Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 -«Мейірбике ісі»



бет1/9
Дата30.11.2022
өлшемі50,69 Kb.
#160574
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
РП 2курс Многофак каз


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН


«БЕКІТЕМІН»
Ғылым және клиникалық
жұмыс жөніндегі проректор
м.ғ.к., _____________ Нурмашев Б.Қ.
«_____»________________ 2013 ж.


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандық: 6М110300 – Мейірбике ісі
Пән: Мейірбике ісі ұйымын көпфакторлы кешенді бағалау
Кредиттер саны: 2
Оқу жылы (курс) – 2 оқу жылы

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 –«Мейірбике ісі»мамандығы бойынша ҚР 7.09.110-2009 МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.


Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырған: м.ғ.к., доцент Г.Д. Юнусходжаева
Оқу жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.Ә.Әлдешев


Хаттама № ________«______»______________2013ж.


Оқу жұмыс бағдарламасы клиникалық пәндер бойынша ӘЖК талқыланып, мақұлданды.

Хаттама № ________ «______»______________ 2013ж.


Төрайымы м.ғ.к., доцент Туртаева А.Е.


Оқу жұмыс бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының Клиникалық Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, мақұлданды.


Хаттама № ________ «______»______________ 2013ж.




Бағдарлама
Пәннің қысқаша сипаттамасы

Мейірбике ісі — науқастың денесін, ақыл – ойын және рухани жағдайын толық қамтитын өнер және ғылым.


Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесінің біріншілік медициналық – санитарлық көмекке бағытталған реформасын жүзеге асыру мейірбикелік мамандарды дайындауда радикалды өзгерістерді енгізуді талап етті. Жоғары мейірбикелік білім беру мейірбике ісі саласында басшылық, педагогикалық, клиникалық мамандарды және зерттеушілерді дайындаудың негізі болды. Дипломнан кейінгі оқыту барысындағы практикалық жұмыс жаңа санаттағы мамандарға практикалық денсаулық сақтауда және әлеуметтік қорғау ұйымдарында бейімделуге, басқаруда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, басшылық жасаудағы ақпаратты бағалау және сараптау бойынша біліктілік алуға, математикалық моделдеу, маркетингтердің приемдарын қолдануға, басқаруда шешім қабылдауға көмектеседі. Денсаулық сақтау жүйесінің реформасын сәтті іске асырудың негізгі жағдайы бұл менеджмент технологияларын нарықтық және мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде қолдану. Дамып келе жатқан көптүрлі экономика жағдайында және денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру өзгереді, осы салада медициналық, экономикалық, психологиялық және құқықтық білімдері бар білікті мамандар, менеджерлер қажет болады.
Қазіргі уақытта ҚР денсаулық сақтау жүйесінде 1 млн. – ға жуық мейірбике, фельдшер, акушеркалар жұмыс істеуде. Олардың бәрі мейірбикелік персонал атты үлкен кәсіби топқа жатады. Өкінішке орай біздің елде мейірбикенің дәрігердің көмекшісі және тек қосалқы қызмет атқарушысы ретінде қалыптасқан көзқарас бұл кәсіптің маңыздылығын бағаламаған. Осыған байланысты мейірбике ісі қандай да бір әлеуметтік институт ретінде орын алмаған, денсаулық сақтау жүйесінің тек екіншілік бөлігі ретінде орын алған.
Мейірбике ісінің заманауи жағдайы көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасының көрсеткіші болып табылады, бұл мейірбике ісінің даму дәрежесіне, мейірбикелік персоналдың кәсіби құзыреттілігіне, еңбекке деген мотивацияға, өзінің жұмысының нәтижесін бағалай білу және жоспарлай білуге, қабылдап жатқан шешіміне жауапкершілік сезіне білүге тікелей байланысты.
Мейірбике ісі саласында 90-шы жылдарда басталған толық көлемдегі реформа мейірбикелік персоналдың мемлекеттегі ролін және орнын басынан қарастырп шығуға алып келді. Кәсіби білімнің деңгейіне сәйкес мейірбикелер мейірбике ісінің жаңа моделімен жұмыс істей бастады, яғни олар тек қана күтім жасап қоймай, емдік – диагностикалық үрдістің профилактикалық және реабилитациялық жұмыстың онной работы көптеген сұрақтарын шеше бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет