Жұмыс бағдарламасы Клиникалық тәжірибе «Алғашқы медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»



бет1/9
Дата26.01.2022
өлшемі86,94 Kb.
#129884
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КП ПМСП қаз


СМЖ Н.-05-14

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК



№ 1 ЦӘК Арнайы пәндер

отырысында қаралды

ЦӘК төрайымы____ Теслина Г.Н.

№ хаттама _________2021 ж.



Келісілді

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің ШЖҚ

МКК №15 емханасының Бас медбикесі

_____ Темирова Т.Т.

«__» __________2021 ж.


Бекітемін

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директоры

______ А.Саржанова

«___» __________2021 ж.





Жұмыс бағдарламасы

Клиникалық тәжірибе «Алғашқы медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру»

Мамандығы: 0302000 - «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302043 «Жалпы практикадағы мейіргер»

Курс IІІ

Сағат саны: 180

V семестр: тәжірибе – 180 с.

Оқытушы: Тукибаева М.С.

ЖМББС ТжКББ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің №ҚР ДСМ 12/2020 21.02.20 бекітілген бұйрығы негізінде құрастырылды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 27.02.20 ж. тіркеу №20071




Түсіндірме хат
Мейірбике ісінің бакалаврларын даярлауда АМСК маңызды орын алады, өйткені ол қол жетімді және қолайлы медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бейінді медициналық-санитарлық алғашқы көмек құрамына ұлттық және аймақтық қажеттіліктерді ескере отырып денсаулық сақтаудың басым бағыттары бойынша пәндер кіреді және оқу жоспарында 180 сағатты құрайды.

Пәннің мақсаты: мейірбике қызметкерлерінде АМСК деңгейінде кешенді қызмет көрсету кезінде сыни ойлау мен әлеуметтік-бағдарланған тәсіл дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің мақсаты: біліктер мен дағдыларды игеру:



АМСК мейірбикесінің жұмысын ұйымдастыру;

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде мейірбике қызметінде ақпараттық жүйелерді қолдану;

  • халықты жоспарлы скринингтен өткізу;

  • тіркелген халықты диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • АМСК деңгейіндегі мейірбикенің кәсіби құзыреті шегінде халыққа кешенді қызметтерді ұсыну;

  • әр түрлі санаттағы пациенттерге қауіпсіз мейірбикелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;

  • отбасына алғашқы медициналық-әлеуметтік бағалау жүргізу;

  • халықтың денсаулықтары үшін бірлескен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Денсаулық мектептерінде» халықтың мақсатты топтарымен жұмыс;

  • патронаждық қызметті орташа және жоғары әлеуметтік қауіпті тұрғындармен жұмысын ұйымдастыру;

  • науқастарды сауықтыру үшін әлеуметтік технологиялар мен әлеуметтік терапия әдістерін қолдану;

  • АМСК деңгейінде паллиативті және гериатриялық көмекті ұйымдастыру және ұсыну;

  • Жастар денсаулығы орталығының жұмысын ұйымдастыру;

отбасылық денсаулықты нығайту технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық, санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

Емханалардағы практикалық сабақтар 6 сағат бойы өткізіледі.

Бірінші семестрдегі бақылаудың қорытынды түрі - бағалау сұхбаты.

«АМСК» клиникалық практика курсының оқу нәтижелері:




1. Оқыту. Оқу қажеттіліктерін біледі және дағдыларды қолдану арқылы оқу мақсаттарын қояды. BC 1

2. Этика және кәсіби шеберлік. БК-2

3. Қарым-қатынас және командалық жұмыс. BK-3.

4. Денсаулықты нығайту. ДК 1

5. Қауіпсіздік және сапа. ДК 2

6. Клиникалық құзыреттілік. ДК 3






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет