жылдан жылға бірнеше аурумен қатар ауыратын балалардың санының өсіп келе жатқанына таңдануға болмайды. Американдық психолог Элизабет Холлдың пайымдауынша жағымсыз эмоция рак ауруларының дамуына белгілі әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей,жағымсыз эмоцияларды көп қабылдаушылар немесе өз ашу-ызасын ішінде көп сақтаушылар болашақ рак ауруларының құрбандары. Отбасындағы жағымсыз эмоциялардың баланың денсаулығына тигізетін кері әсерін анықтау мақсатында “Отбасы және оның балаға әсері атты”А.Ю. Монаховтың суретті тесті арқылы зерттеу әдісін қолдануға болады.

Ата-ананың балаға деген қарым- қатынасын А.Л.Варга мен В.В. Столиннің тест сауалнамасы арқылы анықтауға болады.

Осы зерттеу бойынша ата-аналардың баламен қарым –қатынасында әлеуметтік жағымдылығына қарағанда, тұлғааралық қашықтық, авторитаризм, баланың ойы мен сезімін әлі кішкентай деп есептеп онымен санасып,ой бөліспейтін ата-аналарды да анықтауға болады. Әрине, мұндай қатынастар баланың жеке тұлға болып қалыптасуына және денсаулығына зиянын тигізетіні аян.

Балалардың көзқарасы бойынша, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасы қандай?- екендігін анықтау үшін оқушыларымен сауалнама жүргізуге де болады

Сондай - ақ , Айзенктің «Өз өзінің психикалық жағдайын бағалау » және одан да басқа әдістемелерді қолдануға болады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауына қандай факторлар әсер етеді?

2. Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев неше түрге бөлген?

3. Казіргі психологияда қатынастардың қандай түрлері белгіленген?

4. С. Броди ананың қатынасында неше түрлі типін белгілеген?

5.А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынастың қандай түрлерін көрсеткен?

6. Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында қандай жағымсыз эмоциялар туындайды?

7.Ата-ананың балаға деген қарым- қатынасын қандай тест сауалнамасы арқылы анықтауға болады?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі ... сипатталады

Паритет ол... ... қатынас.

Конкуренция ол...

Антагонизм ол....
Тақырып: Махаббат отбасының моральдық негізі.

1. Махаббатт- некеге тұрудың басты мотиві.

2. Махаббатты зерттеген ғалымдар.

3. Махаббат түрлеріне сипаттама.

4. Махаббатты сақтап қалу жолдары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Х.А. Арғынбаев. Қазақ халқындағы семья мен неке. А., 1973. Б. 73.

М. Тілеужанов. Халық тағылымы. А., 1996. Б.80.

А. Қыраубайқызы. Өзімізді іздеу. // Ұлт тағылымы № 1. 1998.

4. А. Жүнісұлы. Фәниден бақиға дейін. А., 2001. 290 б.

5. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс. Оқу құралы.Астана.2005.-180 б.

6. Сатир В. Как строить себя и свою семью. М, 1992 г. главы 14,15,16;

7.Ковалев С.В. Психология семейных отношений М., 1987 г.;

8.Гребенников И.В. Основы семейной жизни М, 1991 г.;

9.Шнейдер А.Б.Семейная психология: учебное пособие для вузов. 2-е изд.-М.:2006.-768 с.

Қазіргі кезде некеге тұруда жетекші мотив «махаббат» деп есептелінеді. Бірақ, «махаббатты» некеге тұрудың басты мотиві деп қарастырсақ, онда ажырасу саны неге азаймайды? Некеге тұрған адамдардың тең жартысы ажырасуға барады және ажырасудың саны жылдан жылға өсуде. Некеге тұруда махаббатан басқа рухани жақындық, материалдық есеп, психологиялық үйлесімдік, түрлі моральдық ойлар деген мотивтерде орын алады. Қазіргі кезде жастар арасында сауалнама жүргізгенде махаббаттан кейін материалдық есеп екінші орында, ал кейбір жағдайда бірінші орын екені анықталды. Қай заман болмасын отбасының берік болуына махаббат өзінің ықпалын тигізетіні белгілі. Сондықтан жастар шынайы махаббатты жалған махаббат түрлерінен ажырата білулері керек.

Жеке-даралық махаббат жайында Грецияның ең көне аңыздарының өзінде айтылған, ал классикалық дәуірде, ол жиырма бес ғасыр бұрын, Сократтың, Платонның және Аристотельдің рухани махаббат теориялары қалыптасты. Психологияда махаббаттың жаңа сатылары б.д.д. I ғасырында – римдік ақындар Катулл, Вергилий, Гораций, Овидий жазған еді. Махаббаттың оптимистикалық моделін А.Маслоу ұсынған. Стендаль өзінің «О любви» атты психологиялық-философиялық очеркінде махаббаттың төрт түрін көрсетті. XV ғасырдың Флоренциялық жаңа-платоник М.Фичино махаббаттың үш түрінің мүмкіндігі туралы айтқан. Л.Каслер адамды ғашық болуға мәжбүр ететін үш себебін анықтап, пессимистикалық моделді ұсынды. А.А.Ивин махаббаттың түрлерінен немесе сатыларынан тұратын концепцияны қарастырды. Әлеуметтанушы Д.А.Ли және психологтар К.Хендрик пен С.Хендрик антикалық әдебиеттерге сүйене келіп, алатын ләззаттың типіне қарай махаббаттың негізгі үш түрін ұсынды.

Сонымен қатар, махаббат жайында З.Фрейд, А.Фромм, В.Райх, Р.Хатисс, З.Рубин, С.Л.Франк, Кэрролл Э.Изард, А.Афанасьев, В.И.Мустейн, В.П.Шестаков, В.Розанова, В.Соловьева, Р.С.Немов, Н.Бердяева, Л.Карсавин, Б.Вышеславцев, З.Гиппиус, П.Флоренский, С.Булгаков және т.б. ғалымдар зерттеген болатын. Т.А. Флоренская бұл сөздің түрлі үш түсінігін көрсетеді: махаббат – жыныстық құштарлық ретінде; махаббат – сүйікті болу қажеттілігі ретінде; махаббат – басқа адамда үстемдік ету ретінде.



1. Жыныстық құштарлықта басым болу. Т.А.Флоренскаяның көзқарасы бойынша, мұндай адамдар отбасын құруға қабілетсіз, яғни оларда өз сексуалдық қажеттілігін қанағаттандырудағы «объектілерді» өзгерту қажеттілігі өте жоғары болатындығын айтқан.

2. Сүйікті болу қажеттілігі. Бұл қажеттілік ерте балалық шақтан әрбір адамға тән. Бірақ, кейде бұл қажеттілік тек қана өзіне бағытталған болады. Сүйікті болу және сүюге қабілетсіз болу сияқты біржақты қажеттілік – ерте балалық шаққа тамырымен кететін қанағаттанбаушылық, жоғары алаңдаушылық сезімдерінен психикалық қорғаныш болып табылады. Бұл эгоцентристикалық, невротикалық мәні жағынан қажеттілік – өзіне деген махаббаттан, қызғаныштан, назар аударудың жоғарыланған қалауынан, ренішінен т.с.с. жоғарыланған талаптарынан туындайды. Мұндай адамдар некеде толып тұрған жұмыстармен емес, бір-бірінің арасындағы туындаған түсініспеушілік қатынастарын шешумен айналысады.

3. Сүйе білуге қабілетті болу. «Сүйе» білу деңгейлерінің әртүрлілігі – өзара сезімдерінен бастап өзі бас тартқан махаббатқа дейін. Мұндай адамның махаббаты шынайы, әрі отбасыда берік болады. Егер де сезімдік қанағаттанулар өсіп отырса, онда махаббат та артып отырады: сүйген адамын жалықтырмай, оның рухани дүниесі одан әрі тереңінен ашыла түседі. Бір-бірін сүйген адамдар бір ағзаны құрастырады, оның бөлектенуі өлімге дейін апарады.

Атақты ғалым Р.С. Немовтың айтуы бойынша махаббат тек сезім ғана емес, ол басқа адамды сүйе білу қабілеті, өзінің сүйікті болуы. Ол адамнан күшті, талпынуды, үнемі жетіліп отыруды талап етеді, өзін сүйетіндей дәрежеге жетуге ұмтылу. Махаббат - өнер, ол үнемі үйренуді, жетілуді талап етеді деген.

Махаббат сезімінің дамуы адам тұлғасының даму кезеңдеріне байланысты өтеді. Осыған байлынасты балалык жастық шақта оянған махаббаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қандай ерекшеліктер?

Кіршіксіз жастық шақтың алғашқы махаббаты әрқашан асқақ сезімге бастайды. Жасөспірім шақтағы алғашқы махаббатты жоққа шығаруға болмайды: оны адам баласының тарихы өмірі дәлелдеді.

Жасөспірім шақтағы махаббат қиялға толы. Бұл кездегі махаббат көбіне достықтан шығады. Бірін-бірі сүйе жүрсе де, ұл бала мен қыз баланың көпшілігі өздерінің қарым-қатынастарын көбіне достық деп атайды. Жасөспірім шақтағы жаңа оянған сезімдер өзінің тазалығын сақтай отырып, бірте-бірте бұрынғыдан тереңірек мазмұнға ие бола түседі.

Әртүрлі күй кештіре жүріп, алғашқы махаббат аяқ астынан сөніп қалуы да мүмкін, нақты адам емес, қиялмен жасалынған келбетті де сүйгенде осылай болады. Бұрынғы бейненің орнына қияли жаңа бейне келуі мүмкін. Сондықтан да жігіттер мен қыздардың сезім мәдениеті жоғары болуы, ұстамдылық көрсетуі, өзін-өзі үнемі тәрбиелеуі талап етіледі. Бұлай болмаса, ерте оянған махаббаттың аяғы жеңілтектікпен некелесе салуға, өмірін өкінішке ұрындыруға, мектепті тастауға, асыл мұратты аяқ асты қылуға, арманынан айырылуға соқтыруы мүмкін. Демек, махаббат ерте оянған кезде жігітке немесе қызға жанашыр біреу (анасы, апасы, ағасы не сіңлісі, мұғалімі) болған жағдайды ақылмен ойландыра түсіндіруі керек-ақ. Тегінде нағыз махаббатты көрсеқызарлықтан қалай ажыратуға болады? Нағыз махаббаттың белгілері қандай? Нағыз махаббат адам қатынастарының барша байлығын өз бойына сіңіреді. Ол тек тән құмарлығымен ғана емес, ең алдымен жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейімен, оның еңбекқорлығымен, одан қалды оның идеялық-саяси және құқықтық көзқарастарымен сипатталады. Махаббат дегеніміз парасат гүлдері. Адам ның парасат тамыры сау болмаса, мөлдір махаббаты да болмақ емес.

Үлкен махаббат адам жанын жаңғырып, оны тазарта, жақсарта, күштірек ете түседі. Махаббаттың күштілігі сонда, ол адам өмірін қайта жарата алады. Шын ғашық болған адам рухани байып, шабытпен өмір сүреді. Шын беріле, жан-тәнімен сүйетін, өзінің де сүйікті екеніне сенетін адам өз ғашығының бақыты жолында азап пен жоқшылыққа да өзін-өзі құрбан етуге де дайын тұрады.

Адам өмірінде қанша рет сүйе алады деген сұрақ та тууы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабы адамның нені махаббат деп түсінуіне байланысты. Азды-көпті құмарту сезімі ойламаған жерден тұтануы мүмкін. Ол тез солады. Көрсеқызарлық «махаббат» болса, әрине, адам өз өмірінде талай рет сүйе алады. Шынайы махаббатқа әдепсіздік пен арсыздық әрқашан да жат. Онда өзара сыйласу, өзін-өзі ұстай білу, керек жерінде сүйгені үшін өз мүддесін құрбан ету басым болады. Ол отбасында дамып, байып, нығая түседі. Көбіне мұндай махаббат өмір бойына созылады. Сүйе білу – қабілет, ал сүюге қабілетсіз жастар бос өмір сүреді, ол жеке тұлға ретінде қалыптаспаған. Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес, іспен білінеді. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,

Көзбен көр де, іштен біл – деп жырлаған Абай бұл жөнінде.

Ғашықтардың мінез-құлқы мәдениетті болуы тиіс. Егер адам тәрбиелі болса, онда ол біреуді сүйген кезде де өзін лайықты ұстайды.

Қайсыбір зерттеулерге жүгінсек, жастардың басым көпшілігі достарының арасында, би алаңында, жырақта жүргенде және тағы басқа жерлерде танысады екен.

Адамды жақсы тани білу үшін, онымен мүмкіндігінше көбірек араласқан жөн. Сүйіктіңнің жақсы жақтарын да кемшіліктерін де жете білуі үшін, оны өмірдің әрқилы сәттерінде көру қажет.

Ал махаббат түрлеріне келетін болсақ ғалымдар оның 6 түрін белгілеген. Бірінші түрі - агапэ, бұл түрі жеткіншек шақта кездеседі, алғашқы махаббат, адамның алғашқы сезімі, сүйген адамға басқа ешкім тең келмейді деп санайтын махаббат түрі.

Екінші түрі, ол эрос. Бұл махаббат адамды толық баурап алады, адам өзін-өзі бақылай алмай да қалады, басқа адамдардың сын айтуларын да елемейді. Бұл махаббат негізінде сенім, үміт, махаббат алынады, тек ақыл жетіспейді.

Үшінші түрі - людус деп аталады. Бұл махаббат ойын, бүгін біреу, ал ертең басқа адам ұнайды. Мұндай махаббатта терең сезім болмайды. Өкінішке қарай осы түрі қазіргі жастар арасында жиі кездеседі.

Төртінші түрі - прагма. Кемелденген махаббат. Ақыл-парасаттың негізінде есеп бойынша сүйген адамға қарау. Бұл махаббатты негізінен жақсы түріне жатқызуға болады. Мұнда шексіз, ойсыз берілу деген орын алмайды.

Бесінші махаббаттың түрі – бұл мания. Сүйетін адам өзіне, сүйіктісіне сенімді емес. Үнемі үрейлікте болып, қорқыныш сезімінде болады. Мұндай махаббат түріне тап болған жастар қызғаншақ келеді.

Махаббаттың келесі түрі – сторге. Бұл махаббат түріне жылылық, нәзіктік, достық сезімдері тән. Мұндай махаббат иесі сүйе де, түсіне де, кешіре де, сене де, күте де біледі. Бұл махаббаттың түрі жастар арасында сирек, ал ересек адамдар арасында жиі кездеседі. Ол санамен, сезіммен келетін махаббат. Сонымен, махаббат түрлерінің ішінде берік отбасын құруға мүмкіндік туғызатын махаббаттың түрлері прагма және сторге. Шынайы махаббат ақылдың, сананың және сезімнің тоғысуынан тұрады.

Көне Шығыстың тағылым кітаптарының бірі – «Шабдал бұтақтарында»: «Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән.

Жан қалауынан – достық,

Сана қалауынан – сыйлау,

Тән қалауынан – құмарлық туады.

Осы үшеуінің қалауынан махаббат пайда болады», - деп айтылған.

Махаббат - өзің үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, бір-біріне үстемдік көрсетпей бірін-бірі сыйлай білу, шыдамдылық таныта отырып кешірімді болу, жақсылықтарын асырып, кемшіліктерінен арылуға көмектесу, сол арқылы тіршіліктің қадір-қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз.

Шынайы махаббаттың басты белгісі – сүйген адамына ешқашанда жамандық ойламау.

Үйленіп, балалы болғаннан кейін кейбір жастар сүйген адамын өзінің меншігіне айналдырғысы келіп тұрады, ол үлкен қателік, түбінде көптеген проблемаларды тудырады. Керісінше, адам өзін-өзін үнемі жетілдіре отыра, сүйген адамының көңілін қалдырмай, оған сеніммен қарап бостандығына нұқсан келтірмеу керек.

Махаббаттың алтын тұғыры –достық, тұрақтылық. Тұрақтылық, орталылық, адалдық жоқ жерде шынайы сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес екені айдан анық.

Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолына құралды ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларының авторлары махаббат сезімінің әсерімен шығарғаны тарихта аян. Әрине, барлық адамдардың сүйіспеншілігі шығармашылығынан көрініс тауып отырмайды. Бірақ шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты, жігерлі, құдыретті. Өйткені құс ұшуға жаралған сияқты, адам сүюге жаралған. Олай болса, ең ұлы арманына ұмтылған немесе оған қолы жеткен адам бақытты болған. Сол себепті оны өмірдің мәңгілік жаңғыртып, жаңартушысы деудің қисыны бар.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Махаббат деген не?

2. Махаббаттың қандай түрлерін білесіздер?

3. Шынайы махаббаттың басты белгілері қандай?

4. Ғашықтықтың махаббаттан қандай айырмашылығы бар?

5. Жасөспірім шақтағы махаббат тұрі қандай?

6. Ақыл-парасаттың негізінде есеп бойынша сүйген адамға қарау қандай махаббат түрі?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Махаббат ол.....

Ғашықтық деген ол....

Үнемі үрейлікте болып, қорқыныш сезімінде болатын махаббат түрі....

Махаббат ойын, бүгін біреу, ал ертең басқа адам ол..... деген түрі.

Махаббатты сақтау үшін ...... ..... .... керек.

Махаббаттың ең жақсы түрі ол....

Махаббатты зерттеген ғалымдар қандай?

Сұлу сұлу емес .... сұлу.

Махаббат жоқ жерде .... жоқ.

Шын махаббат ол ..... .... ....

Алғашқы махаббат түрі ....

Тақырып: Отбасындағы дау- дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері.

1. Дау –дамайлар туралы түсінік,зерттеген ғалымдар.

2. Дау –дамайлардың туу себептері, шешілу жолдары.

3. Ата- аналар мен балалар арасындағы дау –дамайлардың түрлері, себептері, шешілу жолдары

4.Дау –дамайлардың алдын алу жолдары.
Негізгі әдебиеттер:

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,1999.

2.Монахова А.Ю.:Психолог и семья, активные методы взаимодействия, Ярославль, 2004 г.;

3.Джунусбаев М.Д. Образ жизни семьи в Казахстане, учебное пособие-Шимкент,1991.

4.Семья в двух частях под редакцией Андреевой –М.:1992.

5.Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.

6.Спиваковская А.С. Как быть родителями : (О психологии родительской любви).- М., 1986.

7. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология: Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 1999.

8. Дмитриев А., Кудрявцев В., Кудрявцев С. Введение в общую теорию

конфликтов. – М., 1993.

9. Олейник А.Н. Основы конфликтологии. – М.: АПО, 1992.

10. Сысенко В.А. Супружеские конфликты. – М.: Мысль, 1996.

11.Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Учебное пособие для вузов. 2-е изд.- М.: Екатеринбург: Деловая книга, 2006.-768.

Отбасындағы дау-дамайлар ерлі -зайптылар, ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , балалар арасында болып тұрады. Дау- дамайлар жақсы отбасында да болып тұрады. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет