Кейс-технологияларға жатады
-
жағдайды талдау әдісі;
-
инцидент әдісі;
-
рольдік ойындар әдісі;
-
іс хабарды талдау әдісі;
-
ойындық жоба;
-
дискуссия әдісі
Кейс әдісінін 5 кезеңі
1-кезең – жағдаятпен таңысу, оның ерекшелігі;
2-кезең – мәселені аңықтау,әсер ететін факторлар мен объектілер;
3-кезең – ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;
4-кезең – шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;
5-кезең – кейстің шешімі – бір неше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.
Кейс әдісі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің өсуіне, оның икемділігіне, жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін әдіс.
Мұғалімдер топтарының бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейтін, сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі – Lesson Study.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study қадамдары:
1 қадам: команданың құрылуы
- Біз қанша уақыт кездесуіміз қажет?
- Кездесулерімізде қалай жазба жүргізуіміз керек?
- Біз нені басшылыққа алуымыз керек?
- Сабаққа қатысушылардың келісімі қажет пе?
Ұсынымдар
Келесі жағдайларды ескеріңіз:
-
Команда 3-6 мұғалімнен тұрады.
-
Команда кездеспес бұрын, сабақты зерттеу нұскауын оның әр мүшесі қарап шығуы керек
-
Бірінші жиналыста кім жазба жүргізетінін анықтап, тағы басқа да рольдерді үлестіріп беру керек. Сабақ басталмас бұрын 2 ден 6 кездесуге дейін болуы керек
-
Қатысушылардан алған мәліметтерді қолдану үшін рұқсат сұраңыз.
2 қадам:оқытудың мақсатын құру
- Оқыту мақсаты мен оқу мақсаты бірдей ма?
- Мақсат қоя білу нәтижеге қалай әсер етеді?
- Мақсат тек ақадемиялық білімге ғана жұмылдырылады ма?
Ұсынымдар
Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз:
Сабақ қандай тақырыпқа негізделеді? Неге сол тақырыпты таңдадыңыз?
Сабақта қандай даму мақсаттары (дағды, қабілеттілік, сезім) алға қойылған?
Қандай нақты оқыту мақсатын жоспарлайсыз? Жоспарда оқушылар сабақтың нәтижесінде нені біліп/нені істей алатынын жазу.
3 қадам: Сабақты жоспарлау
Зерттеу сабағы оқыту әдісі мен стратегияны жазып коюы керек пе?
Қандай стратегиялар оқушылардың ой өрісін нақты көрсете алады?
Болып кеткен сабақты қолдануға болады ма ?
Сабақтың жоспары қаншалықты толық болуы керек?
Ұсынымдар
Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз:
Сабақта қандай стратегиялар мен оқу материалдары қолданылады? Нәтижесі қандай болады?
Оқушының жұмысын, оның ойын қалай анықтай аламыз?
Стратегиялар қандай жолдармен оқушыларға оқудың мақсатына жетуге көмектеседі? Оқушылардың сұрақтар мен тапсырмаларға берген жауаптарын бақылаңыз.
4 қадам: зерттеу жоспары
Қандай қосымша дәлелдемелерді жинауға болады?
Сырттан бақылаушыларды шақыру керек пе, олай болса олар не істеуі керек?
Оқушылардың үлгерімін бағалау үшін тесттер беру керек пе(алдын және кейін)?
Ұсынымдар
Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз
Оқушыларды бақылағанда сіздің жоспарыңыз қандай?
Бақылаудың қандай стратегияларын қолданасыз (мысалы, жазбалар, координациялық сұрақтар, бақылау- тексеру)?
Қандай ой өрістегі және қандай тәртіптегі оқушыларға көңіл бөлесіз?
Қандай қосымша дәлелдемелерді жинайсыз (мысалы, оқушылардың жазба жұмыстары, оқу мақсатына сай олардың нәтижелілігі)?
Оқушыларды бақылағанда сіздің жоспарыңыз қандай?
Бақылаудың қандай стратегияларын қолданасыз (мысалы, жазбалар, координациялық сұрақтар, бақылау- тексеру)?
Қандай ой өрістегі және қандай тәртіптегі оқушыларға көңіл бөлесіз?
Қандай қосымша дәлелдемелерді жинайсыз (мысалы, оқушылардың жазба жұмыстары, оқу мақсатына сай олардың нәтижелілігі)?
Бақылау барысында неге көңіл бөлетініңізді алдын ала келісіңіз
Бақылаушылардың көңілін аудару үшін бірнеше негізгі оқушыларды таңдап алуға болады
Әр оқушы қалай үйреніп жатқанын бақылау керек
Барлық оқушыларды бақылау үшін тұрып тұрған жөн
Бақылау нәтижелерімен пікір алмасу үшін бақылауды өзіңіз істейтін буындағы әріптестеріңізбен өткізген жөн
5 қадам: Оқыту және бақылау
Мұғалімнің «терісі қалың болу керек», бұны қалай істеуге болады?
Бақылаушылардың қатысуы оқушылардың үлгеріміне теріс әсер бермеуі керек
Команда мүшелері бірге сабақ жүргізе алады ма?
Мұғалім оқыту барысында сабаққа өзгертулер енгізе алады ма?
Ұсынымдар
Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз
Өзіңіз хабардар болған формаға қол қойғаныңызға көз жеткізіңіз.
Сабақтың көшірмесін, оқу материалдарын және бақылаушыларға арналған нұсқауды әкеліп, таратып беріңіз.
Сабақты талқылау қалай өтеді?
Талқылаудың мақсаты:
Әр мұғалімнің көрегенділігінің артуы
Барлық қатысушылардың сабаққа байланысты терең кері байлынысы
Мұғалімнің сабағына немесе іс әрекеттеріне баға қоймау
Құралдар
Стикерлер (шамамен 5×7мм, 10 парақ әр қатысушыға)
Постерлер (шамамен 80 см×100 см)
Маркерлер (түрлі түсті)
6 Қадам: талдау және қайта қарастыру
Берілгенді ұйымдастырудың немесе түсіндіріп берудің қолайлы жолдары бар ма?
Оқушылардың үлгерімі туралы біз не білуіміз қажет?
Сабақты бер рет жоспарлап, бақылау жеткілікті ме?
Ұсынымдар
Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз
Берілген тапсырмада қандай негізгі заңдылықтар бар? Негізгі ескертулер мен мысалдарды талқылаңыз.
Берілген тапсырма оқушының ойы, атап айтқанда, олардың қателесуі, қыйыншылықтары, түсініктері, таңқаларлық ойлары туралы не айтады?
Оқудың мақсатына оқушылар неліктен қол жеткізе алды/ жеткізе алмады?
Өзіңіздің тадауыңыздың негізінде, сіз сабақты қалай өзгертер едіңіз немесе сабақты қалай қайта қарастырар едіңіз?
Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқытуда мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.
Аталған әдістер арқылы өскелен ұрпақта келесі өмірлік дағдыларды қалыптастыруға болады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Достарыңызбен бөлісу: