Жұмыс бағдарламасы «Анатомия спорттық морфология негіздерімен»



бет2/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,91 Mb.
#34712
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Қол бұлшықеттері





  1. Дельта тәрізді бұлшықет. Ол иық буынын жабады. Ол 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Әрбір бөліктің өзінің қимылдайтын бағыты болады.

  2. Бицепс. Қолдың алдыңғы жоғары жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен бүгеді.

  3. Трицепс. Қолдың арты жоғарғы жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен жазады.

  4. Саусақтарды жазғыштар мен бүккіштер. Олар саусақ қозғалысымен бағытталады.

  5. Бұғана – төс-емізік бұлшық еті. Бұлшықет біржақты жиырылғанда мойын, бас сол бағытта қисайып айналады, екі жақты жиырылғанда бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.

  6. Мойының түп жағында орналасқан сатылы бұлшықет. Омыртқа қозғалысына көмектеседі.

  7. Трапеция тәрізді бұлшықет. Ол – арқаның жоғары тұсындағы жалпақ бұлшықет. Ол жауырынды көтеріп, түсіріп, басты артқа бұру қызметін атқарады.


Кеуде бұлшықеттері.


  1. Кеуденің үлкен бұлшық еті. Қолды денеге жақындатып, ішке қарай бұрады.

  2. Алдыңғы тісті бұлшықет – жоғарғы ІХ қабырғалардан тіс тәрізді басталып, жауырының медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады. Қызметі: жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік жасайды.

  3. Қабырғааралық бұлшықеттер. Қабырғада орналасқан тыныс алу кезінде жұмыс атқарады.


Іштің бұлшықеттері.


  1. Іштің тік бұлшықеті – төс сүйегінің семсершесінен және қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Кеудені алға қарай бұрады.

  2. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті - жалпақ ет, төменгі VІІІ қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады.


Арқа бұлшықеттері.


  1. Арқаның өте жалпақ бұлшықеті - төменгі VІ кеуде омыртқасының қылқаншасынан барлық бел омыртқаларынан, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп, қыр сүйегінің басындағы кіші томпаққа барып бірігеді. Иықты кеудеге келтіріп, қолды ішке бұрап, артқа қарай тартады.

  2. Ұзын бұлшықеттер. Омыртқаны бойлай орналасқан. Кеудені жан – жаққа бұрып, жазады.

  3. Трапеция тәрізді бұлшықет, арқа бұлшықетіне де қатысы бар.


Аяқ бұлшықеттері.


  1. Жамбас бұлшықеті. Аяқты ұршықты буын түрінде қозғалтады, жазады, санды ішке, сыртқа айналдырады. Кеудені тік етеді.

  2. Санның 4 басты бұлшықеті – санның алдыңғы бетінде орналасады. Тізе тобығын жауып, балтырды тізе буынында жазады.

  3. Санның 2 басты бұлшықеті – санның артқы бетінде орналасқан. Тізе буыны аяқты бүгіп, ұршықты буын түрінде жазады.

  4. Балтыр бұлшықеті. Тізе арт жағында орналасқан табанды бүгіп, тізе буынының бүгілуін қамтамасыз етеді.

  5. Камбал тәрізді бұлшықет. Тізе тереңдігінде орналасқан. Табанды бүгеді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Бұлшықеттердің құрлымы.

  2. Бұлышқеттерді қай белгілері бойынша ажыратады.

  3. Қай бұлшықеттерді құрлымы бойынша ажыратады.

  4. Ұзын бұлшықеттерге қай бұлшықеттер жатады.

  5. Қысқа бұлшықеттерге жатады.

  6. Жалпақ бұлшықеттерге қандай түрлер жатады?

  7. Қай бұлшықеттерді функциясы бойынша ажыратады?

  8. Буындарға байланысты бұлшықеттерді қалай ажыратамыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

  8. Синельников Р. Д. Адам анатомиясының атласы. Т.1, - М. 1996. Т.2, - М. 1973. Т.3, - М. 1974.

4 лекция.



Тақырып: Ішкі органдар жайлы түсінік. Асқорту, тыныс алу жүйелері.

Мақсаты мен тапсырмалар: ішкі органдар, асқорыту, несеп-зәр шығару жүйесі, тыныс алу жүйесінің құрлымын меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Асқорту жүйесі.

  2. Тыныс алу жүйесі.

  3. Несеп-зәр шығару жүйесі.

Тыныс алу дегеніміз – О2 қабылдап, СО2 шығару барысында физиологиялық құбылыс болып табылады. Тыныс алу процесі бөлінеді: сыртқы өкпе мен атмосфера арасында газ алмасады; ұлпалы, қан және дене клеткасы арасында О2 мен СО2 алмасу.

Сыртқа тыныс алу ауа тасымалдайтын жолдардан тұратын тынысалу аппаратының көмегімен жүзеге асырылады (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, трахея, бронхылар).

Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылынады, дымқылданады. Оның кілегейлі қабығында ауамен бірге енген зиянды заттар мен ауру қоздырғыштарға қарсы арналған қорғаныс қасиеттері болады. Ауызбен тыныс алғанда ауа тазармай, жылымай жтқыншаққа, содан соң көмекейге барады.



Тыныс алу көлемі - ауа көлемі, өкпеарқылы өтеді. Жай тыныс алып, тыныс шығарғанда 1,5 л. ауа шығарады.

Өкпенің тіршілік сыйымдалығы - адам қалыпты жағдайда тыныс алып, тыныс шығарғандағы өкпенің көлемі (500 мл) мен өкпенің тыныс алу, тыныс шығаруының резервтік немесе қосалқы (500 мл + 1500 мл) көлемдернің қосындысына тең. Өкпенің тіршілік сыйымдылығының жас және жыныс ерекшеліктері байқалады. Ерлерде өкпенің тіршілік сыйымдылығы – 4200 мл, әйелдерде - 3500 мл. Спортпен шұғылданатын ер адамдарда 7000 мл, әйелдерде 5000 мл.

Тыныс алу жиілігі – кеуде қуысының 1 минутта жасаған қозғалысымен есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттық жиілігі – 18 рет. Спортпен шұғылданатын адамдарда тыныс алу көлемінің ұлғаюына байланысты тыныс алу жиілігі минутына 8 – 12 циклге төмендейді. Дене шынықтыру барысында тыныс алу жиілігі көбейеді, мысалы жүзушілер минутына 45 цикл.

Өкпелі вентиляция - минутына өкпе арқылы өтетін ауа көлемі. Тыныштық жағдайда 5000 – 4000 мл көлемде болады. Дене шынықтыру барысында бұл көрсеткіш жоғарылайды.

Оттегіні пайдалану - организмнің 1 минутта тыныштық немесе жүктеме түсіргендегі пайдаланылған оттегі мөлшері. Тыныштық жағдайда 1 минутта адам 150 – 300 мл оттегін жұмсайды. Дене шынықтыру барысында бұл көлем ұлғаяды. Бұлшықеттердіңжұмыс істеуі барысында организмнің қолданылатын О2 мөлшері, «Оттегі максимальді қолдану» деп аталады.

Ішкі органдарға - асқорту, тыныс алу, несеп-зәр, жыныс жүйесін жатқызады. Зат алмасу процесіне жыныс жүйесі ғана қатыспайды, себебі ол көбею қызметін атқарады.

Асқорту жүйесі - ас қорыту мүшелеріне түскен тағам физикалық және химиялық өңдеуден өтіп, нәрлі заттар анағұрлым қарапайым заттарға қортылады, қанға сіңеді. Ас қорыту жолының ұзындығы 8 – 10 м және келесі бөлімдерге бөлінеді: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ащы, тоқ ішек. Жоғарғы 3 бөлім бас, мойын, кеуде бөлігінде орналасқан. Жұтқыншақта асқорыту каналы тыныс алу жүйесімен аяқталады. Өңеш диафрагма арқылы өткенде асқорыту түтігі кеңейе түседі, содан асқазан қалыптассды. Содан кейін 12 ені ішек кетеді. Тоқ ішек құрамына өсіндісі бар соқыр ішек кіреді.

Тыныс алу жүйесі - қанды оттегімен қамтамасыз етіп, оны мүшелер ұлпаларына тасымалдайды.

Алдымен ауа мұрын қуысына келеді. Бұл жерде ауа тазарып, жылынып, дымқылданады. Жылынған ауа мұрын қуысына өтіп, ауыз бөлігіндегі жұтқыншақтан көмекейге барады.

Көмекей үстіндегі шеміршек - көмекейге кіреберістегі тіл түбірінің артында. Ол адам жұтынғанда көмекейді жауып тұрады, сол кезде тамақ өңешке өтеді.

Кеңірдек көмекейдің тікелей жалғасы. Ол түтікше пішіндес. Ұзындығы 11 – 12 см. Кеңірдек сол және оң жақ өкпеге баратын екі бронхқа бөлінеді.

Бронх пен кеңірдектің ішкі қабырғаларының шырышты қабаты кірпікшелі эпителимен қапталған. Бронхтар өкпеге еніп, ұсақ бұташаларға дейін бұтақтанады. Бұл бронхиолдар, бұлардың соңында ауаға толы альвеолдары бар. Өкпе көпіршіктері сырт жағынан капиллярлармен қапталған. Капилляр мен көпіршіктер қабырғасы өте жұқа болып келеді. Ауа мен қан аралығы 0,001 мм аспайды. Өкпе альвеолдарындағы газ алмасу диффузиялық жолмен өтеді.

Тыныс алу мен дем шығару тыныс алу орталығымен реттеледі.Ол қандағы СО2 болуына өте сезімтал. Тыныс алу орталығынан жүйке импульстері тыныс алу қозғалысын келтіретін бұлшықеттерге барады.

Зат алмасудың соңғы өнімі адам ағзасынан өкпе, тері, ішек, негізінен зәр шығару арқылы шығарылады.

Зәр – несеп шығару, жыныс жүйесі - зәр шығару және жыныс жүйесін жүйесін біріктіреді. Бұл органдар бір – бірімен өте тығыз байланысты.

Зәр шығару жүйесінің ағзалары - бүйрек, несепаағар, несеп қуығы, несесп – зәр шығару түтігі. Зәр шығару жүйесінің негізгі органы - бүйректер. Бұл массасы 150 гр болатын пішіні бұршаққа ұқсайтын жұп мүше. Іш қуысының артқы жағында, бел аймағында, бел омыртқаларының аралығында орналасқан. Бүйрек сыртын қабық қаптайды. Көлденең кесіндісінде екі қабат анық байқалады: сыртқы - қыртысты, ішкі – милы қабаттан тұрады. Милы қабатында бүйрек пирамидалары орналасқан. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал ұшы қуысқа бағытталған. Оның жіңішкерген соңғы бөлігі несепағармен жалғасқан. Ол несеп қуығына қарай ашылады несеп қуығынан несеп – зәр шығару түтігіне шыға беріс 2 мықты жуан бұлшықеттермен жабылады, олар зәр шығару кезінде ашылады. Бүйректің милы қабатында 1 млн бүйрек капсулалары орналасқан. Қабырғалары бір қабатты эпителимен қапталған. Капсулада капиллярлы бүйректі түйіндер бар. Фильтрациядан кейін капсулада алғашқы зәр қалыптасады – бұл ақуызсыз, жасушасыз плазма. Артық тұзы бар, зәр қышқылы, мочевина және т.б. зиянды қалдық өнімдері, аммиак – соңғы зәр болып табылады. Бұл зәр шығару каналы арқылы рефлексті түрде несеп ағардан шығады.


Бүйректің қызметі.

Бүйрек - биолгиялық фильтр. Бүйрек арқылы қанда организмнен артық су, минералды тұздар, зат алмасу өнімдері, улы заттар, дәрі - дәрмек сүзіліп, сыртқа шығарылады.

Гуморальдық реттелуге қатысады. Ішкі мүшелердің құрамындағы сұйықтықтардың химиялық құрамын, қасиетін реттейді.

Гомеостаз процесін қадағалайды – бүйрек биологиялық активті заттарды синтездеп, гормондар бөледі.

Бүйрек қызметі вегетативті, жүйкелі, гуморальды жолмен реттеледі.Зәр шығару мүшесі, біріншіден 2 бездерден, екіншіден зәр жиналуы мен шығарылуына қажет мүшелерден тұрады.



Өзін - өзі бақыцлауға арналған сұрақтар.

  1. Асқорытудың маңызы.

  2. Асқазанды – ішекті тракт қандай функцияларды атқарады?

  3. Ауыз қуысында қандай процесстер жүреді?

  4. Асқазанның қызметі.

  5. Ассимиляция, диссимиляция дегеніміз не?

  6. Организмдегі витаминдер маңызы.

  7. Негізгі зат алмасу деген не?

  8. Тыныс алудың маңызы неден тұрады?

  9. Сіздер тыныс алудың қандай этаптарын білесіздер?

  10. Жоғарғы тыныс алу жолы мен өкпенің құрылысы.

  11. Тыныс алу циклінің фазасы қандай? Мінездеме беріңдер.

  12. Тыныс алу мен тыныс шығару, альвеолярлы ауа құрамы.

  13. Тыныс алу мен тыныс шығару механизмдері қандай?

  14. Қандай өкпе көлемі бар?

  15. Қандай шығару органдары?

  16. Бүйрек қызметі.

  17. Нефрон құрылысы мен функциясы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

  8. Синельников Р. Д. Адам анатомиясының атласы. Т.1, - М. 1996. Т.2, - М. 1973. Т.3, - М. 1974.

  9. Анатомия человека / под.ред Козлова В. Р. М., 1978.

  10. Леви А., Сикевиц Ф. Структура и функция клетки. М., Мир - 1971.

  11. Альбертс Б. И. Др. Молекулярная биология клетки - 1987., Т.1 – 5.

  12. Анатомия человека в 2-х томах/ под. ред. М. Р. Сапина - 1987.

5 лекция.



Тақырыбы: Жүйке жүйесі жайлы түсінік.

Мақсаты мен тапсырмалар: адамның жүйке жүйесінің құрлымының жоспарын меңгеріп, анықтама беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Орталық жүйке жүйесі.

  2. Перифериялық жүйке жүйесі.

  3. Вегетативті жүйке жүйесі.

Адамның жүйке жүйесі организмдегі барлық жүйені біріктіріп, бірнеше млрд жүйке клеткаларынан және олардың өсінділерінен тұрады. Ұзын өсінділер біріктіріліп, жүйке талышқтарын қалыптастырады. Олар адам организмімен ұлпалардан өтеді.

Жүйке жүйесін орталық және перифериялық деп 2-ге бөледі. Орталық жүйке жүйесіне бас ми мен жұлын ақ және сұр заттан тұрады.

Перифериялық жүйке жүйесі бас пен жұлыннан кететін жүйкелерден құралған. Бас миынан бас мидан 12 жұп жүйке шығады, жұлыннан 31 жұп жүйке шығады.

Жүйке жүйесін функциональдық принцип бойынша соматикалық және вегетативтік деп 2-ге бөледі.

Соматикалық жүйкесі дененің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етіп, қаңқа бұлшықетін немесе көлденең жолақты бұлшықетті жүйкелендіреді, сезім және қимылды қамтасыз етеді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі мүшелер жүйесін реттейді.

Жүйке жүйесі рефлекстің принциптарына әсер етеді. Бұл рефлекстің екі түрін ажыратады. Шартсыз және шартты рефлекс - тітіркендіргіштерге жауап беретін және орталық жүйке жүйесіне қатысатын процесс болып табылады. Қозғалмалы дағды - қозғалмалы әрекетке, ойлауға және назар аударуға қатысады. Қозғалмалы дағды жағынан үш фазаны қарастырады: генерализациялық, концентрациялық, автоматизациялық.

Генерелизациялық фаза – қоздырғыш процессіне әсер ететін және де қосымша жұмысты іске асыратын қорытынды. Бұл фазада қозғалыс нашар және сенімсіз жүреді.

Концентрациялық фаза - қозуды және оның дифференциялық міндетіне қажет ететін басты ми болып табылады. Бұл фазада қозғалыс нақты жүреді.

Автоматизациялық фаза - қозғалыс автоматты түрде, ойлау қабілетінің қалыптасуынсыз жүреді. Қозғалмалы дағды әртүрлі анализаторлардан тұрады: қозғалмалы, вестибудярлы, түгі және т.б. Анализаторлар – сыртқы түйсікті мүшелерден бастап миға дейінгі күрделі жүйке механизмі. Функциялық өзгеріс және анализаторлар қатынасы шынығу жаттығуына қатысты қозғалмалы анализаторларына, көруін ұлғайтады (норма - 15о, 30о дейін). Тері анализаторы жаттығу процесіне қалыптасқан шыныға жаттығулары адамның жүйке жүйесіне қатысады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ).

  2. ОЖЖ –ң жалпы функциясы.

  3. Перифериялық жүйке жүйесі.

  4. Рефлекторлық доға - рефлекстің материалдық негізі.

  5. Рефлекстердің түрлері.

  6. Жұлын.

  7. Жұлынның қалыпты формасы және құрылысы.

  8. Мидың жоғарғы бөлімі ОЖЖ

  9. Нейронның структурасының және функциясы.

  10. Вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ).

  11. Жүйке жүйеснің функциясы.

  12. Соматикалық жүйке жүйесі.

  13. ЖЖ-нің негізгі элементтері және функциясы.

  14. Рефлекс.

  15. Рефлекторлық доға. Принциппен байланысы.

  16. Орталық жүйке жүйесінің тежелуі.

  17. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

  8. Синельников Р. Д. Адам анатомиясының атласы. Т.1, - М. 1996. Т.2, - М. 1973. Т.3, - М. 1974.

  9. Адам анатомиясы. Козлова В. Р. М., 1978.

  10. Леви А. Синевиц Ф. Клетканың курсы және функциясы. М., Мир - 1971.

6 лекция.



Тақырып: Сезім мүшелері: көру, иіс сезу, дәм сезу т.б.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары: Сезім мүшелерін оқыту (көру, иіс сезу, дәм сезу, есту).

Негізгі сұрақтар:

  1. Көру мүшесі.

  2. Иіс сезу мүшелері.

  3. Дәм сезу мүшесі.

Сезім мүшесі қарастырады: көру, иіс сезу, дәм сезу және т.б. Көру мүшесі көз қарашығынан және аппаратынан тұрады. Қарашық көздің ішкі бөлігінде орналасады. Сонымен қатар бассүйектің беткі және миға жақын сүйектермен қарастырады. Алдыңғы және артқы полюстерін ажыратуға болады. Алдыңғы полюс роговицаның орталығына жауап береді. Түзу сызық алдыңғы және артқы полюсты, көздің көру мүшесі деп аталады. Қарашық қабық және жарықты қабылдау үшін көздің негізгі бөлігі болып табылады. Сыртқы қабық фибриозлық деп, ортаңғы - сосудттық, ал ішкі - сезімтал.

Жасөспірімдердің көру мүшесі. Көз қабықшаларының үш түрін: сыртқы, ортаңғы ішкі деп қарастырылады. Пред улитковой орган үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ. Сыртқы құлап қасқанынан және сыртқы есту мүшелерінен тұрады. Ортаңғы құлақ барабанды жолақтан және есту трубкалардан тұрады. Ішкі құлақ шеміршекті сүйектен тұрады.

Есту анализаторлары. Есту анализаторының жолдары. Есту гигиенасы.



Өзін өзі тексеру сұрақтары.

  1. Анализаторлар дегеніміз не?

  2. Анализатордың функцияларының және структурасының белгілері

  3. Қай бөлімде ми анализаторлар қарастырылады?

  4. Анализатордың қандай түрлері бар?

  5. Көз қарашығының құрылысы қандай?

  6. Көздің түрлі қабатының құрылысы қандай?

  7. Көру мүшесіне қандай гигиеналық тапсырмалар қажет?

  8. Есту механизмі қанадай тербелістерді қабылдайды?

  9. Құлақтың құрлысы қандай?

  10. Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?

  11. Дәм сезу рецепторлары қандай?

Ұсынылғын әдебиеттер.

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

  8. Синельников Р. Д. Адам анатомиясының атласы. Т.1, - М. 1996. Т.2, - М. 1973. Т.3, - М. 1974.

7 лекция.



Тақырып: Жасөспірім морфологиясы. Онтогенездің негізгі этаптары.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары: Онтогенездің негізгі этаптарын оқыту.

Негізгі сұрақтар:

  1. Онтогенездің негізгі этаптары.

  2. Интегральды көрсеткіштер.

  3. Акселерациялық даму. Онтогенездің факторлары.

Жасөспірімдер морфологиялық анықтау. Жасөспірімдер морфологиясы педагогикамен теориямен және методикалық, физикалық экологиямен және басқа да ғылыми сала байланысады.

Жасөспірімдер морфологиялық тапсырмалары. Методикалық зерттеулер. Жасөспірімдер морфологиясы. Жасөспірімдер морфологиясының классификациясы. Онтогенездің негізгі этаптары және морфологиялық мінездеме. Негізгі органның дамуы. Эндогендік, циклдік, қалыпты, синхрондық. Сүйекті жақ. Дене мөлшерінің өзгеруі. Жыныс және оның морфофункциональдық мінездемелері. Тіс шығу шағы. Акселерациялық талдау және онтогенез факторлары. Әсіресе жасөспірімдік шақ ішкі мүшелер мен жүйке жүйесі арқылы қарастырылады.

Биологиялық шақ қозғалмалы шақ және физикалық жағдайы болып табылады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары.

  1. Жасөспірімдер шағын морфологиялық анықтау.

  2. Жасөспірімдер шағының морфологиялық тапсырмалары.

  3. Онтогенездің негізгі этаптары және морфологиялық мінездеме.

  4. Органдардың негізгі дамуы.

  5. Акселерациялық қалыптасу және онтогенездің факторлары.

  6. Жасөспірімдердің биологиялық көрсеткіштері.

  7. Жасөспірімдердің дене мөлшерінің өзгеруі.

  8. Жаныстық жетілу және морфофункциялық мінездеме.

  9. Акселерациялық құрлым және онтогенез факторлары, организмнің факторлары.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

8 лекция.



Тақырып: Конституциональдық морфология және жыныс деморфизмі.

Сабықтың мақсаты мен тапсырмалары: Болашақ педагогтарды конституциональдық морфология және диморфизммен танытыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Конституциональдық морфология.

  2. Жыныс диморфизмі.

Конституцинальды морфология және оның міндеттері. Бұл саланың негізгі компоненттері адаптациялық конституция: дене мөлшері, дене массасының мөлшері, дене пропорциясы және т.б. Дене пропорциясы - адамның негізгі гормониялық мінездемесі болып табылады. Дене пропорциясының түрлері варианттық схема. Бұл құбылыстың өзгеруі және адам денесінің дамуы. Дене массасының мөлшері, оның компоненттері және методикалық анықтаулар. Жалпы мінездеме және классификациясы. Соматотиптік схема: М. В. Черноруцкий, В. Г. Штефн, А. Д. Островский, В. В. Букан, И. В. Гагант, В. Шелдон және В. П. Чтецов және морфофункциональдық мінездеме.

Адам денсаулығы пәнінің морфологиялық моделі. Дене массасы және массаға баға беру. дене массасы. Принциптері. Дене салмағы.

Жыныс диморфизмі. Ерлердің және әйелдердің онтогенездің организмдері.



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Конституциональды морфология нені қарастырады?

  2. Антропометрий және антропоскопий негізгі әдістері?

  3. Дене пропорциясы қандай?

  4. Адам денесі құрлысы және дене пропорциясының қалыптастыру?

  5. Дененің негізгі анатомиялық құрлысы?

  6. Дене классификациясы?

  7. Жасөспірімдердің сымбатты дененің өзгеруі.

  8. Адам денесінің сымбаттылығын анықтау әдісі.

  9. Ерлердің және әйелдердің онтогенездік морфологиясы.

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

9 лекция.



Тақырып: Жалпы динамикалық морфология.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары: Болашақ мұғалімдерді жалпы динамикалық морфологиямен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Дене қозғалысының анализі және автоматтық қалпы.

Динамикалық морфологияны анықтау және оның ғылыммен байланысы. Жыныстық диморфизм, биомеханика, спорттық морфология және т.б. Динамикалық морфологияның классификациясы. Динамикалық морфологияның негізгі тапсырмалары және құрлымы. Анатомиялық анализ және адамның қалыпты қозғалуы. Жаттығулар мен қозғалыстардың морфологиялық оқыту. Жалпы орташа салмақ және жалпы орташа масса адам денесіне әсерін тигізеді. ЖОС және ЖОМ әдістемелік анықтаулар. Адамның дене мөлшері және оның салмағы түсініктеме беру.

Морфокинезиологиялық анализ басты қалпы. Негізгі мәдениет және спорт негізгі қозғалмалы жоғарғы аяқ – қол толықтыру. Сабақтың физикалық мәдениеті және спорт.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Динамикалық морфологияны анықтау.

  2. Анатомиялық анализдің қалыптасуы және адамның қозғалысы.

  3. Салмақтың жалпы орталығы (ЖОС).

  4. Морфокинезиологиялық анализ жағадйындағы қол – аяқ.

Ұсынылғын әдебиттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

10 лекция.



Тақырып: Динамикалық морфология.

Негізгі сұрақтар:

  1. Дене қалпының анатомиялық мінездемесі.

  2. Дене қозғалысының анатомиялық мінездемесі.

Дене қалпының анатомиялық мінездемесі. Дене қозғалысының анатомиялық қалыптасуы. Жалпы қозғалысының квалификациясы және мінездемесі. Ходьбидің циклы, фазалары мен кезеңдері. Жай және екі қадам. Жүгіру. Жүгіру фазалары, дененің қозғалмалы аппараты мен кезеңдерін қалыптастырады.

Орнында тұрып, ұзындыққа секіру. Секірудің негізгі фазалары. Сыртқы және ішкі күш секірудің әрбір түрлеріне әсер етеді және дене қалпы және жұмыстың қозғалмалы аппараты секіру фазасына әсер тигізеді. Орнынан ұзындыққа секіру денеге байланысты. Айналмалы қозғалыстардың анатомиялық мінездемесі. Айналмалы қозғалыстардың жалпы классификациясы мен мінездемесі.

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

11 лекция.



Тақырып: Дене шынықтыру және спортты морфологиялық, массалық қаматмасыз ету.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары: Спорттық морфолдогия негіздерімен танысу, адаптация ілімі.

Негізгі сұрақтар:

  1. Жалпы теориялық негіз, адаптация туралы түсінік.

  2. Қозғалысты қамтамасыз ету жүйесі, физикалық жүктемелерге қимылды қалыпқа келтіруді қамтамасыз ететін жүйе.

Адаптацияның жалпы теориялық негіздері. Адатация туралы түсінік. Қимылдың морфофункциональдық жүйені және компоненттері. Адаптациялық реакцияның факторы мен эффектісі. Бір реттік, көп реттік әсер, ағзының реакциясы. Ағзаның нормалық реакциясы туралы түсінік. Қалыпты реакцияны белгілейтін нормалық реакция. Тұқым қуалаушылық, физиологиялық қалып, жыныс, жас, денсаулық қалпы, алдын –ала тәжірибе жүргізу, конституция және т.б. Күйзеліс морфофункциональдық адаптация механизімі ретінде. Адаптация физика (үрей, қарсылық, күйзеліс) және морфологиялық сипаттамасы. Ағзының бейімделу жолдары, физикалық жүктемелер. Регенерация ролі, атрофия және гипертрофия спорттық іс - әрекеттерге морфологиялық адаптациясы. Регенерация формалары.



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Адаптация туралы жалпы теориялық негіздер.

  2. Физикалық жүктемелердегі адаптация.

  3. Қимылды қалыпқа келтіру жүйесі, физикалық жүктемелердегі адаптация.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М. – 1985.

  2. Прибес М. Г. Анатомия человека. М – 1985, 1974.

  3. Ракышев А. Р. Анатомия человека. Алматы - 2006.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Анатомия человека. М - 1984.

12 лекция.



Тақырып: Физикалық жүктемелерге адаптация.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалар: Физикалық жүктемелерге бейімделудің теориялық негіздері.

Негізгі сұрақтар:

  1. Сүйектің өсуінің функционалдық ерекшеліктері.

  2. Бұлшықет жүйесі. Ас қорыту, тыныс алу және несеп жүйесі.

Физикалық жүкттемелерге адаптация. Сүйек жүйесі сүйек өсуінің функционалдық ерекшеліктері. Қалыпты реакцияның маңызы, спортшылардың сүйектерінің адаптациясы. Жалпы және жергілікті сүйектердің қайта құрылуы. Бас сүйегінің, кеуде, қол – аяқ сүйектерінің адаптациялық өзгерісі.Сүйек байланыстары. Фиброзды, шеміршекті байланыстарының өзгеруі спортшылардың буынындағы компоненттердің өзгеруі. Буын беткейлері, буын қалтасы. Спортшылардың буындарының қозғалу топографиясы ұнамдық өзгеруі. Бұлшықеттердің сыртқы формасының өзгеруі: көлемі, ұзындығы, эндомизия, перимизия құрлымы спортшылардың бұлшықет топографиясы. Физикалық жаттығуларды орныдау барысында, ағзаға жүктеме түседі, ол функционалдық реакциялардың жауабын тудырады жүктемелердің интенсивтілігіның көрсеткіші ретінде, жүректің жиырылу жиілігінен білуге болады.

Эндрокринді бездердің гормондарының қанға бөлінуі бір уақытта жоғарлайды. Ол барлық ағзалардың зат алмасуды жиілетеді. Бұлшықеттердің жұмысы жиірек болғанда, қан айналу күшейтуі жаттыққан жүрек бұлшықеттері, қан сосудтарының жақсы торланған.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Сүйектің өсу ерекшеліктері.

  2. Бұлшықет жүйесі.

  3. Ас қорыту, тыныс алу және несеп шығару жүйесі.

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

13 лекция.



Тақырып: Физикалық жүктемелерге адаптациясы.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалар: Физикалық жүктемелерге адаптациялау теорияларын меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Нерв жүйелері. Эндокринді аппарат.

Зерттеулер көрсеткіші бойынша физикалық жүктемелердің төмен болған жағдайында ойлау қабілеті 50% төмендейді, нерв күйзелісі, қажу, апатия ашушандық жоғарлайды.

Физикалық жүктемелерді орындайтын адамдардың көзді қимылдату анализаторы жақсы жұмыс істейді, көру кеністігі ұлғайады.

Физикалық жүктемелерді орындайтындарда нерв жүйесі жақсарады. Тотығу зат алмасу процестерін жеңілдетеді. Атересклероз пайда болуын тежейді. Зерттеулер бойынша атересклероз физикалық жүктемелерді адамдарды сирек кездеседі.

Қарынның адаптациясы, құрлымы. Бауыр, нефрон компоненттері, жүрек оның массасы, өлшемі, миокард, қанның микроциркуляциялық ағымы, қан жүйесі, перефириялық нерв жүйелері, гипофиз және бүйрек үсті бездері.

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

14 лекция.



Тақырып: Спорттық іріктеудегі морфофункционалдық көрсеткіштері.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалар: Морфофункционалдық көрсеткіштер- дің жалпы теориясын меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Спорттық іріктеу, спортсмен моделі.

Спорттық іріктеу – көп этапты жүйе. Комплексті этикалық, медико – биологиялық, психологиялық және педагогикалық мәселе.

Іріктеуді шешу тапсырмаларында берілген мамандыққа спортшының моделін жасау. Ең жиі ескертетін морфологиялық сипаттама ол – дене ұзындығы.

Спортшының моделі - информациялық белгілердің жиынтығы. Спорттық іріктеуде мынандай морфологиялық қасиеттерге сүйенеді: дененің ұзындығы, дене пропорциясы, дене массасының құрамы.



Өзін өзі тексеру сұрақтары.

  1. Спорттық іріктеме.

  2. Спортшы моделі.

  3. Эталонды маңыздылығы.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

15 лекция.



Тақырып: Спорттық морфологияның негіздері.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалар: Спорттық морфология негіздерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

Ағзалардың физикалық жүктемелерге адаптация формалары.


Спорттық іріктеудің 2 формасы бар. Конститирующая форма – ол сайыстарға ең жақсы жаттыққан споршыларды табу үшін қолданылады. Бұл іріктеуге спортшының морфо – физиологиялық дайындығы ескеріледі. Сонымен қатар стихиялық іріктеме – жоғарғы дәрежедегі спортшылардың дайындауда, жақсы құрастырылған іріктеме қажет.

Жастың ерекшелігіне сай норма реакцияның сыртқы әсерлерге жауабының төмен болуы, яғни спортшы ағзасының критикалық жағдай екенін анықтауға қажет. әйелдерде қалыпты реакция сыртқы орта әсеріне байланысты жоғарырақ.

Конституция факторы. Сүйектің норма реакцияся физикалық жүктемелердің әсері, адамның соматотипіне байланысты. Гиперстеникалық соматотипті, ағзада төмен, астенин жоғары.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Спорттық іріктеудің формасы.

  2. Жүктемелерге ағзаның бейімделуі.

  3. Конституция факторы.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.


Зертханалық жұмыстарды орындаудағы әдістемелік нұсқау.

Зертханалық сабақтар 2 бөлімнен тұрады:



  1. теориялық, бұл бөлімде студент сұраққа жауап беруі керек;

  2. жоспар бойынша тапсырманы орындау.

Сабақтың аяғында оқытушы жасалған жұмысқа баға береді.
Зертханалық жұмыс, мазмұны.
1 жұмыс.

Тақырыбы: Осьтер және дене жазықтықтары.

Мақсаты: дене құрлысындағы симметрия туралы білімдерді бекіту.

Теориялық бөлім.

Адамның денесін қарастыраудағы негізгі терминдер:



  • орталық жазықтыққа параллель жазықтық - сагитальді;

  • орталыққа перпендикуляр жазықтық - фронтальды;

  • көлденең (горизонтальды) жазықорталық және фронтальды жазықтықтарға перпендикуляр;

  • «медиальді» термині дененің орталық жазықтығына жақын дене бөлігі;

  • «латеральді» – одан алшақ.

Мүшелер, жүйелер және мүшелер аппараттары. Жүйелер мен мүшелер аппараттарының шекараларын анықтау принциптері. Атқару мүшелері (жүйелер, аппараттары), адамның қозғалуын тудыру мен басқару. Клеткалар мен тіндер құрлысы.

Практикалық бөлім.

Құрал – жабдықтар: қаңқа, бой өлшегіш, медициналық таразы, сантиметрлік лента, есептегіш, микроскоп, клеткалар мен тіндердің гистопрепараты, кестелер, модельдер. «Адам анатомиясы» пәні бойынша оқулық.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам денесінің осі, жазықтықтары, дене құрлысының ассиметриясы.

  2. Ағза және оның компоненттері.

  3. Жүйенің компоненті немесе мүше аппараттарының мүшесі ретінде;

  4. Ағза құрылысының клеткалық және тіндік мөлшері;

  5. Клеткалық формасы, өлшемдері, негізгі бөліктері;

  6. Жалпы және арнайы мағынадағы органеллалар, клетка қосындылары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

2 жұмыс.



Тақырыбы: Кеуде қаңқасы. Бас сүйегі.

Мақсаты: Кеуде қаңқасы мен бас сүйегі құрлысы туралы білімді нығайту.

Теориялық бөлім:

Омыртқа бағаны. Тұтас омыртқа бағаны. Омыртақа бағаны бөліктері. Омыртқаның құрлымы жалпы жоспары. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылыс ерекшеліктері. Сегізкөз бен құйымшақ құрылысы. Омыртқа бағаны қызметі. Оның функциональді өзгерістері. Омыртқа бағанының қозғалысы. Қозғалыс кезіндегі омыртқа бағанындағы иілімдердің өзгерістері.

Кеуде клеткасы. Біртұтас кеуде клеткасы. Қабырға мен төстік құрылысы. Шын және жалған қабырғалар. Кеуде клеткасының формасы және шарпи бұрышы. Кеуде клеткасының кластық және жыныстық ерекшеліктері.

Бас сүйегі. Бас сүйек қосылыстары. Бас сүйек пен оның бөліктерінің жалпы сипаттамасы. Ми бөлігіндегі сыңарсыз бас сүйектері: шүйде, сына тәрізді, маңдай торлы. Сыңарлы бөліктер: самай, төбе.

Бастың бет сүйегі бөліктерінің сүйектері – үстіңгі жақ, бет, таңдай, мұрын, жас, төменгі мұрын сүйегі; сыңарсыз – сомник, төменгі жақ, тіл асты сүйегі. Біртұтас бас сүйегі. Бас сүйек негізі. Бас сүйегінің жастық ми жыныстық ерекшеліктері. Бастың сыртқы беткейіне бас сүйек проекциясы.

Бас сүйегі мен бет сүйегі қосылыстарының жіктемесі. Синдесмоздар (тігіс) мен буындары (шүйде - төменгі жақ). Бас сүйек қосылыстарындағы қозғалыстар. Синхондроз.



Практикалық бөлім.

Құрал – жабдықтар: қаңқа, бас сүйек, кестелер, «Адам анатомиясы» оқулығы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Омыртқа бағана бөлімдері.

  2. Омыртқа құрлысының жалпы жоспары.

  3. Омыртқа бағанының физиологиялық иілімдері.

  4. Қабырға мен төстің құрлысы.

  5. Бас сүйегі.

  6. Бас сүйек қосылыстары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

3 жұмыс.



Тақырыбы: Аяқ - қол қаңқасы.

Мақсаты: Аяқ – қол қаңқасының құрлысы туралы білімді нығайту.

Теориялық бөлім:

Қол бөлімдері: қол белдігі және бос жатқан қол бөлігі. Қол белдігі сүйектері: жауырын және бұғана. Бас жатқан қол бөлігі және оның сүйектері: иық (иық сүйегі), білек (шынтық және шыбық сүйегі) және білезік, ол өзі білезік алды (8 қысқа сүйектер), білезік (5 қысқа түтікщелі сүйектер) пен саусақ фалангтары (1 саусақ – 2 фаланг, 2-5 саусақ – 3 фалангтан).

Қол белдігі мен бос жатқан қол бөлігінде орналасуы мен мен құрлысы. Адамның дене бетіне қолдың сүйекті түзілісінің проекциясы.

Аяқ бөлімдері: аяқ белдігі мен бас аяқ бөлігі. Аяқ белдігінің сүйегі - жамбас сүйегі. Бас жатқан аяқ бөліктері және оның сүйектері: сан (сан сүйегі), балтыр (үлкен ұршық және кіші ұршық) және табан, ол өзі табан алды (7 сүйек), табан (5 сүйек) және бармақ фалангтары (14 фаланг).

Аяқ белдігі мен бос жатқан аяқ бөлігінің орналасуы мен құрлысы. Адамның дене бетіне аяқтың сүйекті түзілісінің проекциясы. Аяқ белдігінің қосылыстары. Жамбас біртұтас. Үлкен және кіші жамбас, оның шекаралары. Жамбастың жастық және жыныстық ерекшеліктері.

Практикалық бөлім.

Құрал – жабдықтар: қаңқа, кестелер, «Адам анатомиясы» оқулығы.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қол сүйектері.

  2. Аяқ сүйектері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

4 жұмыс.



Тақырыбы: Аяқ - қол бұлшықеттері.

Мақсаты: Аяқ - қол бұлшықеттерінің құрамы турады білімді толықтыру.

Теориялық бөлім:

Қол белдігінің кеуде - бұғана буынында қозғалысы. Айналу осьтері және айналу осіне байланысты бұлшықеттердің орналасауы, олар белдіктің қозғалысына қатысады: жоғары - төмен, алға - артқа және жауырының төменгі бұрышымен ішке және сыртқа. Бұл қозғалысты қамтамасыз ететін функционалды бұлшықет топтары. Бұлшықеттің басы мен бекітілу жері.

Қол бұлшықетін формула бойынша, талшықтарының бағыты, орналасуы, басы мен бекітілуі бойынша қысқаша шолу. Иық буынындағы қозғалысқа қатысатын функционалды бұлшықет топтары: Бүккітер және жазғыштар, әкетуші және әкелуші, пронациялайтын және супинациялайтын.

Білезіктегі қозғалысқа қатысатын функционалды бұлшықет топтары: бүккіштер және жазғыштар, пронациялайтын және супинациялайтын. Білезік пен саусақтағы қозғалыста қатысатын функционалды бұлшықет топтары: бүккіштер мен жазғыштар, білезікті әкететін және әкелетін бұлшықеттер.

Үлкен сауңсақ пен кіші саусақ, ортаңғы алақан сүйектерінің функционалды бұлшықет топтары. Препаратта қолтықты, екі басты жүлгеннің медиальды және латеральды бастарын, білезік шұңқырын және т.б. табу.

Аяқ бұлшықеттерін форма, талшықтарының бағыты, орналасуы, басы мен бекітілуі бойынша қысқаша шолу. Сан мен жамбас - сан буынындағы қозғалысқа қатысатын бұлшықеттің функционалды топтарын препаратта көрсету: бүккенде, жазғанда, әкеткенде, әкелгенде, пронация мен супинацияда. Балтыр мен тізе буынында қатысатын функционалды бұлшықет топтары: бүккенде, жазғанда, пронация мен супинацияда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет