Жұмыс бағдарламасы мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»


семестр тәжірибелік сабақ



бет2/2
Дата19.05.2017
өлшемі338,96 Kb.
#16435
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2

6 семестр тәжірибелік сабақ



Күні

Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Сабақ түрі

Сағат саны

1




Оқыту модулі Д1

Нәжіс - тәуліктегі жиілігі, түсі, формасы, консистенциясы, көлемі, қортылмаған астың қалдықтары, қан араласуы, кілегейдің болуы. Нәжістің қатуы және сұйық болуы, пайда болу себептері.




Т/с

2

2




Оқыту модулі Д1

Қарау. Ауыз қуысының шырышты қабығы, тіл, тіс, қызыл иектегі өзгерістер.

Ішті қарау: оның көлемі, (кебуі, май басуы, асцит), дем алуға қатысуы.


Т/с

2

3




Оқыту модулі Е1 Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомия және физиологиялық ерекшеліктері.Сұрастыру. Бүйрек аймағының ауырсынуы, сипаты, орналасуы, таралуы,уақыты.

Т/с

2

4




Оқыту модулі Е1 Ісіктер. Жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларында кездесетін ісіктерден айырмашылығы.

Т/с

2

5




Оқыту модулі Е1 Қарау. Бүйрек ауруларындағы науқастың сыртқы бет-бейнесі. Бел аймағының ісінуі және қызаруы. Ісіктің таралу ерекшеліктері. Оның басқа ауру ісіктерінен айырмашылығы.


Т/с

2

6




Оқыту модулі Е1 Науқасты жалпы зәрдін клиникалық анализдеріне және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындық жүргізу.


Т/с

2

7




Оқыту модулі Ж1.

Қан жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру

Қан жасаушы мүшенің анатомия және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру.Мұрыннан, қызыл иектен, кетудің пайда болуы.


Т/с

2

8




Оқыту модулі Ж1

Қарау. Тері және кілегейлі қабаттардың түсінің өзгерістері. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қанталау, көгеру.




Т/с

2

9




Оқыту модулі Ж1 Пальпация әдісімен лимфа түйіндерінің көлемінің ұлғайюын анықтау.

Келісілген реттілік бойынша құлақ маңындағы, мойын, жақасты, бұғана үсті және астын пальпациялау




Т/с

2

10




Оқыту модулі Ж1 Қолтық асты және шап лимфа түйіндерін пальпациялау.

Т/с

2

11




Оқыту модулі З1 Эндокринді жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Эндокрин жүйесінің анатомия және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру. Шағымдары: әлсіздік, арықтау, семіру, шөлдеу, тәбетінің өзгеруі, қозу.


Т/с

2

12




Оқыту модулі З1

Қарау.Эндокрин жүйесі ауруларында науқастың жағдайын бағалау. Тері асты май қабатының жағдайы(семіру,арықтау). Көз алмасының шығуы-экзофтальм.

Пальпация. Қалқанша бездің пальпациясы. Науқасты зертханалық зерттеу әдістері


Т/с

2

13




Оқыту модулі И1 - Сүйек бұлшық ет және дәнекер ұлпа ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Сүйек бұлшық ет және дәнекер ұлпаларының анатомиясы және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру. Негізгі шағымдары: бұлшық еттегі, сүйектегі,буындардағы ауыру сезімі «таңертеңгілік буындардың қимылының шектелуі» , бұлшық еттің әлсізденуі.


Т/с

2

14




Оқыту модулі И1

Қарау. Буындардың конфигурациясы, ісінуі терісінің қызаруы. Буындардың қозғалыстарының көлемін анықтау.

Пальпация.Бұлшық еттің,сүйектердің буындардың ауыруын анықтау. Науқасты рентгендік зерттеуге ( сүйекті және буынды дайындау).


Т/с

2

15




Оқыту модулі К1 – Аллергиялық ауруларда мейірбике ісін ұйымдастыру. Сұрастыру.Шағымдары:терінің қышуы,терідегі бөртпелер, ісіктер.

Т/с

2

16




Анамнез: аллергендерге сезімталдығын анықтау. Жалпы қарау:тері қабаты, жағдайы,есі,қалпы.


Т/с

2







Барлығы




32


3.2. Пәннің мазмұны

1 бөлім. Кіріспе.

Тақырып 1.1. Пәнге кіріспе.

Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулар пропедевтикасының маңызы,оның мақсаты, даму кезеңдері,мейірбикенің науқасты тексерудегі ролі.Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның қалаушысы. Мейірбикелік этика және медициналық деантология. Іші аурулар пропедевтикасында мейірбике ісін ұйымдастыру.



2 бөлім. Ішкі аурулар пропедевтикасында мейірбике ісін ұйымдастыру. Клиникалық тексеру әдістері.

Тақырып 2.1 Субъективті, объективті тексеру әдістері,зертханалық және аспапты зерттеу әдістері.

Білім алушы білу керек;

Науқастың құжат бөлімін толтыру;

шағымын жинау;

науқастың өмір тарихы;

аурудың даму тарихы;

науқасты жалпы қарау;

антропометриялық көрсеткіштер жүргізу;

дене қызуын өлшеу,АҚ,пульсін,дем алу жиілігін,жүрек соғысын есептеу;

пальпация әдісі туралы түсінік;

перкуссия әдісі туралы түсінік;

аускультация әдісі туралы түсінік;



Білім алушы игере білу керек;

Науқастын шағымын жинау; негізгі,қосымша, аурудың даму тарихы, сырқаттың өмір тарихы.



  • Қауіп-қатер факторларын анықтау,аллергияға сезімталдығы,зиянды әдеттер.

  • Науқастың тері қабатына және шырышты қабатының жағдайын бағалау.

  • Науқасты зертханалық және аспапты зерттеу әдістеріне дайындық жүргізу,зерттеулерге жолдама жазу.

  • Созылмалы аурулардын түрлерінде мейірбикелік құзыреттілікке сәйкес динамикалық бақылауға қатысу.

  • Скрининг және алдын алу тексерулердің нәтижесіне сәйкес күдікті топтағы қауіпті фактор ауруларын халықтың нысана топтарына мониторинг пен қалыптастыруды жүргізу.

  • Денсаулықты түзету мектептерінде, алдын алу оқытулардын бөлмелерінде аурудын алдын алу мақсатымен іс- шаралар өткізу-салауатты өмір салтын насихаттау.

  • Созылмалы аурулармен диспансерлі бақылауда тіркеуде тұратын, егде жастағы науқастармен үй жағдайында алдын-алу шараларын жүргізу.


Тәжірбиелік сабақ:

Білім алушылар науқас туралы жалпы мәлімет жинау ,шағымы : негізгі және қосымша, науқастың жалпы жағдайын бағалау, есін анықтау, тері қабатына және шырышты қабатынын жағдайына баға беру.

Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындық жүргізуге қатысу:


  • Жалпы қан анализы;

  • Зимницкий,Нечипоренко бойынша,жалпы талдамасына зәр жинауын жүргізу;

  • Таңертең аш қарынға глюкометрдін көмегімен қанның құрамындағы глюкозаны анықтау, глюкозаға толерантты тест жүргізу.

  • Энтеребиозға соскоб алу.

  • Нәжістін копрологиялық анализі, нәжісті жасырын қанға;

  • Қақырық анализын жинау;

  • Дуоденальді сүнгіні жүргізу;

  • Мұрын мен тамақтан жағынды алу;

  • Назогастральді сүңгіні пайдалану;

Науқасты аспапты зерттеу әдістеріне дайындық жүргізуге қатысу;



  • Рентгенологиялық зерттеу әдістеріне;

  • Ультродыбыстық зерттеу әдістеріне.

Зерттеулерге жолдама жазу.
3бөлім. – Арнайы бөлім.

3.1. Тақырып.Тыныс алу жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Тыныс алу жүйесінін анатомиясы мен физиологиясынын ерекшеліктері. Сұрастыру. Негізгі шағымдары: құрғақ және қақырықты жөтел, ұстама немесе тұрақты жөтел, жөтелдің пайда болу уақыты. Қақырықтың түрі, түсі, көлемі, консистенциясы, иісі, қан араласуы.

Кеуде қуысының ауырсынуы. Ентігу – пайда болу уақыты, ұзақтығы.

Қарау. Науқастың төсектегі жағдайы. Тыныс алудың сипаты: мұрынмен, ауызбен, еркін немесе қиналып демалу.


Тәжірибиелік сабақ:

  • Білім алушылар машықтанады: науқастың шағымын жинауға, негізгі шағымдарын, жалпы қарау жүргізуге.

  • Науқасты жалпы қарау, науқастың жағдайын бағалау, есін анықтау тері қабаты және шырышты қабаттарына баға беру.

  • Дене қызуын өлшеуге кеуде қуысында ауырсыну болғанда науқасқа күтім жургізуге қатысады.

  • Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындық жүргізуге қатысу(қақырық анализын жинау), аспапты зерттеу әдістері: пикфлоуметрияға, кеуде қуысынын рентгенографиясына, бронхоскопияға, спирометрияға;

  • диспансерлік бақылаудағы науқастарды мамандандырылған дәрігерлерге кеңес алуға жолдама жазу және жіберу;

  • бақылау аймағында қауып-қатер тобын және декреттелген заңды контингенттерді жоспарлау, ұйымдастыру флюрографиялық зерттеулерді бақылау іске асыру.

  • Науқастарға үй жағдайында көмек көрсетуге машықтану.

  • Денсаулықты түзету мектептерінде, алдын алу оқытулардын бөлмелерінде аурудын алдын алу мақсатымен іс- шаралар өткізу-салауатты өмір салтын насихаттауды уйрену.

  • Созылмалы аурулармен диспансерлі бақылауда тіркеуде тұратын, егде жастағы науқастармен үй жағдайында алдын-алу шараларын жүргізу.

  • Аурудың алдын-алу үшін салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау.

  • Позициялық дренаж қоюды науқасқа уйрету.

  • Жөтелді қадағалау мен терең дем алуды науқасқа уйрету;

  • Талдамаға өкпе қап қуысының білтесіне мөлшерін жинауды өткізу;

  • Дене қызуын өлшеу, АҚ, пульс, жүрек соғысын, дем алыс жылдамдығын санау.

  • Оксигенотерапия жүргізу.


Тақырып 3.2. Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Жүрек қан тамырлар жүйесінін анатомиясы және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру. Негізгі шағымдары және қосымша шағымдары. Жүрек тұсындағы ауырсыну,орны, таралау бағыты, ұзақтылығы, күштілігі, физикалық күшпен, қобалжумен байланысы, ауырсынуды басу жолдары.

Қарау: Науқастың төсектегі жағдайы, дене терісінің түсі: цианоз, бозару, бетінің қызғылттануы. Ісіктер орналасуы, таралуы, дәрежесі. Шеткі қан тамырларды қарау. Ұйқы арттериясының және басқа тамырлардың пульсациясы. Жүрек тұсын қарау.Жүрек ұшы және жүрек соққысы.

Пульс тапшылығы туралы ұғым. Білезік артериасындағы пульстің қасиеті. Екі қолдағы пульс жиілігін,ырғақтығын салыстыру. Аритмия, пульс бойынша анықтау, керімділігі, толымдылығы, қасиеті. Пульстін жетіспеушілігі.

Қан қысымын анықтау. Қан қысымын анықтаудың методикасы мен техникасы.

Систолалық, диастолалық, артериялық қысым.

Артериялық гипертензия мен гипотензия туралы түсінік. Жүрек қан – тамыр жүйесін қосымша тексеру әдістерімен зерттеу:



  • Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау.

  • Экспресс әдісі көмегімен тропонин- ферментін анықтау.

  • Науқасты электрокардиографияға. түсіруге дайындау, техникасы.

  • Науқасты эхокардиография –ға дайындау.


Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар жүрек қан тамырлар жүйесі аурулары бар науқастарға сұрастыру,жалпы қарау жүргізеді,жүрек ұшы соққысын анықтау, шағымдарына және объективті тексеру нәтижесінде науқастын жағдайына баға беру. АҚ, тамыр соғуын санау.

«Кардиология» бөлімінің жұмысына қатысады. Жүрек тұсынын ауырсынуы кезінде науқастың жағдайын бағалау.


    • Созылмалы аурулардын түрлерінде мейірбикелік құзыреттілікке сәйкес динамикалық бақылауға қатысу.

    • Скрининг және алдын алу тексерулердің нәтижесіне сәйкес күдікті топтағы қауіпті фактор ауруларын халықтың нысана топтарына мониторинг пен қалыптастыруды жүргізу.

    • Денсаулықты түзету мектептерінде, алдын алу оқытулардын бөлмелерінде аурудын алдын алу мақсатымен іс- шаралар өткізу-салауатты өмір салтын насихаттау.

    • Жүрек қан тамырлар жүйесінін созылмалы ауруларымен диспансерлі бақылауда тіркеуде тұратын науқастармен үй жағдайында алдын алу шараларын жүргізу.

    • Оксигенотерапия жүргізу.


Тақырып 3.3. Ас- қорыту жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Ас-қорыту жүйесінін анатомиясы және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру. Ауыру сезімі, орналасу, ауыру сезімінің таралуы, сипаттамасы, тамақ ішуге байланыстығы. Диспепсиялық бұзылыстар: жүрек айну, құсу, кекіру, қыжыл, іштің кебуі.

Тәбет – қалыпты, нашар, жоғары, тәбеті жоқ. Тамақтан жиіркену сезімі (ет тағамына, майлы тағамға). Арықтау.

Нәжіс - тәуліктегі жиілігі, түсі, формасы, консистенциясы, көлемі, қортылмаған астың қалдықтары, қан араласуы, кілегейдің болуы. Нәжістің қатуы және сұйық болуы, пайда болу себептері.

Қарау. Ауыз қуысының шырышты қабығы, тіл, тіс, қызыл иектегі өзгерістер.

Ішті қарау: оның көлемі, (кебуі, май басуы, асцит), дем алуға қатысуы.


  • Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау:энтеребиозға соскоб алу.

  • Нәжістін копрологиялық анализі,нәжісті жасырын қанға

  • Дуоденальді сүнгіні жүргізу;

  • Назогастральді сүнгіні пайдалану;

Науқасты аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау:

  • ФГДС;

  • Ас-қорыту жүйесінің рентгеноскопиясы;

  • Колоноскопия;

  • Ирригоскопия;

  • Ректороманоскопия.

Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастарды төсегінің жанында сұрастыру жалпы қарау жүргізеді. Объективті тексеру әдісін қолдану арқылы науқастың жағдайын бағалайды. Ас-қорыту жүйесімен ауратын науқастардың күтіміне қатысу.



  • Құқықты заң мекемелері мен регламенттелген денсаулық сақтау аймағында науқастарды өзінің мүмкіншілігінін құзіреттілігіне сәйкес қабылдау жүргізуге машықтану;

  • Диспансерлік бақылаудағы науқастарды мамандандырылған дәрігерлерге жолдама жазуға және жіберуге үйрену.

  • Науқастарға үй жағдайында жедел көмек көрсету.

  • Науқастарға аурудың алдын-алу үшін салауатты өмір салтын насихаттау.


Тақырып 3.4. Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомия және физиологиялық ерекшеліктері.Сұрастыру. Бүйрек аймағының ауырсынуы, сипаты, орналасуы, таралуы,уақыты. Ісіктер. Жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларында кездесетін ісіктерден айырмашылығы.

Қарау. Бүйрек ауруларындағы науқастың сыртқы бет-бейнесі. Бел аймағының ісінуі және қызаруы. Ісіктің таралу ерекшеліктері. Оның басқа ауру ісіктерінен айырмашылығы.

Науқасты жалпы зәрдін клиникалық анализдеріне және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындық жүргізу.



Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды төсегінің жанында сұрастыру,және жалпы қарау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырады, сұхбаттасу және объективті тексеру арқылы науқастың жағдайын бағалайды. Бүйрек және зәр шығару жүйесімен ауратын науқастардың күтіміне қатысу.

Науқастарды зертханалық зерттеу әдістеріне дайындық жүргізу:


  • Жалпы қан анализы;

  • Зимницкий,Нечипоренко бойынша,жалпы талдамасына зәр жинауын жүргізу;

  • Тәулік зәр мөлшерін өлшеу.

Аспаптық зерттеу әдістері;

  • Науқасты ренгенологиялық зерттеуіне дайындау ( экскреторлы урография)

  • Науқасты ультродыбыстық зерттеуіне дайындау;

  • Науқасты катетр қоюға дайындау.

  • Диспансерлік бақылаудағы науқастарды мамандандырылған дәрігерлерге жолдама жазу және жіберу;

  • Жоспарлау,ұйымдастыру, бақылауды іске асыру.


Тақырып 3.5 Қан жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Қан жасаушы мүшенің анатомия және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру.Мұрыннан, қызыл иектен, кетудің пайда болуы.

Қарау. Тері және кілегейлі қабаттардың түсінің өзгерістері. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы.Қанталау, көгеру.

Пальпация әдісімен лимфа түйіндерінің көлемінің ұлғайюын анықтау.

Келісілген реттілік бойынша құлақ маңындағы, мойын, жасақты, бұғана үсті және асты, қолтық асты және шап лимфа түйіндерін пальпациялау керек.

Пальпация ережесімен шап маңы,жақ асты,мойын,құлақ арты,лимфа түйіндерін анықтау.
Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар қан жүйесінің аурулары бар науқастарды төсегінің жанында сұхбаттасу,жалпы қарау,шап,жақ асты,мойын,құлақ арты,лимфа түйіндеріне пальпация жасау. Науқастың шағымдарына, объективті көрінісіне байланысты жалпы жағлайына баға беру.Науқастардың күтіміне мейірбикелік ісін ұйымдастыру.Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау;



  • Жалпы қан анализы;

  • Қан тобын және резус-факторды анықтау;

Аспапты зерттеулер;

  • Науқасты стернальды пункцияға дайындау;

  • Науқасты қан құюға дайындау;

  • Скрининг және алдын алу тексерулердің нәтижесіне сәйкес күдікті топтағы қауіпті фактор ауруларын халықтың нысана топтарына мониторинг пен қалыптастыруды жүргізу.


Тақырып 3.5. Эндокрин жүйесі ауруларына мейірбике ісіұйымдастыру.

Эндокрин жүйесінің анатомия және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру. Шағымдары: әлсіздік, арықтау, семіру, шөлдеу, тәбетінің өзгеруі, қозу.

Қарау.Эндокрин жүйесі ауруларында науқастың жағдайын бағалау. Тері асты май қабатының жағдайы(семіру,арықтау). Көз алмасының шығуы-экзофтальм.

Пальпация. Қалқанша бездің пальпациясы. Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау:


  • Жалпы қан анализы;

  • Қанның биохимиялық анализы (қан құрамында белокпен байланысқан йодты анықтау,трийодтиронинді,трироксинді,қандағы қант мөлшерін анықтау,липит,холестеринді анықтау)

Науқасты аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;

  • Қалқанша безін,ұйқы безін сканерлеу;

  • Қалқанша безді,ұйқы безін ультра дыбыстық зерттеуге.

Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар эндокринді жүйесінің аурулары бар науқас төсегінің жанында шағымын жинау, жалпы қарау,қалқанша безге пальпация жүргізеді.Объективті тексеруде науқас жағдайын бағалайды. Жалпы қарау (науқастын қалпы,тері қабатының және шырышты қабаттардың жағдайын бағалау,ісіктерді,көздік симптомдарды анықтау АҚ өлшеу,пульсті есептеу. Дене темпиратурасын өлшеу. Емдік-диагностикалық манипуляция жүргізілгенде дәрігерге ассистент ретінде көмектесу.Скрининг және алдын алу тексерулердің нәтижесіне сәйкес күдікті топтағы қауіпті фактор ауруларын халықтың нысана топтарына мониторинг пен қалыптастыруды жүргізу.



  • Жалпы қан анализы;

  • Қанның биохимиялық анализы (қан құрамында белокпен байланысқан йодты анықтау,трийодтиронинді,трироксинді,қандағы қант мөлшерін анықтау,липит,холестеринді анықтау)

  • Науқасты аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;

  • Қалқанша безін,ұйқы безін сканерлеу;

  • Қалқанша безді,ұйқы безін ультра дыбыстық зерттеуге


Тақырып 3.6 Сүйек – бұлшық ет және дәнекер ұлпа ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Сүйек бұлшық ет және дәнекер ұлпаларының анатомиясы және физиологиялық ерекшеліктері.

Сұрастыру. Негізгі шағымдары: бұлшық еттегі, сүйектегі,буындардағы ауыру сезімі «таңертеңгілік буындардың қимылының шектелуі» , бұлшық еттің әлсізденуі.

Қарау. Буындардың конфигурациясы, ісінуі терісінің қызаруы. Буындардың қозғалыстарының көлемін анықтау.

Пальпация.Бұлшық еттің,сүйектердің буындардың ауыруын анықтау. Науқасты рентгендік зерттеуге ( сүйекті және буынды дайындау).
Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар науқас төсегінің жанында жалпы тері мен кілегей жамылғыларына, буындар мен омыртқа жотасына жалпы қарау,пальпация жүргізеді. Науқастың шағымына және жалпы қарау арқылы жағдайын бағалайды.

Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау:


  • Жалпы қан анализы;

  • Қанның биохимиялық анализы (белок фракциялары,с-реактивті белок )

Аспапты зерттеулер әдісі:

  • Науқасты буындардың рентгенографиясына дайындау.

  • Диспансерлік бақылаудағы науқастарды мамандандырылған дәрігерлерге жолдама жазу,және жіберу;

  • Жоспарлау,ұйымдастыру, бақылауды іске асыру.


Тақырып 3.7 Аллергиялық ауруларда мейірбике ісін ұйымдастыру.

Сұрастыру.Шағымдары:терінің қышуы,терідегі бөртпелер, ісіктер. Анамнез: аллергендерге сезімталдығын анықтау. Жалпы қарау:тері қабаты, жағдайы,есі,қалпы.


Тәжірибелік сабақ:

Білім алушылар науқас төсегінің жанында жалпы тері мен кілегей жамылғыларын, артериальды қан қысымын,пульсін анықтайды. Шағымдарына және объективті белгілеріне қарап жалпы жағдайын бағалайды.Жалпы қарау жүргізеді: қалпы,есі,тері қабаты және шырышты қабаты.

Науқасты зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау:


  • Жалпы қан анализы;

  • Қанның биохимиялық анализы

  • Қанды антиденелерге тексеру,қанның ұю жылдамдығын тексеру.

Аспаптық зерттеу әдістеріне:



  • Науқасты ЭКГ-ға түсіруге дайындау,техникасы;

Аллергиялық аурулардың жедел жағдайларында дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге қатысу.
«Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнін міндетті түрде меңгеру үшін тәжірибелік білім мен дағдылар тізімі

Науқасты сұрастыру

Схема бойынша алдына мақсат коя отырып сұрастыруды жүргізу, яғни науқас туралы жалпы мәлімет жинау, шағымдарын, қазіргі ауру тарихын, өмір тарихын толық жинау керек.



Науқасты қарау

Науқасты реттілігін, жүйелігін сақтай отырып жалпы қарауды өткізе білу. Науқастың санасы, күйін, дене құрылысын, жүрісін, күйілілігін, конституциясын анықтау. Бетінің өзгерісін, қабақтарының күйін, қарашық пішінің, көздің шарасынан шығып тұруын, қабақтардың птозын және ісіктерін бағалай білу.

Дененің жеке бөлімдерін қарауды өткізу: ауыз қуысын (кілегей қабатының, тістердің, тілінің күйін), терісін (серпімділігі, түсі, бөртпелер болуы, ылғалдылығы), майлы шел қабатын қарау. Терінің түсін, қаңқа – бұлшық ет аппараты күйін, буындардың пішіні мен қызметін, веналардың варикозды кеңеюін, жалпақ табандылығын анықтау біліктілігін меңгеру.

Пальпация әдісі туралы түсінік

Келісілген реттілік бойынша құлақ маңындағы, мойын, жасақты, бұғана үсті және асты, қолтық асты және шап лимфа түйіндерін пальпациялау керек. Қалқанша безді пальпация әдісі арқылы тексере білу.

Кеуде сарайы пальпациясы кезінде ауыратын нүктелерін анықтау.

Жүрек ұшының соғуын анықтау.



Перкуссия әдісі туралы түсінік

Перкуссия әдісі арқылы құрсақ бөліміндегі сұйықтықты науқастың төсектегі қозғалысына байланысты анықтау,сонымен қатар іштің кебуін (метеоризм).



Аускультация әдісі туралы түсінік

Қан қысымын анықтау. Әдісі және техникасы. Пульсті есептеу.


4. Білім беру үрдісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптар.

Білім беру технологиясын таңдау «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәніні мазмұнды ерекшелігіне байланысты және білім алушылардың «Жалпы тәжірибелі мейірбике», «Күтім көрсететін кіші мейірбике» мамандырылған мейірбике құзырлықтарына сәйкес науқастарды күтуде білімін, шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталған болу керек (МЖМБС және білім беру бағдарламасының макетін қараңыз). МЖМБС бойынша базалық, кәсіби және арнайы құзырлықты қалыптастыруға арналған модульдік оқудың: «Пациентке негізделген күтім»құрылымы енгізілген. Тәжірибелік сабақтарды өткізген топты 8 адамнан аспайтын топшаларға бөлу қарастырылған.

Оқыту барысында қазіргі заманға сай оқу - әдістемелік әдебиет, жаңа оқу және анықтама құралдарды, электронды оқулықтарды, мультимедиялық оқыту бағдарламаларын қолдануды ұсынады.
5. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау.

Білімді бақылау түрлері ағымды, аралық және қорытынды(білім беру оқу бағдарламасын қара МЖМБС).

Бақылау түрін тандау құқығы қарастырылған.

Қорытынды бақылау – дифференциалды сынақ.


6. Әдебиеттер және оқыту құралдары

6.1. Негізгі әдебиеттер:

Орыс тілінде:

  1. Пропедевтика внутренних болезней, Малов Ю.С. – Феникс, 2000г.

  2. Внутренние болезни, В. И. Маколкин – Москва, 2000г.

  3. Внутренние болезни, Н. И. Федюкович – Ростов – на – Дону, 2001г.

  4. Пропедевтика внутренних болезней, Василенко В. Х. Москва, 1989г.


Қазақ тілінде:

  1. Ішкі аурулар пропедевтикасы С.К.Асауова, Г.Т.Нуратдинова, Кызылорда. 2009ж.

  2. Ішкі аурулар пропедевтикасы С.К.Муратбекова, А.Т.Кенжебаева, Көкшетау 2007ж

  3. Ішкі аурулар пропедевтикасы, Б. Н. Айтмембет, 2005ж.

  4. Ішкі аурулар пропедевтикасы, 1-2 бөлім, К. А. Жаманкулов, Ақтөбе 2004ж.


6.2. Қосымша әдебиеттер:

Орыс тілінде:

  1. Основы клинической диагностики; руководство – 2- е изд. Перераб. и доп. А.Г.Чучалин, Е.В.Бобков – М., 2008г.

  2. Исследование объективного статуса больного В.К.Султанов, 1996г.

  3. Пропедевтика внутренних болезней В.Х.Василенко, Мосвка, 1989г.


Қазақ тілінде:

  1. Мейірбике ісінің негіздері, С.К.Мұратбекова, Астана, 2007ж.

  2. Терапиядағы мейірбикелік іс, С.К.Мұратбекова, А.Т.Кенжебаева,

Л.Д.Абдрахманова, Көкшетау, 2006ж.
6.3.Оқыту құралдары:

  1. Дидиктикалық және көрнекті құралдар.

  2. Тақырыптық плакаттар жинағы.

  3. Арнайы құрал - жабдықтар

  4. Электронды тестер жиынтығы.

  5. Оқу - әдістемлік кешен.

  6. ТҚО (аудио – видео материалдар, компьютер)

  7. Интернет - технологиясы


Авторлар: Терапия бакалавриат кафедрасыныің ассистенті Абдукаримова Ж.М.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет