СМЖ Н.-05-14
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК
№ 1 ЦӘК Арнайы пәндер
отырысында қаралды
ЦӘК төрайымы____ Теслина Г.Н.
№ хаттама _________2021 ж.
|
Келісілді
Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің ШЖҚ
МКК №15 емханасының Бас медбикесі
_____ Темирова Т.Т.
«__» __________2021 ж.
|
Бекітемін
Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директоры
______ А.Саржанова
«___» __________2021 ж.
|
Жұмыс бағдарламасы
Клиникалық тәжірибе «Алғашқы медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру»
Мамандығы: 0302000 - «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302043 «Жалпы практикадағы мейіргер»
Курс IІІ
Сағат саны: 180
V семестр: тәжірибе – 180 с.
Оқытушы: Тукибаева М.С.
ЖМББС ТжКББ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің №ҚР ДСМ 12/2020 21.02.20 бекітілген бұйрығы негізінде құрастырылды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 27.02.20 ж. тіркеу №20071
Түсіндірме хат
Мейірбике ісінің бакалаврларын даярлауда АМСК маңызды орын алады, өйткені ол қол жетімді және қолайлы медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бейінді медициналық-санитарлық алғашқы көмек құрамына ұлттық және аймақтық қажеттіліктерді ескере отырып денсаулық сақтаудың басым бағыттары бойынша пәндер кіреді және оқу жоспарында 180 сағатты құрайды.
Пәннің мақсаты: мейірбике қызметкерлерінде АМСК деңгейінде кешенді қызмет көрсету кезінде сыни ойлау мен әлеуметтік-бағдарланған тәсіл дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің мақсаты: біліктер мен дағдыларды игеру:
АМСК нормативтік құқықтық актілерімен танысу;
АМСК мейірбикесінің жұмысын ұйымдастыру;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде мейірбике қызметінде ақпараттық жүйелерді қолдану;
халықты жоспарлы скринингтен өткізу;
тіркелген халықты диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
АМСК деңгейіндегі мейірбикенің кәсіби құзыреті шегінде халыққа кешенді қызметтерді ұсыну;
әр түрлі санаттағы пациенттерге қауіпсіз мейірбикелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
отбасына алғашқы медициналық-әлеуметтік бағалау жүргізу;
халықтың денсаулықтары үшін бірлескен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Денсаулық мектептерінде» халықтың мақсатты топтарымен жұмыс;
патронаждық қызметті орташа және жоғары әлеуметтік қауіпті тұрғындармен жұмысын ұйымдастыру;
науқастарды сауықтыру үшін әлеуметтік технологиялар мен әлеуметтік терапия әдістерін қолдану;
АМСК деңгейінде паллиативті және гериатриялық көмекті ұйымдастыру және ұсыну;
Жастар денсаулығы орталығының жұмысын ұйымдастыру;
отбасылық денсаулықты нығайту технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық, санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
Емханалардағы практикалық сабақтар 6 сағат бойы өткізіледі.
Бірінші семестрдегі бақылаудың қорытынды түрі - бағалау сұхбаты.
«АМСК» клиникалық практика курсының оқу нәтижелері:
1. Оқыту. Оқу қажеттіліктерін біледі және дағдыларды қолдану арқылы оқу мақсаттарын қояды. BC 1
2. Этика және кәсіби шеберлік. БК-2
3. Қарым-қатынас және командалық жұмыс. BK-3.
4. Денсаулықты нығайту. ДК 1
5. Қауіпсіздік және сапа. ДК 2
6. Клиникалық құзыреттілік. ДК 3
|
Достарыңызбен бөлісу: |