С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
|
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі
проректор
профессор Г.М. Есенжанова
---------------------------------------------------
«___23__»___06____2011 ж.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯДАН БДО 07
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
БАКАЛАВРИАТ
МАМАНДЫҚ: 5В110400
«МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС»
|
Сағаттар көлемі - 90
(2 кредит)
|
Дәрістер _________________
|
10 сағат
|
Зерттеуханалық сабақтар ___________
|
20 сағат
|
Студенттердің оқытушылармен
өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
|
30 сағат
|
Барлығы аудиториялық
|
60 сағат
|
Өзіндік (аудиториядан тыс)
жұмыстар _________________
|
30 сағат
|
Курс ____________________
|
Екінші
|
Семестр_________________
|
Үшінші
|
Бақылау түрі
|
емтихан - IІІ семестр
|
Алматы, 2011
Жұмыс бағдарламасын профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Рыспекова Н.Н., Жуйко Н.В. , аға оқытушы Мырзағұлова С.Е. патологиялық физиология бойынша ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 ж 17 қыркүйектегі № 731 бұйрығымен бекітілген ҚР ДС ғылым және медициналық білім жаңа технологияларының Республикалық орталығы және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 2009 ж. мемлекеттік жалпыға білім беретін стандартқа сәйкес 5В110400 – «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін өңдеген типтік бағдарлама негізінде құрастырды.
Патологиялық физиология кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді «25» сәуір 2011 ж., хаттама № 15
Патологиялық физиология кафедрасының
меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.
Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ негізгі пәндер департаментінің жалпыға білім беретін бағдарлама комиссиясымен талқыланды.
Хаттама № __9_ «_09___» ____06__________2011 ж.
ЖБК төрағасы, профессор ___________________________________________Юй Р.И.
ҚазҰМУ Кеңесімен құпталды (орталық әдістемелік кеңеспен) ___5 хаттама________
(факультет, ЖОО)
«___23__»_______06________2011___ж. Төраға _______________проф. Г.М. Есенжанова
(Аты-жөні, қолы)
1. Жалпы мәліметтер:
1.1 ЖОО атауы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
1.2 Патологиялық физиология кафедрасы
1.3 Пән " Патологиялық физиология», БДО 07
1.4 Мамандық: 5В110400 – «медициналық-профилактикалық іс»
1.5 Оқу сағатының мөлшері – 90 сағат (2 кредит)
1.6 Курс және оқу семестрі - 2 курс; 3 семестр
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Патологиялық физиология медициналық жоғары білім беру жүйесінде дерттік үрдістер және аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттеу негізгі мақсаты болып табылады. Дерттік үрдістер мен аурулардың этиологиясы мен патогенезін терең түсіну денсаулық сақтаудағы маңызды бағыт – аурулардың алдын алуды жүзеге асыруда қажет болып есептелінеді.
2.2 Пәннің мақсаты: дерт дамуының және адамның сауығу жолдарының негізгі заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру; студенттерді әртүрлі аурулардың алдын алуда патофизиологиялық негіздерін терең ұғуға дайындау.
2.3 Пәннің міндеттері:
біртектес дерттік үрдістер мен аурулардың пайда болу себептері, жайттары мен механизмдері туралы білімді қалыптастыру
дерттік үрдістердің (аурулар) қорғаныстық-бейімделу (саногенетикалық) және патогенездік механизмдері туралы білім беру
қоршаған орта жайттарының тұрғындардың денсаулық жағдайына, дерттік үрдістердің этиологиясы мен патогенезіне әсер етуі туралы білімді қалыптастыру
аурулардың алдын алу мүмкіндіктері туралы көзқарасты қалыптастыру
2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері:
Студент білуі керек:
Жалпы нозология туралы негізгі ұғымдарды
дерттік үрдістерді зерттеуде тәжірибенің маңызын, оның мүмкіншілігін, шектелуін және болашағын
аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуында себептік байланыстарды, себептік жайттар және организм реактивтілігі мен төзімділігінің маңызын
сыртқы орта жайттарының адам организміне патогенді әсерлерін
ауру дамуында тағамдық жайттардың рөлін
негізгі біртектес дерттік үрдістердің этиологиясы мен патогенезін
жұқпалық үрдістердің даму тетіктері мен жалпы заңдылықтарын
аурулардың алдын алу емдеудің жалпы ұстанымдарын
Студент үйреніп алуы қажет:
біртектес дерттік үрдістерді тәжірибеде үлгілеуді, сынама қорытындыларын дұрыс талдауды
жұқпалы аурулар мен игиена саласындағы пәндерді оқуда патофизиологиядан алған білімдерін қолдануды
патофизиологияның негізгі түсініктерінен алған білімдерін тұрғындардың қоршаған ортасының қолайлығын бағалауға және жұмыс аттестациялауда қолдануды
Патофизиологиядан алған білімін алдын алу шараларын ұйымдастыруда және жүргізуде қолдануды
Студент машықтануы тиіс:
эксперименттегі зерттеулер қорытындысын сараптай білуді
ауру алдын анықтауды
2.5 Пререквизиттер: медициналық биология, генетика, радиобиология, физиология, гистология, анатомия
2.6 Постреквизиттер: клиникалық медицинаға кіріпе, жұқпалы аурулар, жалпы гигиена
2.6. Аралас пәндер: патанатомия, микробиология, биологиялық химия
2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ 1 Кредит
апта №
|
Дәріс тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
Сағаты
|
1
|
Патофизиология пәніне кіріспе.
|
Таныстыру
|
1
|
2
|
Жалпы нозология
|
Таныстыру Шолулық дәріс.
|
1
|
3
|
Жалпы этиология және патогенез
|
Таныстыру Шолулық дәріс.
|
1
|
4
|
Организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы
|
Таныстыру Шолулық дәріс.
|
1
|
5
|
Зақымдануға организмнің жалпы серпілісі
|
Таныстыру Шолулық дәріс
|
1
|
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағ
|
1
|
Кіріспе сабақ. Патофизиологиядағы тәжірибе.
|
Теориялық сұрақтарды талқылау. Тәжірибелік жұмыстарды орындап, талқылау, блиц-ойын.
Тапсырма : 1. кинетозды үлгілеу
|
1
|
2
|
Жалпы нозология
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, сөзжұмбақ, есептерді шешу
|
1
|
3
|
Жалпы этиология мен патогенез
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, ситуациялық есептерді шешу, тесттерге жауап беру
|
1
|
4
|
Электр ағымы мен иондаушы сәуленің организмге ауру тудырушы әсері
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тесттерге жауап беру
|
1
|
5
|
Жоғары барометрлік қысымның, шудың, ултрадыбыстың, лазер сәулесінің, гипотермияның организмге ауру тудырушы әсері
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, ситуациялық есептерді шешу, тесттерге жауап беру
|
1
|
6
|
Организм реактивтілігінің дерттанудағы рөлі.
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас,
тәжірибелік жұмыстарды орындап, талқылау, хаттамаларды толтыру, сынамалық тапсырмаларды шешу, бейнекөрініс көру.
Тапсырма: 1. адам жасының, түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ функциялық жағдайының реактивтілікке әсері немесе бейнефильм көру
|
1
|
7
|
Жасушаның жалпы патологиясы
|
Теориялық сұрақтарды талқылау. Тәжірибелік жұмыстарды орындап, талқылау, хаттамаларды толтыру, бейнекөрініс көру, есептер шешу.
Тапсырма: 1. физикалық және химиялық жайттардың жасушаға зақымдаушы әсерін тәжірибеде зертту
|
1
|
8
|
Зақымдануға организмнің жалпы серпілісі. Жедел кезеңнің жауабы, стресс.
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, жедел кезеңнің жауабының, стрестің, сілейменің патогенездік схемасын зерттеу, ситуациялық есептер шығару
|
1
|
9
|
Шеткері қанайналымы бұзылыстары
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, тесттерге жауап беру, есептерді шығару
|
1
|
10
|
Тромбоз, эмболия
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, тәжірибеде май эмболиясын үлгілеу, тесттерге жауап беру, тромб түзілу сызбанұсқасын құру
|
1
|
|
|
|
10
|
№
|
СОБӨЖ тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағаты
|
1
|
Патофизиология тарихынан қысқаша мәліметтер. Қазақстанда патофизиологияның дамуы
|
Сабақтың негізгі сұрақтар бойынша пікірталас, эссе құрастыру
|
1
|
2
|
Ғылыми зерттеулердің этикасы. ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы.
|
Мультимедиялық көрсетілімді көрсету, тесттік тапсырмаларды шешу, эссе құрастыру
|
1
|
3
|
Ауру алдын жүктемелік сынаулармен анықтау (Мартине, Штанге, Генче сынаулары)
|
Тәжірибе жүргізу
|
1
|
4
|
Тірілтудің патофизиологиялық негіздері. Тірілтілген организмнің ауруы
|
Патогенездік сызбанұсқасын құрастыру, пікірсайыс
|
1
|
5
|
Тәжірибеде биіктік ауруын үлгілеу
|
Тәжірибе жасау немесе бейнекөрініс көру
|
1
|
6
|
Биіктік ауруын мысалға келтіре отырып патогенездің негізгі түсініктерін оқып үйрену
|
Патогенездік сызбанұсқасын құрастыру
|
1
|
7
|
Организмге механикалық жайттардың ауру тудырушы әсері (созылу, соққы, қысылу, ұзақ жаншылу синдромы)
|
Ғылыми конференция, эссе құрастыру
|
1
|
8
|
Организмге гипокинезия мен химиялық жайттардың (ауыр металдардың) ауру тудырушы әсері
|
Ғылыми конференция, эссе құрастыру
|
1
|
9
|
Реактивтіліктегі конституцияның, жастың, жыныстың маңызы
|
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, «соқыр» тізбекті толтыру
|
1
|
10
|
Тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы рөлі
|
Ситуациялық есептер шығару, тесттерге жауап беру, «соқыр» тізбекті толтыру
|
1
|
11
|
Жасушаішілік құрылымдардың зақымдануы
|
Бейнекөріністі көру, ситуациялық есептер шығару
|
1
|
12
|
Адаптациялық аурулар туралы түсінік
|
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, эссе
|
1
|
13
|
Сілейме, кома
|
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, мультимедиялық көрсетілімді көру, тесттерге жауап беру
|
1
|
14
|
Шеткері қанайналым бұзылыстарын үлгілеу
|
Тәжірибеде артериялық, веналық гиперемияны, ишемияны үлгілеу
|
1
|
15
|
Аралық бақылау
|
Тесттік бақылау, есептер шығару дағдыларын тексеру
|
1
|
|
|
|
15
|
№
|
СӨЖ тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағаты
|
1
|
Алкоголизм, нашақорлық, уытқорлықтың патофизиологиялық негіздері.
|
Көрсетілім, реферат, әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқу
|
5
|
2
|
Шылым шегудің организмге ауру туындатушы әсері.
|
Көрсетілім, реферат, ғылыми проект, әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқу, сауалнама құрастыру
|
5
|
3
|
Қартаюдың биологиялық, медициналық және әлеуметтік аспектілері. Қартаю теориялары.
|
әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқыу, «соқыр» тізбекті толтыру, Томас Перлз есептегішін шешу, сараптау, тесттерге жауап беру
|
5
|
|
|
|
15
|
№ 2 Кредит
№
|
Дәріс тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағат
|
1
|
Қабыну
|
Таныстыру. Шолулық дәріс.
|
1
|
2
|
Аллергия
|
Таныстыру.
|
1
|
3
|
Өспе өсуі
|
Таныстыру. Шолулық дәріс.
|
1
|
4
|
Су-электролит алмасуының бұзылысы
|
Таныстыру. Шолулық дәріс.
|
1
|
5
|
Көмірсу алмасуының бұзылысы. Қантты диабет
|
Таныстыру. Шолулық дәріс
|
1
|
|
|
|
5
|
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағаты
|
|
Қабыну
|
Теориялық материалды, есептерді шешу, бейнекөріністі көру
|
1
|
|
Қызба
|
Негізгі сұрақтар бойынша пікірсайыс, мультимедиялық көрсетілімдерді көру, ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру
|
1
|
|
Гипоксия.
|
Теориялық материалды талқылау, ситуациялық есептерді шығару, мультимедиялық көрсетілімдерді, бейнекөрініс көру
|
|
|
Су-электролит алмасуының бұзылыстары
|
Теориялық сұрақтарды талқылау, тәжірибелерді орындау, патогенезжің сызбанұсқасын құрастыру, есептерді шешу.
|
1
|
|
Қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылыстары
|
Теориялық сұрақтарды талқылау. патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, тесттерге жауап беру.
|
1
|
|
Көмірсу алмасуының бұзылыстары
|
Теориялық сұрақтарды талқылауесептерді шешу.
|
1
|
|
Нәруыз және май алмасуы бұзылыстары. Ашығу.
|
Мультимедиялық көрсетілімдерді көру, негізгі сұрақтар бойынша пікірсайыс, есептер, тесттерді шешу
|
1
|
|
Аллергия
|
Негізгі сұрақтар бойынша пікірсайыс, бейнекөрсетілімді көру, ситуациялық есептерді шығару,.
|
1
|
|
Өспелер. Өспенің этиологиясы мен патогенезі
|
Негізгі сұрақтар бойынша пікірсайыс, бейнекөрсетілімді көру, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептерді шешу
|
1
|
|
Өспелердің биологиялық ерекшеліктері
|
Тақырып бойынша пікірсайыс, бейнекөрсетілімді көру, шеменді саркоманың жағындысын зерттеу, есептерді шешу
|
1
|
|
|
|
10
|
№
|
СОБӨЖ тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағаты
|
1
|
Қабынулық үрдісті үлгілеу
|
Тәжірибелік жұмыстарды орындау, хаттамаларды рәсімдеу, тесттерді орындау, сөзжұмбақ шешу.
Бақа тілінде әлтерацияны, тамырлық өзгерістерді зерттеу
Конгейм тәжірибесі
Іріңді экссудаттың морфологиялық құрылымын зерттеу
|
1
|
2
|
Созылмалы қабынудың ерекшеліктері
|
Тесттерді, сөзжұмбақты шешу
|
1
|
3
|
Гипертермия
|
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тесттерді шешу
|
1
|
4
|
Гипоксияны үлгілеу
|
Тәжірибені орындау, зерттеулердің хаттамасын рәсімдеу, тесттерді, есептерді шешу
|
1
|
5
|
Бүйректік, бауырлық, ашығулық, қабынулық, аллергиялық ісінулердің патогенезі
|
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тесттерді, есептерді шешу
|
1
|
6
|
Әртүрлі аурулардағы ҚСҮ көрсеткіштерінің өзгерістері
|
Есептерді шығару
|
1
|
7
|
Гипогликемиялық команы үлгілеу
|
Тәжірибе жасау, тесттерді шешу
|
1
|
8
|
Инсулинге төзімділіктің тетіктері, метаболизмдік синдромның дамуы
|
Конференция, эссе
|
1
|
9
|
Ашығу
|
Конференция, эссе
|
1
|
10
|
Атеросклероз патогенезінің заманауи болжамдары
|
Конференция, эссе
|
1
|
11
|
Анафилаксиялық сілеймені үлгілеу
|
Тәжірибе жасау, бейнекөрініс көру, тесттерді шешу
|
1
|
12
|
Өндірістік аллергендермен байланысты аллергиялық аурулар
|
Эссе құрастыру
|
1
|
13
|
Химиялық канцерогендердің сипаттамасы
|
Кестелерді толтыру, сөзжұмбақ, есептер шешу
|
1
|
14
|
Өспеге қарсы төзімділік
|
Кестелерді толтыру, ситуациялық есептер мен тесттер шығару
|
1
|
15
|
Аралық бақылау
|
Тесттік бақылау, есептер шығару дағдыларын тексеру
|
1
|
|
|
|
15
|
№
|
СӨЖ тақырыбы
|
Жүргізу түрі
|
сағаты
|
1
|
Жұқпалы үрдіс патофизиологиясы. Сепсис.
|
Көрсетілім, реферат, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқу
|
4
|
2
|
Гипо- және гипервитаминоздар
|
Көрсетілім, реферат, әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқу
|
4
|
3
|
Аутоиммундық аурулар
|
Көрсетілім, реферат, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқу,тесттерді шешу
|
4
|
4
|
Қантты диабеттің қауырт және созылмалы асқынулары
|
Көрсетілім, реферат, әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқу
|
3
|
|
|
|
15
|
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері
Дәрістер: шолулық, таныстыру
Тәжірибелік сабақтар мен СОБӨЖ: тәжірибелік сабақтарды жүргізу: тәжірибелік жұмыстарды орындау (лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау, патофизиологиялық әдістерді меңгеру, аспаптармен жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, «соқыр» кестелерді толтыру, патогенездің схемасын құрастыру, сөзжұмбақтар шешу), кіші топтарда жұмыс жасау, блиц-ойындар, мультимедиялық көрсетілімдер, бейнекөріністер көру, оқу көнференцияларын жүргізу.
Студенттердің өзіндік жұмысы: - әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқып, көрсетілімдер эссе, көрсетілімдер, рефераттар дайындау.
2.9 Білім критерийлері және оны бағалау
Ағымдағы бақылау: ауызша талқылау, тест тапсырмаларын (компетенцияның когнитивті, аксиологиялық компоненттері) орындау, ситуациялық есептер шығару, сөзжұмбақ шешу, тапсырмалар нәтижелерін рәсімделуін (компетенцияның тәжірибелік және құқықтық компоненттері) тексеру.
Аралық бақылау: тест тапсырмаларын және ситуациялық есептерді (компетенцияның когнитивті, аксиологиялық, тәжірибелік және құқықтық, өзін өзі жетілдіру компоненттері) орындау.
Қорытынды бақылау: тестті емтихан, есептерді шығарудағы тәжірибелік дағдыларын (компетенцияның когнитивті, аксиологиялық, тәжірибелік және құқықтық, өзін өзі жетілдіру компоненттері) бақылау
2.10 Ұсынылатын әдебиеттер
Қазақ тілінде:
Негізгі әдебиет:
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007 – 698 б
2. Клиникалық патофизиологиясы.-Алматы, 2010 – 976 б
2. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова. - Алматы.: «Эффект» баспасы, 2007. - 504 б.
Қосымша
1. Ә. Нұрмұхамбетов. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000 – 568 б
2. Момынов Т., Рақышев А. Медицинский словарь-Медициналық сөздік-Алматы:ЖШС «Кітап баспасы» - 2003 – 352 б
3. Орысша - қазақша- медициналық (физиологиялық) сөздік. Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь г. Алматы: Эверо. 2007 - 904 с
4. «Ұрық дамуы мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы» проф. А.Н. Нурмухамбетов (2006) - 192
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. 1. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 – 845 с.
2. Патологическая физиология //Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с
3. Патологическая физиология // Под ред. Адо А.Д. -Москва:Триада-Х, 2000 - 574 с.
4. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – 248с.
5. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006 – 256с
6. Тестовые задания по патологической физиологии // под ред. Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой .- Алматы.: издательство «Эффект», КазНМУ, 2007. – 504 с.
Қосымша:
Литвицкий П.Ф. Патофизиология. - Москва:ГЭОТАР-МЕД, 2009 - 496 с.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология Том 1- Москва:ГЭОТАР-МЕД, 2006 - 752 с. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 2006 – 716с
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 - Основы патохимии - Санкт-Петербург, 2005 - 624 с
Крыжановский Г.Н. Введение в общую патофизиологию.- М,. 2000 – 71 с.
Крыжановский Г.Н. Дизрегуляционная патология // Патофизиология и экспериментальная терапия № 3, 2002, с. 2-18
Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.
Особенности реактивности детского организма. Жуйко Н.В. Алматы, 2006 - 68
Патологическая физиология. Том 1, 2 //Под ред. Воложина А.И., Порядина Г.В. – М.: «МЕДпресс», 2005 - 576 с.
Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.
Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.
Ударцева Т.П. Механизмы адаптации к совместному воздействию свинца и ограничения движений.-Алматы, 2001 - 226с.
Фролов В.А., Дроздова Г.А., Казанская Т.А., Билибин Д.П. Патологическая физиология.- М.: Издательство Университета Дружбы народов, 2004 -308 с.
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |