Жұмыс бағдарламасы 6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған



бет14/20
Дата29.12.2021
өлшемі218,5 Kb.
#106514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
13-тақырып. Дәстүр және жаңашылдық

Қазақ поэзиясында Абай дәстүрі және ақын салған соны соқпақ. Өлең өріміне қатысты жаңа көзқарастар.

Әуезовтың әсемдік әлемі, талант және шеберлік. Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары.

Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Бөкеев прозасындағы дәстүр жалғастығы мен жаңашыл шешімдер. Көркемдік ізденістер, интеллектуальдық толғамдар, мифологизм элементтері, т.б.


14-тақырып. Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы бүгінгі көзқарас

Төңкерісшіл ақын-жазушылардың ұстаған саяси бағыттары және оның идеялық негізі. Қазақ әдебиетіне қосқан олардың шығармашылық үлесі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларындағы дәуір шындығы және олардың бейнелеу тәсілдері. Олардың шығармаларының көркемдік деңгейі. Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы қазіргі әр түрлі ой-пікірлер.
15-тақырып. Көркем шығармашылықтағы әдеби сынның ролі. Қазіргі әңгіме жанрының даму ерекшеліктері.

Қазақ әдеби сынының қазіргі жай-күйі. Сынның көркем шығармашылық процеске әсері. 20, 30, 40, 50, 60 жылдардағы әдеби сын және оның даму, өркендеу жолдары. Қазіргі сындағы тоқыраушылықтың сыры мен сипаты. Ұлттық әдеби сынның болуы мүмкін бе және оған ғылыми-деректілік тұрғысынан берілер жауап.

Қазіргі қазақ әңгімесі. Оның жанрлық ерекшеліктері. Әңгімедегі мінез мәселесі. Әңгімедегі тартыс туралы соңғы ғылыми тұжырымдар. Әңгіменің өткені мен ертеңі туралы болжамдар. Қазақ әңгімесінің образдық жүйесі. Әңгімедегі романтикалық сарын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет