12-тақырып. Қазіргі қазақ поэмасы.
Қазіргі қазақ поэмасының ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер - қаһаманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі.
13-тақырып. Қазақ әдебиетіндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
Ақын-жазушылардың әсемдік әлемі, талант және шеберлік. Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары.
14-тақырып. Әдебиеттану ғылымының өзге ғылым салаларымен байланысы.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері. Технократтық индустрия негізінде жоғары дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі, әдебиетіндегі интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі.
Достарыңызбен бөлісу: |