Жұмыс бағдарламасы 6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған


-тақырып. Әдеби шығармашылық психологиясы



бет11/20
Дата29.12.2021
өлшемі218,5 Kb.
#106514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
9-тақырып. Әдеби шығармашылық психологиясы

Шығармашылыққа қоғамдық сана жай-күйі, сұранысы мен қаламгер физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық ерекшеліктерінің ықпалы. Шығармашылық психологиясындағы субъективті және объективті факторлардың ролі. Эстетикалық әсердің автор ақылы мен еркінен тыс тұратын жұмбақ сырларының шығарма мазмұны мен идеясына әсері. Оның табиғатын зерттейтін әдіс-тәсілдердің қазіргі жай-күйі және болашағы.

Шығармашылық процестің таңғажайып сәттері, оның шығарма поэтикасына әсері, көрінісі. Оны тәжірибе және деректі материалдар негізінде зерттеудің мүмкіндігі.

Психоанализ және шығармашылық. Көркем шығарма талдаудың психологиялық әдіс-тәсілдері, басты бағыттары. Әдебиет психологиясы мен оны зерттеу жүйесін, әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.


10-тақырып. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері

Дүниетаным мәселелеріндегі әдебиеттің орны. Адамгершілік және гуманизм идеяларының қазіргі әдебиетте бейнеленуі, проблемалары. Осы бағыттағы көрнекті қаламгерлер ізденістері. Ұлттық және адамзаттық белгілердің синтезі. Әлеуметтік мәселелерді салғырт қабылдаудың, бейнелеудің салдары. Мәңгілік майдан, бітіспес дау идеяларының қазіргі әдебиеттегі көріністері. Мазмұн мен пішін аясындағы жаңа ізденістер арнасы. Жаңа жанрлық түрлер дамуының бағыттары.

Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері. Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі. Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар.

Салыстырмалы-жүйелі зерттеу негіздері. Типологиялық зерттеу объективтік-аналитикалық зерттеу принциптері. Тарихи-қызметтік (историко-функциональная) зерттеу. Телелогиялық методология және оған қажетті әдіс-тәсілдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет