№ 3 Тақырып
.
Жердің даму тарихында геосфералардың
байланысы
Географиялық қабықтың пайда болуы, маңызы, ерекшелігі, дамуы.
Өткен және қазіргі кезеңдегі зат айналымы. Жер мен Ғарыш кеңістігіндегі зат
айналымының эволюциясы мен оның тұйық еместігін дәлелдеу,
реконструкция әдістері, реконструкция бағыттары. Табиғи құбылыстар мен
үрдістердің ритмикалық өзгерістері, олардың зоналылық ерекшеліктері,
географиялық қабықшаның біртұтастығы.
Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны. Антропогендік
мәселелер. Географиялық қабықшаға тигізер әсері, оның себеп-салдары.
Физикалық географиядағы ізденіс әдістері. Физикалық географиядағы жалпы
және пән аралық әдістер: салыстырмалы, аналог әдістері, жүйелеу,
математикалық, геохимиялық, геофизикалық. Физикалық географиядағы
салыстырмалы – сипаттау, экспедициялық, картографиялық, аэроғарыштық,
палеогеографиялық т.б.
Географиялық қабықша түсінігі. Физикалық-географиялық қабықша,
эпигеосфера, жер құрылымының қабықшалары, оның төменгі және жоғарғы
шекаралары. Ландшафттық сфера. Географиялық қабықшаның сапалық
ерекшеліктері мен негізгі заңдылықтары: біртұтастығы, заттардың әртүрлі
агрегаттық күйде болуы, екі энергия көздерінің болуы (эндогенді және
экзогенді), зоналылығы, ырғақтылығы.
№ 4 Тақырып
.
Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы
планеталық әсері
Географиялық кеңістік түсінігі. Географиялық қабықшаның энергия
көздері. Галактика, Күн жүйесі және олардың пайда болуы. Жердің Күн
жүйесіндегі орны: пайда болу гипотезасы және алғашқы дамуы. Күн мен
Жердің байланысы. Магниттік өрісінің әсері. Жердің пішіні мен өлшемдері,
Жердің қозғалысы мен оның географиялық салдары.
№ 5 Тақырып
.
Географиялық қабықшаның құрамы
Заттық құрамы, көлемі және литосфераның, атмосфераның,
биосфераның негізгі бөліктері. Олардың пайда болуы, негізгі қасиеттері мен
ерекшеліктері. Географиялық қабықшада заттар мен энергияның таралуы.
Географиялық қабықшаның тік бағыттағы және ландшафттық (көлденең)
бағыттағы құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |