Жұмыс бағдарламасы хирургиялық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланған. Хаттама №


Модульге кіретін әрбір пәндердің тақырып жоспары: тақырыптар, өткізу түрі және әрбір сабақтың жалғасуы (лекциялардың, тәжірибелік,интерннің өзіндік жұмысының)



бет2/4
Дата18.02.2018
өлшемі0,69 Mb.
#37824
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Модульге кіретін әрбір пәндердің тақырып жоспары: тақырыптар, өткізу түрі және әрбір сабақтың жалғасуы (лекциялардың, тәжірибелік,интерннің өзіндік жұмысының).

Лекциялардың тақырыптық жоспары: лекциялар қарастырылмаған

Тәжірибелік сабақтардың тақырып жоспары:





Травматология және ортопедия




Сабақ тақырыбы

Өткізу формасы

Сағаттар саны

1

Жұмсақ тіндердің зақымдануы.

Механикалық зақымдардың жіктемесі. Клиникасы.

Науқастарды курациялау,опер.блокта жұмыс

6

Диагностикасы. Алғашқы жәрдем көрсету. Емдеу

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

2

Бассүйек-ми жарақаты

Жіктемесі, диагностикасы. Мидың жабық зақымдарының саралау диагностикасы.

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

Консервативті жолдармен емдеу әдістері. Хируругиялық ем қолдану көрсетімдері және операциялық жолмен емдеу әдістері

Опер.блокта жұмыс

6

3

Кеуденің зақымдануы

Жіктемесі, диагностикасы және саралау диагностикасы. Алғашқы жәрдем көрсету және консервативті жолдармен емдеу әдістері.

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

Хируругиялық ем қолдану көрсетімдері және операциялық жолмен емдеу әдістері

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

4

Қол сүйектерінің сынуы мен буындарының шығуы

Жауырын мен бұғана сынықтары. Клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы.

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

Қол сүйектерінің сынуы мен буындарының шығуы кезінде алғашқы жәрдем көрсету және ем шараларын қолдану

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

5

Аяқ сүйектерінің сынуы мен буындарының шығуы

Клиника,диагностика, дифференциальная диагностика.

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

Аяқ сүйектерінің сынуы мен буындарының шығуы кезінде алғашқы жәрдем көрсету және ем шараларын қолдану

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

6

Омыртқаның зақымдануы

Жіктемесі, диагностикасы және саралау диагностикасы.

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

Алғашқы жәрдем көрсету және консервативті жолдармен емдеу әдістері. Хируругиялық ем қолдану көрсетімдері және операциялық жолмен емдеу әдістері

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

7

Жамбас сүйектерінің сынуы

Жіктемесі, диагностикасы және саралау диагностикасы. Алғашқы жәрдем көрсету және консервативті жолдармен емдеу әдістері.

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

Хируругиялық ем қолдану көрсетімдері және операциялық жолмен емдеу әдістері

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

8

Политравма


Жіктелуі.Зақымдалу механизмдері.Клиникалық ағымының және диагностикасының ерекшеліктері.Медициналық көмек көрсету.

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6


9

Ұзақ жаншылу синдромы, позициялық қысылу синдромы

Ұзақ жаншылу синдромы, позициялық қысылу синдромы. Патогенезі. Диагностикасы мен саралау диагностикасы.

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

Консервативті ем қолдану. Операция көрсетімдері және хирургиялық жолдармен емдеудің негізгі принциптері

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

10

Күю

Күйік ауруының патогенезі мен клиникасы. Күйікті жалпы емдеу.

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

Күйіктерді консерватитві жолмен жергілікті емдеу. Операциялық ем қолдану

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

11

Үсу

Патогенезі мен клиникасы. Үсіктерді консервативті жолмен емдеу.

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

Үсіктерді операциялық жолмен емдеу

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

12

Жарақаттық остеомиелиті

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

13

Ұршықтың туа біткен шықпасы

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

14


Туа біткен маймақтық. Қол-аяқтың деформациялары

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

15

Туа біткен қисықмойын

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

16


Мүсінділік ақаулары. Сколиоз

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

17

Кеуденің туа біткен деформациясы

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

18


Остеохондропатиялар

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

19

Сүйектер мен буындардың қатерлі және қатерсіз ісіктері

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

20


Буындардың дегенерациялық – дистрофииялық және қабынбалы аурулары

Этиологиясы. Патогенезі. Жіктемесі.

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

Клиникасы. Саралау диагностикасы. Емдеу. Асқынулары

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

21

Жиі кездесетін ортопедиялық аурулары мен жарақаттары бар науқастарды, соның ішінде балалар мен егде жастағы тұлғаларды оңалту әдістері

Тәсілдері. Жіктемесі. Емдеу. Алдын алу және оңалту әдістері

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6





Барлығы

240 сағ.

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия




Сабақ тақырыбы

Өткізу түрі

Сағаттар саны

1

Қол-аяқ жұмсақ тіндерінің клиникалық анатомиясы. Қол-аяқтың жұмсақ тіндерінің зақымдануы кезінде жасалатын қалпына келтіру операциясы

Қол-аяқтың жұмсақ тіндерінің (терінің, тері шелмайының және шандырлардың) клиникалық анатомиясы. Жарақаттарды алғашқы хирургиялық өңдеу. Алғашқы хирургиялық өңдеу кезінде теріге жамау салу түрлері. Жергілікті тіндермен жамау салу, теріні алмастыру

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

2

Бассүйектің ми бөлімінің клиникалық анатомиясы. Бассүйек-ми жарақатының оперативті хирургиясы

Бассүйек-ми топографиясы. Бассүйектің 12 жұп нервтерінің клиникалық анатомиясы. Бассүйек негізінің зақымдануы кезінде туындайтын клиникалық синдромдар мен симптомдарды клиника-анатомиялық тұрғыдан негіздеу. Бассүйектің енген және енбеген жарақаттарын алғашқы хирургиялық өңдеу ерекшеліктері, қан тоқтату тәсілдері. Басс.йекке жасалатын декомпрессиялық және сүйек-пластикалық трепанациялар (түсінік). Ми құрыншаларына шұғыл түрде пункция жасау

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

3

Қол-аяқтың сүйек-бұлшықет аппараты ның клиникалық анатомиясы. Қол-аяқтың сүйектеріне жасалатын операциялар

Қол-аяқтың сүйек-бұлшықетті аппаратының клиникалық анатомиясы, қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Түтікшелі сүйектердің сынуы кезінде қантамыр-нервтік будалардың зақымдануын топография-анатомиялық түрғыдан негіздеу. Түтікшелі сүйектің сынуы кезінде сынықтар жылжуының клиникалық анатомиясы. Сүйек ішілік инфузия техникасы. Түтікшелі сүйектің остеотомиясы, остеосинтезі, пластикасы. Қол-аяққа жасалатын ампутациялар (жалпы ережелері, техникасы)

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

4

Буындардың клиникалық анатомиясы мен оперативті хирургиясы

Иық, шынтақ, кәріжілік-білезік буындарының, ұршықбуынның, тізебуынның және сирақ-аяқбасы буынының клиникалық анатомиясы. Қолбасы мен аяқбасының буындары. Буын саңылауларының кескіні, буын капсуласы, оны бекітетін аппарат, әлсіз орындары, қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Буындардың синовиалық бұратылулары артриттер кезінде іріңді ағыстардың таралуындағы олардың рөлі. Буындардың шығып кетуі кезінде сүйектердің орналасуы. Иық, шынтақ, кәріжілік-білезік буындарына, ұршықбуынға, тізебуынға және сирақ-аяқбасы буынына пункция (буын ішілік және буын маңы инъекциялар) және атротомия жасауды топография-анатомиялық тұрғыдан негіздеу, иық буынына, ұршықбуынға және тізебуынға резекция жасау. Буындарға пластика жасаудың қазіргі әдістері. Артроскопия мен артроскопиялық операциялар туралы түсінік

Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

5

Омыртқа мен жамбас сүйектерінің клиникалық анатомиясы. Омыртқа мен жұлынға жасалатын операциялар

Омыртқа (омыртқа, омыртқа каналы, жұлын) мен жамбастың клиникалық анатомиясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Омыртқа мен жұлынған жасалатын операциялар (бел пункциясы, ламинэктомия). Жұлын-ми анестезиясы, жіберілетін қателіктер мен туындайтын асқынулар

Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6




Барлығы







30 сағ.

Анестезиология және реанимация




Сабақ тақырыбы

Өткізу түрі

Сағаттар саны

1

Механикалық жарақат алушының операцияға дейінгі жағдайы, операцияға даярлау, оған анестезия жасау


Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан болатын өзгерістер. Тыныс алу жүйесі жағынан болатын өзгерістер. Бауыр мен бүйрек жағынан болатын функционалдық өзгерістер. Нейроэндокринді жүйе жағынан болатын өзгерістер. Су-тұз және қышқылдық-сілтілік баластарға тән бұзылыстар. Негізгі алмасу мен тіндегі метаболизмнің бұзылыстары. Гемостаздар жүйесінде туындайтын бұзылыстар.

Жарақаттық шок кезінде операция алдында жүргізілетін даярлықтың ерекшеліктері. Жаншылу синдромы кезінде операция алдында жүргізілетін даярлықтың ерекшеліктері. Көп көлемде қан жоғалтқан кезде операция алдында жүргізілетін даярлықтың ерекшеліктері. Операция кезінде тірі қалуды анықтайтын факторлар.

Кеуденің ауыр жарақаты себебінен жасалатын операциялар кезінде қолданылатын анестезияның ерекшеліктері. Құрсақ қуысының ауыр жарақаты себебінен жасалатын операциялар кезінде қолданылатын анестезияның ерекшеліктері.

Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы себебінен жасалатын операциялар кезінде қолданылатын анестезияның ерекшеліктері. Құрама зақымдар кезінде жасалатын анестезияның ерекшеліктері.

Инфузиялық-трансфузиялық терапия. Қышқылдық-сілтілік балансты қалпына келтіру. Қан реинфузиясы.

Метаболизм бұзылыстарын түзету. Геморрагиялық шокты дәрі-дәрмектермен емдеу



Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6

2

Ортопедиялық және пластикалық операциялар кезінде жасалынатын анестезия

Омыртқаға жасалатын операциялар кезінде қолданылатын анестезия.

Қол-аяққа жасалатын операциялар кезінде қолданылатын анестезия. Балаларға жасалатын ортопедиялық операциялар кезінде қолданылатын анестезия.

Микрохирургиялық операциялар кезінде қолданылатын анестезиялар. Әсері ұзақ анестезиялардағы мәселелер


Дәке алмастырушы кабинетте жұмыс

6

3

Травматологияда және ортопедияда операциядан кейінгі кезеңде жүргізу


Жансыздандыру. Адекватты газ алмасулармен қамтамасыз ету. Адекватты қанайналымдармен қамтамасыз ету. Ателектаздардың, пневмониялардың алдын алу және оларды емдеу

Науқастарды курациялау, опер.блокта жұмыс

6

4

Бассүйек-ми жарақаты және жұлын зақымдануы кезіндегі реанимация және қарқынды ем қолдану


Бассүйек-ми жарақаты кезінде виталық бұзылыстардың патогенезі және олардың ауыртпалығын бағалау:

Мидағы қанайналымның тоқтау, ми дислокациясы, ми ісінуі механизмі. Ликвор қысымын тексеру. Бел пункциясы. Ми дислокациясы мен бассүйек ішілік гипертензияның дамуы кезінде мидағы жалпы және ошақты симптоматикалардың өзгеру динамикасы. Команың және ми діңгегінің зақымдану дәрежесін анықтау. Диэнцефал-катаболизмдік және мезэнцефал-бульбарлық синдромдар. Бассүйек-мидың ауыр жарақаты кезінде гемодинамиканың бұзылу патогенезі. Артериялық гипертензия мен гипотензия және оның себептері. Ми қантамырындағы бұзылыстар кезінде артериялық гипотензияның аса қауіптілігі.

Су-электролиттік алмасудағы өзгерістер.

Қауіпті бассүйек-ми жарақаты бар науқасты емдеуде ауруханаға дейінгі кезеңде реанимация жүргізудің маңыздылығы.


Тасымалдау кезінде аспирацияның алдын алу, тыныс алу бұзылыстарымен және артериялық гипотензиямен күресу. Ауруханада тыныс алу бұзылыстарымен күресу. Бронхтарды тазарту. Кеңірдек интубациясын жасау. Трахеостомия.
Өкпенің жасанды вентиляциясы. ӨЖВ көрсетімдері.

Өкпенің ұзақ вентиляциялану ерекшеліктері. ӨЖВ режімін талғау. Жоғары жиілікті ӨЖВ қолдану. Көрсетімдері.БМЖ кезінде гипервентиялция жасау қауіптілігі. Гемодинамика бұзылыстарын түзету.

Ми ісіну кезінде қарқынды ем қолдану. Артық дегидратацияның қауіптілігі.

Гипертермиямен және ми ісінуімен күресу үшін қолданылатын емдік гипотермия (бассүйек-ми және жалпы).

Асқазан-ішек жолдарының функцияларын қалпына келтіру. Тамыр арқылы және түтікшемен қоректендіру. Инфекциялық асқынулармен күресу. Жауыржаралардың алдын алу және оларды емдеу. Виталық бұзылыстарды жойғаннан кейін ұзақ уақыт ес-түссіз жатқан науқасқа қарқынде ем қолдану. Науқасты реанимация бөлімінен мамандандырылған неврологиялық және нейирохирургиялық бөлімге ауыстыру көрсетімдері.

Жұлынның әртүрлі деңгейінде зақымдану механизмі. Мойын және кеудеомыртқалары зақымданған науқаста тыныс алудың бұзылуы. Гемодинамика бұзылыстары. Салыстырмалы гиповолемияның түрі ретіндегі «спиналық шок». Тыныс алу бұзылыстарымен күресу. Кеңірдек интубациясы және трахеостомия. Мойын бөлімі жарақаттанған кезде интубацияны қолдану қауіптілігі. ӨЖВ көрсетімдері. «Спиналық шоктың» алдын алу және «сүңгігіш синдромы» кезінде туындайтын «спиналық шоктың» алдын алу.Тыныс алу функциясын қалпына келтіру кезінде қарқынды ем қолдану (ӨЖВ, тамыр арқылы және түтікпен қоректендіру, инфекциялармен және жауыржарамен күресу)



Үйрететін ауру тарихтары ,кіші топтар,талқылаулар

6

5

Операциядан кейін қарқынды ем жүргізу

Қарқынды ем қолдану көрсетімдері. Операциядан кейін қарқынды ем қолданатын неврологиялық науқатар категориясы.

Комада жатқан науқастарға операциядан кейін қарқынды ем қолдану сипаты. Ұзартылған ӨЖВ. Трахеостомия көрсетімдері. Назотрахеалық интубация көрсетімдері. Ми ісінуінің алдын алу және олармен күресу.

Ми ісінуі және психоневрологиялық бұзылыстар кезінде қанайналымның бұзылуы. Гемодинамиканы қылыпты ұстап тұруға бағытталған шаралар. Трансфузиялық терапия. Гипертермияның алдын алу және оны емдеу. Құрысқақ синдромы кезінде қарқынды ем қолдану. Инфекциялық және трофикалық асқынулардың алдын алу. Науқастарды энтеральдық және тамыр арқылы қоректендіру

Кіші топтарда жұмыс, талқылау

6




Барлығы:

30 сағ.

Визуалдық диагностика




Сабақ тақырыбы

Өткізу түрі

Сағаттар саны

1

Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды визуалдық тексеру әдістері. Буындар мен жұмсақ тіндер зақымдарының визуалдық диагностикасы

Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды визуалдық тексеру әдістері. Буындар мен жұмсақ тіндер зақымдарының визуалдық диагностикасы. Буындар мен жұмсақ тіндер зақымдарының визуалдық диагностикасы. Бұлшықеттер, шандырлар, сіңірлер мен байламдар жартылуының, бұлшықет ішілік гематоманың және соғылған жердің сәулелік семиотикасы

Науқастарды курациялау

6

2

Бассүйек-ми жарақатының визуалдық диагностикасы

Бассүйектің ми бөлімінің сәулелік қалыпты анатомиясы. Бассүйек пен ми зақымдарының визуалдық диагностикасы. Бассүйек күмбезінің, негізінің сүйектері сынықтарының, ми шайқалуының, соғылған, қысылған жердің, эпидуралық, субдуралық, ми ішілік және субарахноидалық гематомалардың сәулелік семиотикасы

Жұптаса жұмыс істеу, презентациялар.


6

3

Кеуде зақымдарының визуалдық диагностикасы

Кеуденің сәулелік қалыпты анатомиясы. Кеуде зақымдарының визуалдық диагностикасы. Кеуде зақымдарының, плевра қуысында сұйықтықтардың, ауалардың немесе қандардың пайда болуын анықтаудағы, өкпе соғылуының, перикардта бөгде денелердің, сұйықтықтың бар екендігін анықтаудағы сәулелік семиотикасы

Науқастарды курациялау,

дискуссия



6

4

Қол сүйектері сынықтарының және буыны шықпасының визуалдық диагностикасы

Қолдың сәулелік қалыпты анатомиясы. Қол зақымдарының визуалдық диагностикасы. Жауырын, бұғана, иық, білек, білезік, қолбасы және саусақ сүйектері сынықтарының, иық, шынтақ буындары шықпасының сәулелік семиотикасы

Тесттік сұрақтар,жағдайлық есептер, дискуссия.

6

5

Аяқ сүйектері сынықтарының және буыны шықпасының визуалдық диагностикасы

Аяқтың сәулелік қалыпты анатомиясы. Аяқ зақымдарының визуалдық диагностикасы. Сан, сирақ, аяқбасы сүйектері сынықтарының, ұршықбуын, тізебуын және сирақ-аяқбасы буындары шықпасының сәулелік диагностикасы

Кіші топтар,

дискуссия



6




Барлығы:

30 сағ.




Қорытынды:

330 сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет