Оқыту мақсаты: ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикелік менеджментті әрі қарй жетілдіру мақсатында мейірбике ісін ұйымдастыруды жан – жақты жүйелі түрде бағалау
Міндеттері:
мейірбике ісінің жағдайының жүйелі әлеуметтік – гигиеналық бағалуын оқып үйрену
мейірбикелік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениетінің негізінде емдік – профилактикалық ұйымдардың ішкі ортасына баға берү
мейірбике ісінің мамандарының басқарушылық, инновациялық және педагогикалық іс - әрекетке дайындық дәрежесін бағалау
тәжірибелік денсаулық сақтауда мейірбике ісін басқарудың барлық кезеңдерін және кәсіби білім беру деңгейіне дифференциалды көзқарас негізінде мейірбикелердің қызметін бағалау индикаторларын үйрену
менеджменттің инновациялық технологияларын есепке ала отырып, мейірбике ісін басқарудың концептуальды- ұйымдастыру моделімен танысу
емдік – профилактикалық ұйымдардың мейірбикелік қызметінің ұйымдастыру мәдениетін үйрену
мейірбике ісінің мамандарының басқарушылық, инновациялық және педагогикалық іс - әрекетті орындауға құзыреттілігін және емдік – профилактикалық ұйымдардың ішкі ортасын қалыптастыруда мейірбике ісінің менеджерінің негізделген ролін анықтау
тәжірибелік денсаулық сақтауда мейірбике ісін басқарудың деңгейінің иерархиясына және кәсіби білім беруге дифференциалды көзқарасты есепке ала отырып мейірбике ісінің мамандарының қызметін бағалау индикаторларын үйрену
жүйелі анализ және инновациялық менеджмент негізінде жасалған мейірбике ісін басқарудың концептуальды- ұйымдастыру моделімен танысу
Пәннің қысқаша мазмұны Кредит №1 Мейірбике басқарудың жүйелі көпфакторлы анализі. Орта медициналық білім беру: жағдайы, мәселелері, перспективалары.
Орта медициналық кәсіби білім берудің заманауи жағдайы. Медициналық мейірбикелік менеджментінің стратегиясын анықтаудың негізгі факторлар. Мемлекеттің белсенді қатысуымен жүретін әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық медициналық және ғылыми тұрғыда жүргізілетін іс - әрекеттерін қоса есептегенде халықтың денсаулық сақтаудың заманауи концепциясы. емдік – профилактикалық ұйымдардың іс - әрекетін ғылыми бағалау және олардағы өзгерістердің сипаты заманауи әлеуметтік – экономикалық жағдайда медициналық көмек көрсетудің мамандармен қамтамасыз етілунің маңыздылығын көрсетеді. Осы мақсатқа жету үшін орта медициналық мамандардың маңызды зор. Соңғы 8 жылда мейірбике ісінің дамуы оң нәтиже алды.
Медициналық мамандарды дайындаудың үш деңгейлік жүйесі қалыптасты: негізгі деңгейді медициналық училищелер қамтамасыз етеді, жоғарылағанын – колледждер және жоғарысын - мейірбике ісі факультеттері. Мейірбикелік мамандардың білімінің деңгейіне сәйкес қызметтің жаңа номенклатурасы енгізілген. Мамандарды дайындауды жоспарлауға деген көзқарас өзгерді: бітірушілерді дипломға дейін мамандандыруға контракттық-мақсаттық тапсырыстар қалыптасуда, мейірбикелік мамандарға қосымша білім беру жүйесі жетілдіруде, біліктілігін асыру жжүйелі түрде жүргізілуде, бұл медициналық мамандардың біліктілігінде өз орнын алды. Бірақ әлі де орын алатын теріс медико-демографиялық процестер: ана және бала өлімі, тұрғындардың қартаюы, патологиялардың созылуы, жаңа әлеуметтік қауіпті аурулардың пайда болуы және таралуы мейірбикелік мамандарды дайындауды, оның ролін, қызметтерін және денсаулық сақтау жүйесінің дамуының маңызды міндеттеріне сәйкес іс - әрекеттерінің ұйымдастырушылық түрлерін қайта қарауды талап етеді.