Жұмыс оқу бағдарламасының негізгі беті
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/17
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика және аспап жасау кафедрасы
6М060400 – «Физика» мамандығының магистранттарына арналған
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
Жұмыс оқу бағдарламасын бекіту беті
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/17
|
|
БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________ Н.Э. Пфейфер
2013 ж. «___»_____________
|
Құрастырушы: п.ғ.к., доцент ________Л.К. Казангапова
Физика және аспап жасау кафедрасы
6М060400 – «Физика» мамандығы магистранттарына арналған
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
жұмыс оқу бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу бағдарламасының жоспары және университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген элективті пәндер каталогі негізінде әзірленді. 20__ж. «____»_______№___Хаттама
Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___» _________ № ____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________Жукенов М.К. 2013 ж. «____»_____________
ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2013ж. «____»_____________№_____Хаттама
ОӘК төрағасы _______________А.Б. Искакова 2013 ж. «____»_____________
ОӘБ төрағасы ______________ Е.Н. Жуманкулова 2013 ж. «____» _________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2013ж. «___» ________ № ___ Хаттама
1 Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Физиканы оқыту әдістемесі
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Барлық аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Тәжірибелік сабақтар - 15 сағат
МӨЖ – 90 сағат
Соның ішінде ОМӨЖ – 9 сағат
Жалпы сағат көлемі – 135 сағат
Бақылау түрі
Қорытынды бақылау түрі: емтихан – 2 семестр
2 Пререквезиттер
Қазіргі заман физикасының негізгі принциптері, материалтану, психология, педагогика, ғылым тарихы мен философиясы.
Постреквезиттер
Ғылыми – зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, деформацияланатын қатты дене механикасы, үздіксіз орталардағы толқындық процестер, физикадағы матрицалық әдістер.
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәні
Физиканы оқыту әдістемесі. Физиканы оқытудың теориялық әдістемесі.
Пәннің мақсаты
ЖОО магистранттарды физика оқытушысының кәсіптік - педагогтық қызметіне дайындау. Әдістемелік жұмыс оқытушының кәсіптік іс - әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады. Ол барлық әлеуметтік -гуманитарлық, психология - педагогтық, жалпы мамандандыру және арнайы мамандандыру пәндер циклдеріндегі білім мен біліктілікті жинақтауды талап етеді.
Пәннің міндеті магистранттардың жоғарғы оқу орындарында физика курсын толық оқыту әдістемесін меңгеру.
4 Міндеттері
ЖОО физика курсының құрылымы мен мазмұнының ғылыми және психология - педагогтық негіздерін магистранттардың оқып үйренуі, олардың өзара байланысын түсінуі;
Магистранттарды мектептегі оқыту бағдарламасымен, жоспарларымен, стандартқа сай біліммен қамтамасыз ету, оқыту әдістемесі және құралдарымен қаруландыру;
Физиканы оқыту процесінде ғылыми жаратылыстану дүниетанымдылығының жалпы адамзат мәдениетінің құраушысы ретінде көрсететін білімдерді қалыптастыру;
Оқу жоспарына сай оқыту сабақтарын жоспарлауға магистранттарды дағдыландыру, физиканың пәнаралық байланыстарын ескеру;
Дидактикалық материалдың ғылыми-әдістемелік тадауын жүргізу шеберлігіне дағдылану, оқу орнының бағытын және оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, әдістемелік тәсілдерді таңдау, пән бойынша оқу - тәрбие жұмысын жоспарлау;
Физикалық экспериментті жүргізуде магистранттарды техникалық оқу құралдары мен компьютерді пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру;
• Магистранттарды жалпы орта білім беру және кәсіптік білім беру мектептерінде сабақ жүргізуге дайындау.
Аталмыш пәнді оқу нәтижесінде магистранттар
алғашқы мағлұматтардан хабары болуы керек:
- физика курсының мазмұны мен құрылымын.
білу керек:
физика курсын оқытудың негізгі әдістемесі.
істей алуы керек:
физика курсының негізгі бөлімдерін жіктеуді;
ғылыми эксперимент құрып, жоспарын таңдау;
зерттеу мен жобалау қызметінің нәтижесін сауатты көрсету.
тәжірибелік дағды қалыптастыру:
заманауи ғылыми - әдістемелік ақпаратты талдау және тәжірибе ізденісімен меңгеру.
жетік білуі керек:
физика курсын жетік білу;
физика курсын оқыту әдістемесі бойынша арнайы білімді қолдану;
өздігімен жоспарлаудың жаңа әдістерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді үйрену;
5 Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сабақтардың үлестірілуі
№ п/п
|
Тақырыптар-дың атауы
|
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сабақтардың саны
|
МӨЖ
|
дәріс
|
тәжірибелік
|
Бар-лығы
|
Соның ішінде ОМӨЖ
|
1
|
Физиканы оқытудың ғылыми - теориялық және әдістемелік негіздері.
|
5
|
2
|
15
|
1,5
|
2
|
Физиканы оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі.
|
5
|
2
|
15
|
1,5
|
3
|
ЖОО –да физика сабақтарын ұйымдастыру түрлері.
|
5
|
2
|
15
|
1,5
|
4
|
Жоғары оқу орындарында (ЖОО) физиканы оқытуды ұйымдастыру.
|
5
|
3
|
15
|
1,5
|
5
|
Физика курсының негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі.
|
5
|
3
|
15
|
1,5
|
6
|
Ғылыми білімдерді негіздеу: «әлемнің физикалық бейнесі» және «ғылыми-техникалық прогресс.
|
5
|
3
|
15
|
1,5
|
|
Барлығы
|
30
|
15
|
90
|
9
|
6 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет
Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту әдітемесі, Алматы, 2008. - 119 б.
Теория и методика обучения физике в ВУЗ-е: Общие вопросы / С.Е.Каменецкий, Н.С.Пурышева, Н.Е.Важеевская и др., М., 2007. -368 с.
Жанабаев З.Ж., Мукушев Б.А. Синергетика в педагогике, Алматы, 2005. -127 с.
Мукушев Б.А. Проблема физического образования в средней и высшей школе., Алматы, 2010. - 249 с.
Қосымша әдебиет
Темиркулова Н.И. Система самостоятельных заданий по атомной физике, Алматы, 2010. - 269 с.
М.Құдайқұлов., .Қ. Жанабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі., Алматы, 2006. – 310 б.
Дәрістік сабақтарға тақырыптар
1 тақырып. Физиканы оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері. Физиканы оқыту – дидактикалық жүйе. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері, әлем тану, білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Мектепте физика курсының құрылымы. Мектептегі оқу жоспары және ондағы физиканың орны. Физиканың басқа оқу пәндерімен және студенттерді еңбекке баулумен байланысы. Студенттердің келешек мамандығы бағытымен байланысты кәсіптік мекетепте физиканы оқыту ерекшеліктері (пәнаралық байланыс, қолданбалы дидактикалық материалдың кәсіптік бағыты). Орта оқу орындарында арналған физика бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау. Оқу бағдарламаларына, мектептерге білім беру мен физика бойынша жоғарғы оқу орындарында оқулықтарға талдау жасау.
2 тақырып. Физиканы оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі.
Дидактикалық принциптер мен физиканы оқыту әдістері. Әдістерді талдау критериі. Оқытуда ғылыми танымдық әдістерді қолдану: жалпы логикалық танымдық әдістер (анализ, синтез, абстракттау, талдап қорыту, индукция, дедукция, аналогия, модельдеу); теориялық және эмпирикалық ғылыми әдістер. Педагогикалық заңдылықтардың статистикалық мәні. Физиканы оқытуды жандандыру әдістері. Қайшылық кезеңдер, тірек белгілер, логикалық-құрылымдық жүйелер құрудың мысалдары. Физиканы оқыту процесін жабдықтау. Физика кабинетін және лабораториясын жабдықтауға қойылатын негізгі талаптар. Көрнектілік, техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні, оған қойылатын әдістемелік талаптар. Физиканы оқыту әдістері мен құралдарына комплексті тәсілдерді қолдану.
3 тақырып. Мектептерде физика сабақтарын ұйымдастыру түрлері. Оқуды ұйымдастыру түрлері: сабақ, дәріс, семинар, конференция, экскурсия. Олардың сипаттамасы. Стандартты емес сабақтар. Физика сабағының типтері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар. Фронтальды зертханалық жұмыстар. Физикалық прктикум. Оқыту мәселелері, физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері. Физика бойынша білімді, біліктілікті, дағдыны бақылау және тексеру. Бақылаудың түрлері. Программалық бақылау және компьютер арқылы бақылаудың мысалдары. Арнайы курстарды ұйымдастыру әдістемесі.
4 тақырып. Кәсіптік мектептерде физиканы оқытуды ұйымдастыру. Әртүрлі бағыттағы кәсіптік мектептердің оқу жоспарындағы физиканың орны. Кәсіптік мектептердің физика курсын құру принциптері, мамандықпен байланысы. Дәріс, оның түрлері, құрылымы. Зерттеуді, шешуді керек қылатын келелі, қайшылы мәселелер әдісі (проблемалы әдіс). Дәрістік демонстрациялар және ондағы техникалық оқу құралдары.
5тақырып. Физика курсының негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі. Механика. Кинематиканың негізгі түсініктері: санақ жүйесі, материалық нүкте, абсолютті қара дене, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, материалық нүктенің қозғалысының векторлық және координаттық бейнеленуі. Динамиканың негізгі қағидалары. Бейсыздық жүйелердегі динамикалық хаос. Молекулалық физика. Моль, температура ұғымдарын қалыптастыру. Термодинамикалық сипаттамалар, параметрлер (термодинамикалық жүйе, тепе-теңдікті, тепе-теңдіксіз күйлер мен процестер, температура, жылу мөлшері, ішкі энергия, жұмыс, жылу сыйымдылық). Термодинамика заңдары, тепе-тең термодинамиканың шекті сипаты. Энтропия. Бейсыздық тепе-теңдіксіз термодинамика принциптері. Электродинамика. Заряд, өріс, потенциал түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. Электрмагниттік өрістің күштік, энергиялық сипаттамалары. Атомдық және ядролық физика. «Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі. Ядролық синтез және бөліну реакцияларының табиғатын түсіндіруге қолдану. Элементар бөлшектерді (электрон, протон, нейтрон, мезон, кварктар мен резоннастар) оқып үйрену әдістемесі.
6 тақырып. Ғылыми білімдерді негіздеу: «әлемнің физикалық бейнесі» және «ғылыми-техникалық прогресс. Әлемнің материалдығы мен біртұтастығы. Әсерлесу түрлері, олар туралы түсініктердің дамуы. Термоядролық энергетиканың, материалтанудың, компьютердің элементтік базасының, лазерлік технологияның және байланыстың физикалық проблемалары
7. Тәжірибелік сабақтар (семинар, зертхана), олардың сағаттық көлемі
1. Мектептерге арналған физика бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау.
2. Физика методологиясы мәселелері мен әдістемесі бойынша баяндама дайындау және оны сабақ сценариіне қатысты студенттер тобының алдында жариялау.
3. Әлемнің материалдығы мен біртұтастығы. Әсерлесу түрлері, олар туралы түсініктердің дамуы.
Өздік жұмыс тапсырмалары
1 тақырып.
1 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің (ФОТмӘ) пәні.
Мазмұны және зерттеу әдістері.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің даму тарихы.
Физиканы оқыту әдістемесінің философия.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің психология және педагогикамен байланысы.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің орта білім берудің қазіргі кезеңдегі дамуына сәйкес ФОТмӘ міндеттері мен көкейкесті мәселелері.
2 тақырып.
2 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:
Физиканы оқыту – дидактикалық жүйе.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің әлем тану.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің білім беру.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің тәрбиелеу.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің дамуы.
3 тақырып.
3 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:
Әртүрлі бағыттағы орта оқу жоспарындағы физиканың орны.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің арнаулы орта физика курсын құру принциптері.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің мамандықпен байланысы.
4 тақырып.
4 тақарып бойынша СӨЖ тапсырмасы:
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің механиканы түсіндіру .
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің молекулалық физиканы түсіндіру.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің электродинамиканы түсіндіру.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің атомдық және ядролық физиканы түсіндіру.