Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б



бет6/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,26 Mb.
#6957
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ.

1. Отбасындағы адамгершілік, отансүйгіштік тәрбиесі.

2. Отбасында еңбек, дене тәрбиелері.

3. Жыныстық тәрбие беру мәселелері.

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,1999.

2.Зверева О.Л. и Ганичева А.Н..Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,2000.

3.Джунусбаев М.Д. Образ жизни семьи в Казахстане,учебное пособие-Шимкент,1991.

4.Семья в двух частях под редакцией Андреевой –М.:1992.

5.Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.

6.Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Учебное пособие для вузов. 2-е изд.- М.: Екатеринбург: Деловая книга, 2006.-768.


Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзеледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті.



Тәрбие мазмұны деп белгілі мақсат , міндеттерге байланысты жеке адамның білім жүйесін, сенім,дағды, қабілет ,тәртіп нормаларын меңгеруін айтамыз. Тәрбие мазмұнын ақыл-ой, дене, еңбек,адамгершілік, отансүйгіштік, эстетикалық, құқықтық тәрбие түрлері құрайды.

Олар арқылы жеке тұлғаның базалық мәдениеті қалыптасады.

Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір сапалы азаматтың ісі. Сондықтан жас ұрпаққа азаматтық, патриоттық тәрбие беру үлкен де абыройлы іс. Отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлттық қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мен тығыз байланысты. Ол туралы Президент «Қазақстанның болашағы–қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде тағыда басқа жолдауларында сөзге тиек етеді.

« Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеуін қалыптастыру», деп жазды. Жалпы қай тәрбиенің де бастауы отбасынан бастау алатыны белгілі ,патриоттық тәрбие де отбасынан қалыптасып, одан әрі мектепте дамытылуы қажет. Патриоттық сезім- тәрбие, білім арқылы қалыптасып, ол жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлттына тән ерекшіліктерді түсініп, сезініп, өз ұлттының, бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды, салт-дәстүрлерімізді қастерлейді. М.Шахановтың сөздері еске түседі.

«Қазақстандық патриотизм –отанға деген сүйспеншілік пен азаматтық ерлік көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, ата – мекен мүдесіне арнау».

Өз елінің өткенін, тілін, әдет- ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу Қазақстандық патриотизм құрамына кіреді.

Әсер ететін факторлар: ұлттық сезім, білім, ұлттық мақтаныш, ұлтық сана, ұлттық дәстүрлер, парыз, бірлік және мінез.

Қазақстан әлемдік гуманистік ойлау жүйесіне енді, олай болса, ол адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы келмеуі керек. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілуі қажет.

Отансүйгіштік рух- қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден – бір күш.

«Азаматтық пен елжандыққа, өз Отанына Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы және және қоғамға келген көрністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп білім беру Заңында көрсетілген.

Патриотизм-өз Отанына деген сүйіспеншілік, берілушілік отан үшін қызмет етуге оны қорғауға дайындық.

Сондықтан Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан бізде осы екі негізінде бірдей ұстағаның абзал іс.

Адамгершілік деген сөз «мораль» деген сөздің синонимі ретінде қолданылады. Моральді біз жеке адамға қойылатын нормалар, талаптар деп түсінеміз, ал өнегелік, адамгершілік дегеніміз ,сол жоғарыда айтылған нормаларды орындауға дағдылану деп түсіну керек.Өнегелі адамның жоғарыда айтылған нормалар, ережелер,талаптар оның көзқарасына, сеніміне, күнделікті ісіне айналуға тиіс. Адамгершілік тәрбиесінің мәні білім арқылы көзқарастарды, сенімдерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесінің ең жоғары түрі -ар,ұят,ұждан. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын адамгершілік қасиеттер құрайды: Отанды сүю, еңбексүгіштік, ұқыптылық, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, мейрімділік т.б.

Осыған байланысты отбасы тәрбиесінде кең орын алып отырған проблемалардың бірі - отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. Бұл үшін жалпы адамзаттық құңдылықтарды, жаңа адамгершілік қасиет-сапарларды орнықтыру, халықтың ғасырлар бойы жинақталған адамгершілікке негізделген салт-дәстүрлер мұрасын отбасы тәрбиесінің өзегіне алынуы керек. Осы орайда отбасында жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толымды адам болып жетілуі мынадай міндеттермен айқындалады:

- еліміздің өркениетті даму жолында адамгершілік тәрбиесі рухани құдіретті күш ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ең негізгі басты шарты екендігі:

- болашақ ұрпақ бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру және сол қасиеттерді қастерлей білуге үйрету, дағдыландыру;

- адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;

- қоғамның нарықтық экономикаға өту кезеңінде болашақ ұрпақты қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени саладағы халықаралық қарым-қатынас, жоғары мәдениеттілік, адамгершілік мінез-құлық, әдет-дағдысын қалыптастыру;

- қоғамның жаңа тарихи даму кезеңінде жас ұрпақты экономикалық бизнесте білімділігімен, кәсіпкерлігімен, адамгершілік жоғары парасаттылық қасиетімен қатар бәсекелік қабілеттікте адалдық көрсете білуге тәрбиелеу;

- жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету, жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру толыққанды отбасының бірлігі мен тәрбиелілігіне байланысты болатындығы;

- ұлттық төл мәдениетіміздің кемелді келбетін, салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың ғасырлар сынынан өтіп келе жатқан бай мұрасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеудің ұтымды жолдарын пайдалану.

Қорыта келгенде балаларды жақсы деңгейге жеткізу. Болашаққа оларды дұрыс тәрбиелеу. Ата-анасын сыйлауға, үлкенге – сыйлы, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу біздің міндетіміз. Үлкейіп ер – жеткеннің өзде де, олар ата-анасына міндетті екенін және ата-анасының алдында борышты екенін естеріне сала отырып, оларды ренжітпей сыйлауға, аялауға, тәрбиелеу.

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

- дей отыра түн ұйқысын төрт бөлген, сыйлайықшы ақ жаулықты аналарды, асқар таудай әкелерді – дегім келеді.

Құқықтық тәрбие дегеніміз орынды тәртіп пен мінез-құлық сенімдеріне негізделген терең және жан-жақты құқықты білімдермен заңды құрметтеу,құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі болып табылады.

Құқықтық тәрбие дегеніміз еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәлімет беру.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты-баланың мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзбауға, төзімділікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.

Құқықтық тәрбиенің міндеті қоғамда болашақ әрбір азаматының әсіресе, мектеп оқушыларынан бастап, қоғам талап етіп отырған жалпы азаматтық мәдениет, құқықтық мәдениет тұрғысынан ұйымдастыру. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен байланысты. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді.Сондықтан да құқықтық тәрбие адамгершілікті адам тәрбиелеу отбасынан басталады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып,оны ата-аналар түрлі еңбек іс - әрекеттеріне үйретулері қажет. Отбасы бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырғаны жөн. Балалардың бос уақыты бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасында ата-аналар балалармен серуенге шығу, танымдық әңгіме жүргізу ізгі дәстүрге айналған.

Еңбек тәрбиесі отбасы тәрбиелерінің ішінде ерекше орын алады. Өйткені бала кішкентай кезінен өзіне қызмет етуге үйренеді. Ол туралы А.С.Макаренко айтқан;отбасында баланы еңбекке баулудың қырықтан астам түрі бар екенін.

Еңбек тәрбиесі жоғарыда аталған түрлерімен тығыз байланыста өтеді. Еңбек арқылы оқушылардың бойында ұқыптылық, жауапкершілік,шығармашылық, күш қуат молайып, іскерлік, дағды қалыптасады, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Еңбек қажетті іске айналуы үшін балаға еңбектің жемісі мен одан болатын қуанышын сезіндіре білу керек. Ата- ана балаға ұқыптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс.

«Бірінші байлық денсалық»- деп халық текке айтпаған. Сондықтан мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту шаршаларын өткізу керек. Дене шынықтыру сабақтарын бұгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыра отырып , түрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру, жарыстар өткізу, салауатты өмір салтын орнату үшін күш жұмсау, жаңа тәрбие жұмыстарының формаларын еңгізу қажет.

Қазақ отбасыларына жыныстық тәрбие жөнінде ашық әңгіме айту тән емес. Анасы қызынан, әкесі ұлынан ұялады. Түсіндіріп сақтандыра да алмайды, баласының не істеп жүргеніне үңіле де алмайды. Демек, түрлі қауіпті аурулардан (мысалы, ЖҚТБ (СПИД) секілді) қазақ баласының сақтандырылуы төмен. Болашақ татулығы жарасқан, сүттей ұйыған, үлгілі отбасы болуы да екіталай. Немесе қазақ деген халықтың атына сай, қаны таза текті ұрпақ өмірге келмесі анық. Осы күні он баласы бар отбасы сирек. Көзінің ағы мен қарасындай бірді – екілі бүлдіршіннің болашағын көше тәрбиесінің ықпалына жібермекпіз бе? Қай ата – ана өз баласының жаман жүріске түскенін қалайды? Не істеу керек? Жауабы қайсы?...

Көп жағдайда мамандар өздерінің бір жауабын ұсынады: жыныстық тәрбие жөнінде мектепте және отбасында ашық әңгіме жүргізілу қажет. Сонымен қатар, қауіпсіз жыныстық қатынастың түр – түрін білгені жөн деп, жанашырлық танытады. Бірақ ешқайсысы үзілді – кесілді тыйылуды ұсынбайды. Ата – ана өз баласының мұндай жолға түсуіне түбегейлі қарсы болғанымен, тыйым салу жолын білмейді. Осы орайда, бізге ата – анамыз айтқан емес, біз ондай жолға түспедік қой деген жауап болуы мүмкін. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар екенін мойндауымыз керек. 1924 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «қазақта жезөкшелік бар ма?» деген мақала жазыпты. Жезөкшеліктің не нәрсе екенін.

Кейбір ғалымдар «жезөкшелер үйін» ашу қажеттігін дәлелдемек те болды. Халқымыздың тарихында болмаған «үйдің ашылғанынан ұтпағымыз не? Қалай десек те, ұрпағының өрескел қылығын заңдастырмақ болу – адамгершілікке жат екені анық». Қамысты бос ұстасан, қолынды қияды демекші, ұш – қыздарымызға өзіміз тыйым салмасақ, жезөкшелерге Сарай орнатып, гомосексуалистерді заңдастырған мемлекеттер қатарынан бой көрсетуіміз ғажап емес. Ондай жағдай отбасы ынтымағы, жұбайлық жарастық, тектілік туралы әңгіме қозғаудың өзі артық болып қалмақ.

Әр ата – ана өз балаларының тағдыры алдында жауапты екені анық. Зиянды әдетке насихаттауды астарына жасырған жарнамалар мен эротикалық, сексуалдық фильмдер балаларымыздың санасын улап, ықыласын ерте жыныстық құмарлық қоздырса не істемекпіз?...

Соңғы кезде, жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, оларды түрлі қауіпті аурудан сақтандыру жөнінде шетелдік жобалар елімізде жұмыс істей бастады. Бұлар да ашықтан – ашық қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттайды. Биік мәдениет тұрғысынан қаралған мәселе ойында ештеңе жоқ баланы елітпесіне бар ма?

Сондықтан да жаңалықты тез қабылдағыш қалпымызға ақыл – ой безбені керек – ақ. Аталмыш тақырыптың өмірде өзекті екені анық. Зерттеу нысанамыз болғандықтан, әлі де жан – жақты бойлауға тырысамыз. Әйтсе де өмірлік тәжірибеден өткен тәрбиені деп қарамай, кейбір жақтарын бүгін де ескерту керек тәрізді. Білім беру мекемелерінің ұстаздары мен тәрбие саласындағы мамандар ұлт ұрпағының болашағы үшін халықтық тәрбиенің ғылыми – педагогикалық негіздеріне мән берген жөн



Жыныстық қатынас мәдениетін көтеру отбасылық өмірде басты мәселенің бірі екені шындық. Себебі ажырасуға әкеліп соғудың бір себебі осында жатыр, бірақ оны ешкім ашық түрде көрсетпейді, тек мінездеріндегі келіспеушіліктен деп айта салады. Сондай-ақ жыныстық қатынас мәдениетінің төмендігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдында тазалықты, адалдықты сақтамауына да әкеледі. Бұл мәселеге қатысты құнды пікір айтқан С.В.Ковалев. Ол «Психология современной семьи» деген еңбегінде ұл баланың, қыз баланың дамуындағы, тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы айта отырып, ұл баланың бойында ер азаматқа тән ерекшеліктердің сақталуын, қыз баланың бойында нәзіктілік, пәктілік тағы басқа ерлі-зайыптыларға қажетті қасиеттердің сақталуын ұсынады. Сондай-ақ, некелесудегі үйлесімділік заңдылықтарына, махаббаттың түрлеріне тоқталып өткен.

Біздің көзқарасымыз бойынша әлеуметтанушы Р.А. Лемехованың жастардың неке мен отбасы, және жыныстық өзара қатынастары туралы көзқарастарының негізгі 3 типін атап көрсеткені назар аударарлықтай.

Үйлесімді. Ақыл-парасатты қылығы, мәдени сезімдерінің дамығаны, адамгершілік түсініктері жақсы қалыптасқан. Нәтижесінде – болашақ бірлескен өмірге, махаббатқа деген табиғилық қатынасы.

Аса романтикалық. Бұл «кітаптық», идеалдандырылған, өмірден жұлып алынған ойлар. Кейбіреулері бір шеттен екінші шетке яғни, дүниеде жоқ тамаша махаббатқа сенуден, махаббатқа мүлдем сенбеуге дейін барады.

Рухани кедейленген. Жыныстық өзара қатынастары туралы оңайлатылған түсініктер байқалады. Жастар тек қана бір физиологиялық құштарлығын - биологиялық қажеттілігін ғана байқайды.

Осы барлық тізбеленген типтер қазіргі жастардың неке мен отбасына көзқарастарын қамтиды. Берік, бақытты отбасын құруда 1 тип едәуір дәрежеде мүмкіндік туғызады, яғни жастарда ақыл-парасатты қылығы, мәдени сезімдерінің дамыған, адамгершілік түсініктері жақсы қалыптасқан жағдайда өтеді.



Студент жастарға жыныстық тәрбие беру мәселелері.

Бүгінгі таңда Республикамызда жастардың тәрбиесі осалдап барады. Бұның негізгі себептері төмендегідей болып отыр:



- ерлі-зайыптылардың арасындағы ар тазалығы мен тән тазалығының бұзылуы;

- жастарға ата-аналардың, үлкендердің дұрыс кеңес бере алмауы;

- жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулар ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) санының күрт өсуі;

- ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбеушілік пен дау-дамайлардың туындауы;

- жастардың нашақорлық пен маскүнемдікке салынуы;

- кәмелетке толмағандар арасында, тұрмысқа шықпай жүкті болуы;

- жастар арасында аборт санының өсуі;

- ерлі-зайыптылар арасындағы бір-біріне деген сенімсіздік;

- кәмелетке толмаған жастардың арасында жезөкшеліктің артуы, және т.б. осындай проблемаларды назардан тыс қалдырмай, тез арада шешімін табуды қажет етіп отыр. Жоғарыда атап өтілген проблемалардың алдын алу мен болдырмау жолдарындағы жыныстық тәрбие беру мәселесін дұрыс жолға қоюды талап етеді.

Жыныстық тәрбие беру мәселесін зерттеген ғалымдар Д.В. Колесов және Н.Б. Сильверова, олар бұл мәселені жүйелі түрде қарастыруға тырысып жастарға тәрбие беру жолдарын көрсеткен. Біріншіден, жастарға нағыз ер азамат, нағыз әйел қандай болуы керек екенін ұғындыру; екіншіден жыныстық тәрбие туралы сауаттылығын көтеру, үшіншіден, жыныстық тәрбие мәдениет жетілдіру қажет деп есептеген. Жыныстық тәрбие беруді 11-12 жастан бастау керек екендігін ескертіп, жасөспірім шақта аяқталуға тиіс деген.

Сондай-ақ жеткіншек мінез-құлқының ауытқу формасы жеткіншектік нашақорлықтың жол алуына себеп болуы мүмкін. Нашақорлықтың алғашқы сатысы-токсикомания. Токсикомания-бұл ауру токсикомандық заттарды, тұрмыстық химиядан алынған заттарды қолдануға, иіскеуге негізделген.

Соңғы жылдары есірткі қолданатын жеткіншіктердің саны 6-8 есеге өсті. "Отбасылық нашақорлық" кең тарауда, яғни ата - ана кішкентай балаларын есірткі қабылдауға өздері үйретеді. Қазіргі жеткіншектердің көп бөлігі бір рет болса да есірткіні қолданғаны белгілі. Нашақорлардың негізгі жасы 17 - 26 жас (42,5 % ) аралығын қамтиды. Есірткіні қолданушылардың жасы тіпті 14 - 13 жасқа дейін төмендейді.Нашақорлық өз кезегінде заң бұзуға, қылмыс жасауға әкеп соғады. Жеткіншек шақтағы нашақорлықты зерттеушілердің пікірінше, нашақорлықтың пайда болу себебі: бақылаудың жоқтығы, ата-ананың әлеуметтік деградациясы, отбасының бұзылуы, тұрмыстық және материалдық жағдайдың нашарлығы.Нашақорлық әлеуметтік зардаптарға ие. Есірткіні шамадан тыс қолдану жастар арасында өлімнің артуына және соматикалық, психикалық аурулардың қарқынды дамуына әкеп соқтырады.

Нашақорлық ұрпаққа кері әсерін тигізеді.Отбасының бұзылуына тағы бір себеп болатын физиологиялық және психикалық ауытқулары бар балалар туылады. Нашақорлық жеткіншектер жезөкшелігінің дамуына ықпал жасайды. Жезөкшелік -бұл қоғамдық пайдалы еңбектен бас тарту.Жеткіншек шақтағы жезөкшеліктің бір ерекшілігі- үлкендерге қарағанда жыныстық байланысқа санасыз баруы,өздерін үлкен қылып көрсеткісі келуі, кейде ата-аналардың өздері де осыған итермелейді. Жеткіншек жезөкшелігі- қазіргі қоғамның қасіреті. Баланың қараусыз қалуы, бақылаудың жоқтығы, ата-ананың немқұрайлығы үлкен қателіктер мен қиындықтарға әкеп соқтырады.

Балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығының пайда болу себептері:

1. Баланың ата-анасының біреуін немесе екеуін жоғалтуы.

2.Ата-ананың әлеуметтік тұрақсыздығы, жұмыссыздық, кедейлік, жиі ұзақ уақытқа іс сапарға баруы,денсаулық жағдайы.

3.Отбасындағы қолайсыз жағдайлар( ұрыс-керіс, конфликттер), ажырасу, ата-ананың аморальдық өмір деңгейі,оқушылар ұжымында, достарының арасында өзара түсіністіктің жоқтығы т.б.

4.Педагогикалық сауатсыздық, ата-ананың бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін білмеуі және түсінбеуі.

5.Баланың өзіндік әрекетіне ата-ананың көзқарасының өзгешелігі.

6.Ата-ананың өз қамын ойлап, өздеріне көп көңіл бөлуі..

Қазақ отбасыларында жыныстық тәрбие жөнінде ашық әңгіме құрмаған. Анасы қызынан, әкесі ұлынан ұялады. Түсіндіріп сақтандыра да алмайды, баласының не істеп жүргеніне үңіле де алмайды. Демек, түрлі қауіпті аурулардан (мысалы: ЖҚТБ, АҚТҚ секілді) қазақ баласының сақтандырылуы төмен. Болашақ татулығы жарасқан, сүттей ұйыған, үлгілі отбасы болуына кері әсерін тигізген. Осы күні он баласы бар отбасы сирек. Көзінің ағы мен қарасындай бірді-екілі бүлдіршіннің болашағын көше тәрбиесінің ықпалына жібермекпіз бе? Қай ата-ана өз баласының жаман жүріске түскенін қалайды? Не істеу керек? Жауабы қайсы?.. деген сұрақтар бүгін кімді болса да ойландыруға тиіс.

Көп жағдайда мамандар өздерінің бір жауабын ұсынады: жыныстық тәрбие жөнінде мектепте және отбасында ашық әңгіме жүргізілу қажет.

Сонымен қатар, қауіпсіз жыныстық қатынастың түр-түрін білгені жөн деп, жанашырлық танытады. Бірақ ешқайсысы үзілді-кесілді тыйылуды ұсынбайды. Ата-ана өз баласының мұндай жолға түсуіне түбегейлі қарсы 36б. болғанымен, тыйым салу жолын білмейді. Осы орайда, бізге ата-анамыз айтқан емес, біз ондай жолға түспедік қой деген жауап болуы мүмкін. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар екенін мойындауымыз керек. 1924 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «қазақта жезөкшелік бар ма?» деген мақала жазған.

Бүгінде ұяла отырып «бар» деп жауап беруге тура келуші еді. Кейбір ғалымдар «жезөкшелер үйін» ашу қажеттігін дәлелдемекке де тырысады. Халқымыздың тарихында болмаған «үйдің ашылғанынан ұтпағымыз не?» Қалай десек те, ұрпағының өрескел қылығын заңдастырмақ болу – адамгершілікке жат екені анық». Қамысты бос ұстасаң, қолыңды қияды демекші, ұл-қыздарымызға өзіміз тыйым салмасақ, жезөкшелерге Сарай орнатып, гомосексуалистерді заңдастырған мемлекеттер қатарынан бой көрсетуіміз ғажап емес. Ондай жағдайда отбасы ынтымағы, жұбайылық жарастық, тектілік туралы әңгіме қозғаудың өзі артық болып қалмақ.

Әр ата-ана өз балаларының тағдыры алдында жауапты екені анық. Зиянды әдетке насихаттауды астарына жасырған жарнамалар мен эротикалық, сексуалдық фильмдер жастарымыздың санасын улап, ықыласын ерте жыныстық құмарлық қоздырса не істемекпіз?...

Соңғы кезде, жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, оларды түрлі қауіпті аурудан сақтандыру жөнінде шетелдік жобалар елімізде жұмыс істей бастады. Бұлар да ашықтан-ашық қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттайды. Биік мәдениет тұрғысынан қаралған мәселе ойында ештеңе жоқ баланы елітпесіне бар ма?

Сондықтан да жаңалықты тез қабылдағыш қалпымызға ақыл-ой безбені керек-ақ. Аталмыш тақырыптың өмірде өзекті екені анық. Зерттеу нысанамыз болғандықтан, әлі де жан-жақты бойлауға тырысамыз. Әйтсе де, өмірлік тәжірибеден өткен тәрбие деп қарамай, кейбір жақтарын бүгін де ескерту керек тәрізді. Білім беру мекемелерінің ұстаздары мен тәрбие саласындағы мамандар ұлт ұрпағының болашағы үшін халықтық тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздеріне мән берген жөн.

«Бірінші байлық денсаулық» - деп халық текке айтпаған. Сондықтан мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту шараларын өткізу керек. Дене шынықтыру сабақтарын бүгінгі күннің талаптарына сай ұйымдастыра отырып, түрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру, жарыстар өткізу, салауатты өмір салтын орнату үшін күш жұмсау, жастардың бос уақытын қызықты, мәнді етіп жаңа тәрбие жұмыстарының формаларын енгізу қажет. Бұл іске қатысы бар мамандармен тығыз байланыс жасап, «бірлесіп пішкен тон келте болмас» - дегендей, барлық мамандардың білімдері мен тәжірибелеріне сүйену керек.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасындағы қандай тәрбие факторлары баланың денсаулығына әсер етеді?

2. Баланың дұрыс тамақтануына кері әсерін тигізетін жайттар қандай?. 3. Адамгершілікке тәрбиелеудің «алтын ережесі» қандай?

4. Отбасындағы еңбекке тәрбиелеудің түрлерін атаңыз.

5. Отбасында балалардың қаламайтын тәрбие беру әдісі қандай ?

6. Жыныстық тәрбие берудегі қиындықтар қандай?

7. Жыныстық тәрбие берудің құралдары қандай?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Отбасындағы балалардың денсаулығы... ... байланысты.

Отан.....басталады.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу дегеніміз....

Құқықтық тәрбие дегеніміз....

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын құрайды....

Еңбекке тәрбиелеу үшін отбасында.... болуға тиіс.

А.С.Макаренко еңбекке тәрбиелеудің.....түрлерін атаған.

Жыныстық тәрбие беру ол......

Жыныстық идентификация дегеніміз....

Жыныстық тәрбие беруді .... жастан бастау керек.


Тақырып: Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі.

1. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері.

2. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі, тәрбиедегі кемшіліктер.

3. Әйелдің кәсіптік, аналық ,жұбайылық рөлдерді атқаруы.

4. Ата-ананың балаға деген махаббаты.

:

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,1999.



2.Зверева О.Л. и Ганичева А.Н. Семейная педагогика и домашнее воспитание.-М.: Учебник,1999.

3.Джунусбаев М.Д. Образ жизни семьи в Казахстане,учебное пособие-Шимкент,1991.

4.Семья в двух частях под редакцией Андреевой – М.:1992.

5.Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.

6.Спиваковская А.С. Как быть родителями : (О психологии родительской любви).- М., 1986.

7.Абай Кунанбаев Слова назидания.- Алматы.,1992



Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны "Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын", "Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес" деген мақал - мәтелдерден көруге болады. Ал, "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Үлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы".Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт,10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң-досыңдай сырлас»-деп халық текке айтпаған. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі өйткені, "қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады", "Әке - асқар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ"халықтың даналық сөздері еске түседі. Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағанына іспеттес.



Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш -қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.

Семья тәрбиесінде ата-аналардың ез мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А. С. Макаренко лекцияларында: «Сіз өз балаларыңыздың, тәрбиесін баста-мастан бүрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәр-се... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы ата-аналардың өз семьясын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы — тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі,— деген болатын.

В.А. Сухомлинский: «Отбасы тәрбиесінің басты мақсаты - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі басты мектеп ол ата- ананың қарым-қатынасы»-деген.

Отбасының құрылымында оның әрбір мүшесі белгілі әлеуметтік рөлдерді атқарады: күйеу, әйел, әке , ана, ұл, қыз, аға, қарындас, ата, әже деген. В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша адамның бақытты болуы оның өзіне қатысты рөлдерді адал, шын ниетте орындауына байланысты деген.

Рөл-жеке тұлғаның әлеуметтік функциясының орындалуы, қоғамда қалыптасқан нормаларға, адамның тәртібінің, оның қоғамдағы статусына, тұлғааралық қатынас жүйесіне сай болуы. (Психологиялық сөздік).

Казіргі отбасының мүшелері төмендегідей рөлдерді атқарады:

1.Материалдық жағынан отбасын қамтамасыз етуге жауапты.

2.Отбасын басқарушы- отбасының ұйтқысы, берекесі.

3. Баланы күтуге жауапты адам.

4. Тәрбиеші.

5.Жыныстық партнер.

6. Бос уақытты ұйымдастырушы.

7.Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы.

8. Туыстар арасындағы байланысты ұйымдастырушы.

9. Психотерапевт.

Отбасындағы рөлдерді атқару отбасының типіне байланысты болып келеді. Казіргі отбасы тең құқықты, эгалитарлы болуымен сипатталады.

Отбасындағы рөлдер конвенционалды(мораль,заң, құқық бойынша) және тұлғааралық түрлерге бөлінеді.

Отбасындағы баланың дамуына қолайлы жағдайдың бастысы ол балаға деген махаббат.



Сүйіспеншілігі мол отбасы– ол баланы түсінетін,баламен үйлесімді қарым қатынас жасап үлкен қуаныш әкелетін,балаға сенім білдіріп, қолдау көрсетіп отыратын баланы ақылмен сұйе білетін отбасы.

Ата-ананың балаға деген махаббаты-әрбір азаматтың Отанға, досқа, туыстарға, сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай, ондай ата-ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады. Балаға деген соқыр махаббат баланың тәрбиесінде түрлі қателіктердің орын алуына әкеледі.

Ана тәрбиесі - кешенді тәрбие, жинақталған аса тағылымды мектеп.

Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да, ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.

Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі - асауды ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақтың шаттығын шалқытатын ұлы мектеп.

Тәрбиенің үлкен құралы - шындық. Егер баланы жастайынан шындыққа тәрбиелесек, барлық адамгершілік қасиет соның маңайынан табылады.

Бала - адамның бауыр еті, баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік деп Абай атамыз айтқандай, бала жақсы болса, жаның тояды, жаман мінезін не іс - әрекетін естігенде бір жасқа қартаясың. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам жан - жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы, заман талабы, өйткені әр адам өз заманының баласы. Сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заң туындайды.

Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ер жетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.



Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда.

«Семья үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді»,— деді А. С. Макаренко. Оның айтуы бойынша әрбір ата-ана өзінің міндетін адал және түсініп орындауы қажет.

Кейбір семьяларда жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты, тағы да осы сияқты жағымды қасиеттерді талап етеді. Бірақ ата-аналардың өздері бұл талаптарын естен шығарып, балалары және ересек адамдармен дөрекі тілде сөйлеседі. Балалардың өтірігін бетіне баса отырып, өздері де бетпақтықпен өтірікті жиі айтады. Олардың әділетсіздігін, екіжүзділігін, тәртіпсіздігін байқағыш, сезімтал балалар тез көреді. Ата-аналарының мінез-құлқындағы мұндай «өнеге» оларды да тәртіпсіздікке итермелейді. Балалармен бірге азғындыққа түспеу үшін өзіңнің күш қабілетіңді барынша пайдаланып, оларға мейірімді өнегемен әсер ету керек екені жайлы ұлы жазушы Л. Н. Толстой кеңес берген болатын.

Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің, бірі — бұл кейбір ата-аналар балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды. Ал тату тәтті өмір сүріп отырған семья әрдайым балалардың тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды.

Баланың ішкі дүниесін білу үшін оның әрбір жағдайдағы (ситуация) қылықтары мен іс-әрекеттерін де білу керек. Кейбір ата-ана баласының дұрыс істемеген іс-әрекетін түсіндіруге тырысады, бірақ оның мінез-құлқындағы қалыптасқан әдеттердің себептерін білуге көп көңіл бөлмейді.

Кейде қыңырлық шаруашылықтың салдарынан, я кейбір сыртқы факторлардың әсерінен баланың бір нәрсеге еліктеп қайғыруынан болады. Мұндай жағдайда баладан тапсырылған жұмысты орындауды талап етудің кейді тиімділігі аз болады.

Қыңырлықтың тағы да бір себебі балаға семьяда дұрыс тәрбие бермегендіктен туады. Семьяда баланың талаптары мен қажеттілігінің бәрі сөзсіз орындалады, «жұмақ өмірде» тәрбиеленіп өседі. Мұндай семьяда

баланың өз бетімен әрекет жасауына, өздігімен ынталы активті болуына жағдай жасалынбаған. Сондықтан бала семья коллективінде өз орнын таба білмегендіктен қарсыласу жолын іздейді. Баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек.

Отбасылық оқудың міндеттері ата-аналар өз балаларының оқуды қажет ететіндігін білуі керек, оларды кітаппен жұмыс істей білуге үйрету, оқуға әдеби талғамын дамыту және балаларды оқиғалы, тарихи әдебиеттерді оқуға үйретіп қана қоймай, моральдық және әлеуметтік бағдарын қалыптастырған жөн. Түпнұсқадан оқу — ол оқыған кітабының мазмұнын терең түсінуіне қоршаған орта, өзі туралы, өзінің тағдыры мен болашағы туралы ойлануына жәрдемдеседі.

Сонымен бірге мұндай семьяларда балалардың мінезінде патологиялық, яғни қалыптан тыс ауытқу, олардың дамуында нақты өзгерістер байқалады: мінезі қатты, ұстамсыз болады, жалған сөздер айтады, ата-аналарына және айналадағы адамдарға агрессивті болады. Мүндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бақытына нұқсан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, семья климатын жақсарту үшін олармеғі сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

Бұл балалар мектепте нашар оқып, «жеңіл» өмір стиліне еліктеп, сабаққа дұрыс қатыспады. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы, право тәртібін бұзушылыққа әкелді. Ата-аналары дер кезінде тиісті шара

қолданбады. Соның нәтижесінде балалар правоны бұзуы қылмысты жауапқа тартылды.

Мұндай фактылар бірлі-жарым емес. Балалардың тағдырына әке мен ананың мейірімсіз болуы — олардың еліміздің болашақ азаматы болуына зиянын тигізеді.

Әрбір әке, әрбір ана семья тәрбиесінде өзінің жетекшілік орнын табуы қажет, өзінің балаларына сергек және рухани тәрбиеші болуы тиіс. Өйткені, барлық баланы бір рецептімен тәрбиелеуге болмайды, әр баланы дербес мұқият зерттеу арқылы жан-жақты білу керек.



Демек, "алмақтың да салмағы бар" дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани азық, үлес қосқан адамдарға қарыздар. Оны өтеуі - азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы, Отан мен ананың игілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.

Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістіктерін дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.

Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.

Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:

1.Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.

2.Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.

3.Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.

4.Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.

5.Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.

6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.

Қорыта келе, жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір белігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы ете күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.

Белгілі кеңес педагогы А.Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былай деген екен. "Сіз қалай киінесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қарым - қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз міне, барлығының да балаға әсері мол».



Әйелдің кәсіптік, отбасылық рөлдерді атқаруы.

Әйелдердің отбасындағы орны мен олардың күнделікті жағдайы да отбасы тарихындағы маңызды мәселенің бірі. Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттердің көпшілігінде қазақ әйелдерінің қоғамдық қатынастарда құқықсыздығын орынды баяндаумен бірге, олардың отбасындағы орнын, Орта Азия халықтары әйелдерімен салыстырғанда әлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетеді. Солай болғанмен де әйелдердің отбасындағы орнын анықтауда оны әлеуметтік қатынастармен байланысты қарамай, бүкіл қазақ әйелдерінің көрген күні қараң, тұрмысы ауыр, өмірі азапты өтеді деген үстіртін пікірлер де болды. Сондықтан төңкеріске дейінгі отбасындағы әйел орнын анықтауға, оның қоғамдық және үйдегі жағдайына тоқталған уақытта әлеуметтік қатынастарды, ислам дінінің және халықтың әдет-ғұрыптардың ықпалын дұрыс ескерсе ғана өткен өмірді обьективті түрде көрсетуге, ол туралы дұрыс тұжырымдауға келуге болады. Қазақ қауымында қоғамдық мәселелерге байланысты әйелдің орны еркектерге қарағанда әлдеқайда кем саналғандығы кімге болса да аян. Ел арасындағы әр түрлі мәселелерді және ауыл отбасы тағдыры көбінесе әйелдердің араласуынсыз тек ерлер арасында, онда да ақсақалдар мен билер арасында шешілетін. Ал әйелдердің мойынында тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп алаша тоқу, кір жуып, үй жинау, от жағу, жас балалар мен кәрі ата-енесін күту, үйдің ұсақ-түйек шаруаларын атқару түгел әйелдерге қарады.

Сөйтіп қазақ қауымындағы патриархалды-феодалдық қарым-қатынастың салдары мен ислам дінінің әсеріне байланысты әйел атулыны төмен санап, оларға байлар мен билер тәкаппарлықпен қарау да орын алды. Бірақ, жалпы халық арасындағы ежелден қалыптасқан ұғым бойынша еркекке бергісіз әйелдердің болғанын жоққа шығармайды.

Бүгінгі күні бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдағы жетекші рөлінің артып отырғаны белгілі бір заңдылық. Алысқа бармай-ақ, өз халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған Томирис патшайымның, Қарашаштың, Домалақ ененің, Әлия мен Мәншүктің есімдерін айтсақ та жеткілікті. Ендеше, егеменді ел атанып, етек-жеңімізді жинап, әлемдік өркениетті мемлекеттермен үзеңгі қағысуымызда әйелдердің де асқан үлесі бар деп айта аламыз.

Қазақстан әйелдерінің биліктегі арақатынасы туралы мәселе, яғни, саяси аренаға әйелдердің қатысы қазіргі күн тақырыбындағы өзекті проблема. Тарихи тәжірибені зерделесек, кеңестік жүйенің коммунистік партиясы әйелдерге байланысты заңдарды, әлеуметтік саясатты дамыту стратегиясын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Мемлекеттік саясаттағы гендерлік проблеманы енгізу нәтижесі жоғары білімді әйелдердң санының өсуімен сипатталады. Мәселен, 1939 жылы халық шаруашылығындағы 1000 әйелдің алтауы жоғары білімді болса, 1959 жылы бұл цифр – 29, 1970 жылдары – 55, 1979 жылы – 91 болған...

Әйелдердің еңбектегі белсенділігінің артуы экономиканың, мәдениеттің даму талабымен айқындалғаны түсінікті. Оның үстіне білімділік пен кәсіби жоғары даярлық үлесі де өсті, бұл өз кезінде әлеуметтік жағдайдың басты критериіне айналды. Кеңестік кезеңнің тарихындағы басты ерекшелігі - әйелдердің әлеуметтік позициясына саяси қолдау көрсетуде эгалитаризм идеологиясын жетекшілікке алған. Мемлекет әйелдерінің сайлану құқығын, қоғамның барлық саласындағы рөлін арттыруды жүзеге асырды. Дегенмен, әйелдердің саяси өкілеттілігі кеңестік саяси жүйенің шеңберіндегі шараларға тәуелді болғанын есте ұстауымыз керек.

Әйелдерді билікке қатыстыру ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында кеңінен өрістеді. Алайда, партиялық-шаруашылық, қоғамдық-саяси басқару аппаратына әйелдерді көтеру ісі өте төменгі деңгейде жүргізілді. 1989 жылы басшылық қызметтегі әйелдердің үлес салмағы 4,8 пайыз болды (оның ішінде, өнеркәсіпте – 9,4 пайыз, ауыл шаруашылығында – 5,5 пайыз, транспортта не бәры – 0,6 пайыз, байланыс жүйесінде – 4,3 пайыздай...) Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда, кеңес үкіметі тұсында басшылық қызметке әйелдердің тағайындалуы сиректеу болғанын көреміз. Әйел қауымы интеллектуалдық мүмкіндігі ер адамдардан кем түспейтіндігі белгілі. Демек, қоғамның билік жүйесіндегі әйелдің жағдайы отбасылық-тұрмыстық дәстүрден асып шыға алмады. Шын мәнінде, кеңестік кезеңде әйелдердің дискриминациясы «жасырын» практикамен іске асырылды.

Тоталитарлық саяси жүйеде мұның бәрі өміршілдік-әкімшілдікке, орталықтандырылған жоспарды экономикаға, бір партиялық монополияға бағындырылды. Сондықтан билік органдарының қалыптасу тетігі де осындай бағытта айқындалды.

Егемен Республикамыздың тұңғыш Конституциясының қабылдануы сайлау жүйесінің мүлдем жаңа кезеңін тудырды десек те, 1994 жылғы сайлаудың нәтижесі бойынша, 13-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 176 депутаттары арасында әйелдер Кеңесі ұйымдарының 3 мүшесі болды. Бүгінде Парламент депутаттарының арасында әйелдер не бәры 11 пайызды құрайды. Еліміздің Парламенттік корпусы, билік құрылымындарында негізінен ер-азаматтар отыр. Министрлер мен вице-министрлер арасындағы әйелдер саусақпен санарлықтай ғана.

Сондықтан, қазіргі Қазақстан әйелдері бейүкіметтік ұйымдар құрып топтасу арқылы өз мәртебесінің, әлеуметтік жағдайының өзгеруіне белсенді ықпал жасауда. Әйелдер өздерінің экономикалық ресурс ретіндегі сапалық қасиетін өтпелі кезеңдерден жоғалтпай келеді. Қазіргі Республика тұрғындарының жартысынан астамын құрайтын әйелдер нарық жағдайына бірден бейімделді, саяси өмірге белсене араласты. Осының барлығының басты өзегі - әйелдің ұрпақ тәрбиесіне, оның өсіп-өнуінің игілігін еселеп жетілдіруге бейжай қарай алмауынан туындайтын сапалық қасиеті. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы әйелдер қозғалысы институты кенеттен басталған құбылыс емес. «Заң» газетінің 28 қарашасындағы нөмірінен біздің республикамызда 374,4 мың әйелдердің жұмыссыздығы, оның біразы жоғары білімді екендігі жайлы деректерді оқыдым. Қазақ ұлтының бесігін түзейтін әйелдердің жағдайы Үкімет тарапынан шұғыл түрде қамқорлыққа алынбаса қазақтың саны қалай көбеймек.

Әйелдердің белгілі бір саяси позициясын айқындауы әлеуметтендірілуді талап етеді. Ол үш түрлі салада өрістейді: белсенді іс-әрекет, қарым-қатынас, саналы түрде айқындалу. Аталған салалар саяси сипатта көрініс табады. Бұл сипаттағы саяси білім мен біліктілік жүйесін игеру барысында бекітеді. Саясаттағы әйелдер, олардың саяси әлеуметтендірілуі саяси іс-әрекетінің барлық деңгейін қамтығанда ғана нақты саяси салмақ пен мәртебеге, беделге ие болады. Оның нақты дәлелі «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» белсенді қызмет әрекеті болып отыр (президенті Р.Сарсембаева).

Елбасымыз «Әйел саяси шешім қабылдау процесінен тыс бола алмайды. Өкімет органдарында әйелдердің өкілеттілігі жеткілікті дәрежеде емес. Әйелдерсіз демократия болуы мүмкін емес», - деп атап көрсеткендей, әйелдердің әлеуметтік тепе-теңдігі заңмен қамтамасыз етіліп, қоғамдық, атмосферада тұрақты басымдыққа айналуы тиіс. Бұл мәселенің ойдағыдай орындалуына біз, әйелдер – қоғамдық күш ретнде жұмыла еңбек етуіміз керек деп ойлаймыз. Өйткені, біздерге бүгінгі ұрпақ пен бүгінгі отбасы қамын ойлау міндетімен қоса қоғамның саяси, мәдени, рухани өміріне белсене араласуды заман талабы жүктеп отыр.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Келесі ұғымдарды: рөл, конвенционалды(мораль,заң, құқық бойынша) және тұлғааралық рөлдер, эгалитарлық, патриархалды отбасылар деген ұғымдарды қалай түсінесіз?

2. Отбасындағы рөлдер жүйесі қандай талаптарға сай болулары керек?

3. Жетімдер үйлерінде тәрбиеленген балалар қандай рөлдерді ойнайды?

4. Отбасын кім басқаруға тиіс?

5. Отбасында балаларға деген соқыр махаббат неге әкеліп соғуы мүмкін?

6. Отбасында бала тәрбиесінде қандай қателіктер жиі кездеседі?

7. Отбасында бала тәрбиесінде әке, ана қандай рөлдер атқарады?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Отбасындағы балалардың тәрбиесі ... байланысты.

Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған әйелдер....

Отбасындағы баланың дамуына қолайлы жағдайдың бастысы...

Ананың алдында өз борышыңды.... ақтай алмайсың.

Әке балаға....



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет