|
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс
|
Дата | 10.05.2017 | өлшемі | 21,9 Kb. | | #16200 | түрі | Сабақ |
| - Мақсаты:
- Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам
- дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі
- қоғамдағы рөлімен таныстыру
- Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке,
- өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей
- отырып тәрбилеу
- Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін,
- рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін
- және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру
- Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
-
- Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс
- Көрнекілігі, техникалық құралы:
- Қасиетті кітаптар: Зәбур, Тәурат, Інжіл және Құран,
- Дүниежүзі саяси картасы, ҚР саяси-әкімшілік картасы,
- сызбалар, нақыл сөздер, хронологиялық кесте,
- фотосуреттер, слайдтар, электронды оқулықтар,
- эллюстрациялар, буклеттер.
- ПАБ: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Мәдениеттану,
- Саясаттану, Этнография.
- Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
-
- II. Білімді тексеру
- Фронталды сұрақтар:
- 1. Әлемдік аса ірі діни жүйелерді атап бер
- (буддизм, христиан және ислам)
- 2. Діннің ең алғашқы түрі (фетишизм = фр.т. feticha идол, тұмар )
- 3. Діннің ең ежелгі түрі (анимизм = лат.т.- апіта-жан ), тонемизм-адамдар мен
- жануарлардың туыстығын.
- 4. Ұлттық- халықтық діндердің қатарына қандай ілімдерді жатқызуға болады? (иудаизмді,
- индуизмді, синтоизмді, конфуций ілімін)
- 5. Конфуцийшілдік қандай ілім және қай жерлерденген? (этникалық- философиялық
- ілім; Қытай, Корей, Жапон)
- 6. Өз өмір тіршілігінде Конфуций неше принципті қатаң ұстанды және қандай?
- (Төрт: 1. бос қиялға салынбау
- 2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу
- 3. қасарыстық көрсетпеу
- 4. өзінің жеке басы жайлы ойламау)
- 7. Конфуцийдың ұстаған жолы және құрастырған кітаптары
- (жолдары: әділеттік, табиғатты сүю, әдет–ғұрыпты сақтау, сыйлау
- кітаптары: «Өлеңдер кітабы», «Көктем және күз» – жылнамасы, «Сұқбат және пікір
- айту», «Ұлы ұғыну кітабы»)
- Негізгі ұғымдарға түсінік беру:
- Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? (Дінтану)
- Конфессиялық ілім ( көне грек тілінде konfessio - майындау, ғибадат қылу)
- Теология (көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні)
- Атеизм – (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару)
- Манотеизм –( «бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» - құдай.)
- Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және - құдай)
- Секта – (лат.т. – ойлау тәсілі, бағыт деген сөзінен)
- «Даталар сөйлейді» ойын
- б.з.б. 551-479 ж-ж Кун-фу-цзы өмір сүрген жылдары
- б.з.б. IV- III ғғ. Даосизм ілімі
- VI-VII ғғ. Синтоизм ілімі
- б.з.б 5500 – 2600 ж. Индуизм ілімі
- б.з.б.1 мың орт. Буддизм діні
- б.з. I ғ. Христиан діні.
- ІІІ. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық, мақсат қою
- (Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау)
- Сұрақтар:
- VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім?
- Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты –
- императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі.
- Грек тілінен аударғанда миссия ( машиах), құтқарушы деп аударылған сөз
- Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі.
- Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін
- Шешуі: 1. Синтоизм. 2. Әділеттік. 3. Христос. 4. Даосизм. 5. Буддизм.
- Сөзжұмбақ
- дінінің пайда болуы және таралуы
- IV. Жаңа тақырып меңгерту
- Жоспар:
- 1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
- 2. Ислам дінінің пайда болуы
- 3. Ислам дінінің таралу аймағы
- Тірек ұғымдары:
- «Ислам» - сөзі арабша «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсыну», «ілім», «бас ию»,
- «нану».
- Мұсылман – «Алланың нағыз – құлы, алланың нағыз ұлы».
- «Хижрат» – 622 жылғы Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына Мұсылмандар көші
- «Хижра» - жаңаша мұсылман жыл санауының басы (ай күнтізбесі).
- Алла – күреншит руының жеке құдайы.
- Күреншит – Мұхамедтің шыққан руының аты.
- «Шариғат» – араб тілінде «Тура жол».
- «Уахи» – Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары.
- «Пайғамбар» - парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.
- «Мұхаммед» - «мақтаулы»деген мағынаны білдіретін есімді Хазрет Мұхаммед
- (с.а.с.) Пайғамбарымызға атасы Абдулмутталиб қойған есім.
- «Құран» - Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед Пайғамбарға
- түскен ең соңғы кітап.
- Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
- Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:
- адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;
- имансыздықтан тұншығуы;
- Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың,
- зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;
-
- Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде
- әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп,
- тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.
- Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін
- мойындағаны шындық.
- Ислам дінінің пайда болуы
- Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.
- Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына,
- Тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік
- ерекшеліктеріде бар.
- Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында
- (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.
- Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың»
- орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа
- қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.
- Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп
- қалдырған іс-амалдары (суннеті).
- Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген
- 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының
- басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген
- делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).
- Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін
- таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің
- қасиетті мекеніне айналды.
- (Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман
- шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).
- Исламның таралу аймағы (оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап)
- VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка,
- Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен
- Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.
- Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.
- 90%-ы Сунниттер.
- Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.
- 120 –дан астам елде Ислам діні таралған.
- Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.
- Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.
- Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:
- 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы
- 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы
- 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы
- Исламдағы шариғаттың 4 мәселесі
- Әлемдік діндердің
- қасиетті кітаптары
- V. Жаңа материалдың қабылдануын тексеру
- VI. Жаңа материалды бекіту
- Тест
- Дәуіт пайғамбарға түскен кітап
- А) Құран В) Інжіл С) Зәбур Д) Тәурат
- Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште
- А) Жәбірейіл В) Микәйіл С) Исрафил Д) Әзірейіл
- Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі
- А) Ораза ұстау В) Тәрбие (Аһлақ) С) Кітаптарға сену Д) Қажылық
- Ислам діннің бес парызының бірі
- А) Періштелерге В) Тағдырға сену С) Амал Д) Куәлік сөзін айту
- Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында
- Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?
- А) 630 В) 622 С) 610 Д) 609
- Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында? (екінші)
- 1962 жылы Меккеде ... әлемі Лигасы құрылды. (Ислам)
- ... Иран мен Ирак аумағында кездеседі. (Шииттер)
- Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. (29)
- Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... . (Сунниттер)
- VIІ. Үйге тапсырма беру
- Дінтану негіздері. Ғ.Есім., т.б. Алматы «Білім» баспасы 2010
- §11. 1. 131-148 бб. 148 беттергі сұрақтарға жауап беру
- Озық тапсырма:
- 1. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) (реферат)
- 2. Қасиетті кітап – Құран (хабарлама)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|