Жұмыс бағдарламасы Оқытушы туралы мәліметтер «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының доценті, филология


-тақырып.Қ.Аманжолов шығармашылығы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата16.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#62705
1   2   3
Байланысты:
Силлабус Қазіргі қазақ әдебиетіҚұралқанова


 

11-тақырып.Қ.Аманжолов шығармашылығы. 

Соғыс  жылдарында  қазақ  поэзиясының  айрықша  көзге  түсуі. 

Әдебиетке  жаңа  ақындар  буының  келуі.  Поэзияның  тақырып  –  идеялық 

ерекшеліктері.  Проза  жанрында  көлемді  туындылардың  жазылмауының 

обьективті  себептері.  Қ.Аманжоловтың  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз» 

поэмасының көркемдік еркшелігі. 



 

12-тақырып. Ә.Тәжібаев шығармашылығы. 

Шығармашылық  өмірбаяны.  Ақын  лирикаларының  тақырып  шеңбері. 

Драмалық поэмаларының эпикалық, лирикалық, публицистикалық табиғаты. 

Ақын  поэзиясының  тілдік,  көркемдік  бояулары,  өзіндік  жаңалықтары. 

Ә.Тәжібаев  драматург.  Ә.Тәжібаевтің  әдеби-сыншыл  ойдың  өркендеуіне 

қосқан үлесі. 



 

13-тақырып. Ә.Нұрпейісов шығармашылығы 

«Қан  мен  тер»  трилогиясының  эпопеялық  сипаты.  Романдағы 

әлеуметтік  күрес,  образдар  жүйесі,  дәстүр  жалғастығы,  құрылысы, 

характерлері, психологиялық талдау шеберлігі. 



 

14-тақырып. І.Есенберлин шығармашылығы.  

«Көшпенділер»  трилогиясындағы  халық  өмірінің  реализ  тұрғысынан 

суреттелуі, көркемдік еркшелігі. «Қаһар» романына әдеби талдау. 

 

15-тақырып. Қ.Мырзалиев шығармашылығы 

Алғашқы  қадамының  балаларға  арналған  өлеңдерден  басталғаны. 

Қ.Мырзалиев  поэзиясының  өзіндік  даралығы.  Философиялық-дидактикалық 

дәстүрді жаңғырта дамыта еңбек еткені. «Дала дидары», «Домбыра», «Қызыл 

кітап»,  «Мәңгі  майдан»,  «Ғибрат-нама»  жинақтарының  тақырыбы  мен 

идеясы. Қ.Мырзалиев ойшыл ақын, халық тарихының жыршысы. 



 

16-тақырып. М.Мақатаев шығармашылығы   

М.Мақатаев  шығармаларындағы  поэзия,  ақын,  ақындық  туралы  ой-

толғамдар. 

Махаббат 

лирикасы. 

Жырларындағы 

азаматтық 

үн. 


Поэмаларының идеялық, көркемдік ерекшелігі. 

 

17-тақырып. Х.Есенжанов шығармашылығы. 

«Ақ  Жайық»  трилогиясының  қазақ  әдебиет  тарихында  алатын  орны. 

Трилогиядағы образдар жүйесі. Сюжеттік, композициялық құрылымы.    

 

18-тақырып. Ә.Кекілбаев шығармашалығы 

Шығармашылық 

өмірбаяны. 

Әңгімелерінің 

идеялық-көркемдік 

ерекшеліктері.  Жазушы  повестерінің  қазақ  әдебиетінен  алатын  орны. 

Романдарындағы  тарих  тағылымы.  «Аңыздың  ақыры»  романындағы 

психологизм. 

 

19-тақырып. О.Бөкеев шығармашылығы 

Шығармашылық 

өмірбаяны. 

Әңгімелерінің 

идеялық-көркемдік 

ерекшеліктері.  Жазушы  повестерінің  қазақ  әдебиетінен  алатын  орны. 

Шығармаларындағы мифологизм. 

 

20-тақырып. Д.Исабеков шығармашылығы 

Шығармашылық 

өмірбаяны. 

Әңгімелерінің 

идеялық-көркемдік 

ерекшеліктері.  Жазушы  повестерінің  қазақ  әдебиетінен  алатын  орны. 

Шығармаларындағы психологим, сюжет құру ерекшеліктері  

 

21-тақырып. Т.Әбдіков шығармашылығы 

Шығармашылық 

өмірбаяны. 

Әңгімелерінің 

идеялық-көркемдік 

ерекшеліктері. 

Жазушы 


повестерінің 

идеялық-тақырыптық 

негізі. 

Шығармаларындағы көркем уақыт пен кеңістік. 



 

22-тақырып. Қазіргі қазақ поэзисы 

Қазіргі  қазақ  лирикасы.  К.Мырзабеков,  Ұ.Есдәулет,  Е.Раушанов, 

Т.Медетбеков, 

Н.Оразалин, 

Ж.Әскербекқызыжәне 

т.б. 


лирикалық 

шығармаларындағы  сөз  саптау,  ой  толғау  ерекшеліктері.  Лирикалық 

қаһарман және ақындық тұлға мәселесі. 

Қазіргі қазақ поэмалары. 

Н.Айтұлы,  С.Тұрғынбекұлы,  Е.Раушанов, 

К.Ахметова, Зейнолла Тілеужанов поэмаларының поэтикасы. Тілдік-стильдік 

ерекшеліктері. Сюжеттік-композициялық құрылымы. 

 

23-тақырып. Қазіргі қазақ прозасы 

Қазіргі  қазақ  романдары.  С.Елубай,  Т.Зекенұлы,  Д.Досжанов, 

М.Мағауин,  Р.Тоқтаров,  С.Досанов,  С.Әбілқасымұлы,  А.Алтай,  Ғ.Құлахмет, 

Д.Амантай 

романдарының 

идеялық-эстетикалық 

нысанасы, 

ұлттық 


дүниетаным  қырлары,  заманауи  сырлары,  көркем  тіл  мәселесі,  суреткерлік 

ерекшеліктері. 

Қазіргі  қазақ  повестері.  А.Алтай,  Д.Амантай,  Н.Ораз,  А.Кемелбаева, 

Р.Мұқанова,  Д.Рамазан  повестерінің  тақырыптық-идеялық  нысанасы, 

шеберлік  шеберханасы,  сюжеті  мен  композициясы,  көркемдік  ойлау,  сөз 

таңдау дәрежесі. 

Қазіргі  қазақ  әңгімелері.  А.Алтай,  М.Байғұт,  Қ.Жиенбай,  Б.Нұржеке, 

Ә.Кекілбай,  Ш.Мұртаза,  Д.Досжан,  С.Сматай  т.б.  қазіргі  кезең  хақындағы 

әңгімелер. Тақырыбы мен мазмұны. Көркемдік қыры. Тілі мен стилі. 

 

24-тақырып. Қазіргі қазақ драматургиясы 

С.Жүнісов,  Д.Исабеков,  Т.Ахтанов,  Ә.Әшімов,  Қ.Мұхаметжановтың 

драмалық  шығармаларындағы  тартыс  пен  конфликт,  қимыл-әрекет  пен 

декорациялау, тақырып ауқымы, тіл шеберлігі мәселелері. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибешілік сабақтарының мазмұны 

 

1-тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері.  

 

1. ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ әдебиеті.  

2.  ҰОС  және  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  қазақ  әдебиеті.  ХХ 

ғасырдың 60-90 жылдардағы қазақ әдебиеті. 

3. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму сипаты. 

 

2-тақырып. Сәкен Сейфуллин шығармашылығы 

1.  Сәкен  Сейфуллин  лирикасының  түрлері,  ерекшеліктері.  Лирикалық 

қаһарман мәселесі. 

2.  Азаматтық  лирикасындағы  биік  романтикалық  пафос.  «Өткен 

күндер» жинағы.  «Асығып тез аттандық», «Тұлпарым», «Далада» өлеңдерін 

жаттау («Сендерге қарындастарым» деген жолға дейін). 

3.  Табиғат  лирикасы.  Көркемдік  ерекшеліктері.  «Ақсақ  киік»,  «Тау 

ішінде» – талдау (жаттау). 

4. «Сағындым», «Қамауда», «Біздің жақта» өлеңдерінен көрінетін ақын 

шеберлігі. 

5. «Аққудың айрылуы» поэмасының көркемдігі. 

6.  «Қызыл  ат»  поэмасының  өзіндік  ерекшеліктері.  Дастандағы  ақын 

бейнесі. «Чжан Цзо Лин» поэмасы. 

7.  «Көкшетау»  поэмасының  өзіндік  тақырыптық-идеялық  негізі. 

Табиғатты  бейнелеу  шеберлігі.  Адақ,  қалмақ  қызы  бейнелері.  Көркемдік 

ерекшеліктері (үзінді жаттау). 

8. «Тар жол, тайғақ кешу» туындысының жанрлық сипаты. 

9. 

«Жер  қазғандар»  повесінің  идеялық,  көркемдік  маңызы. 



Адамгершілік мәселесін көтеруі. 

10. «Бақыт жолына» пьесасының мәні. 



 

3-тақырып. Бейімбет Майлин шығармашылығы 

1. Қазақ әдебиетіндегі Б.Майлиннің алар орны. 

2.  Б.Майлин  поэзиясындағы  ауыл  кедейінің  бейнесі.  «Қанды  тұман» 

(жаттау),  «Кедейдің  кейістігі»,  «Мырқымбай»,  «Ыбыраймыз-Ыбыраймыз» 

(талдау). 

3. Б.Майлин - әңгіме жанрының шебері. Әңгімелерінен көрінетін қазақ 

әйелдері:  «Күлпаш»,  «Ұлбосын»,  «Қара  шелек»,  «Күлтай болыс»  әңгімелері 

бойынша. 

4. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», «Желдібай Жындыбаев», 

«Арыстанбайдың  Мұқышы»  әңгімелеріндегі  жазушының  колхоздастыруға 

көзқарасы, көркемдік ерекшеліктері. 

5.  «Шұғаның  белгісі»  повесіндегі  образдар  жүйесі.  Көркемдік 

ерекшеліктері.  

6. «Раушан – коммунист» повесінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері. 

7. Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» пьесасы. 


 

4-тақырып. Ілияс Жансүгіров шығармашылығы 

1. Өмірі мен шығармашылығы. 

2. Өлеңдерінің тақырыптары: 

1)  Азаматтық  лирикасы:  «Ызалы  қиял»  (жаттау),  «Қажыдым», 

«Ақынға» өлеңдері бойынша талдау. 

2)  Табиғат  лирикасы:  «Жетісу  суреттері»,  «Жалпы  сын»,  «Жетісуда», 

«Су суреті» бөлімдерінің көркемдігі. 

3) «Гималай» өлеңін әдеби талдау. (1-ші мен 3-ші түйдегін жаттау) 

4) Өнер тақырыбындағы өлеңдері.  

5) «Күй», «Күйші» поэмаларының мәні. 

3.  «Құлагер»  поэмасының  тақырыптық-идеялық  негізі.  Поэмадағы 

трагизм. 

4. Дастандағы Ақан, Батыраш бейнелері. 

5. Дастанның көркемдік ерекшеліктері, табиғатты бейнелеу ерекшелігі. 



 

5-тақырып. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы 

1. М.Жұмабаевтың шығармашылық өмірбаяны. 

2.  М.Жұмабаев  лирикасының  түрлері,  тақырыптары.  Лирикалық 

қаһарман мәселесі. 

3. 

Азаматтық  лирикасының  идеялық-көркемдік  ерекшеліктері. 



«Сағындым» (жаттау), «Орал тауы», «Жаралы жан» - әдеби талдау.  

4. Ақынның поэзия әлеміндегі кейбір ізденістері. Символист ақындарға 

еліктеп өлең жазуы. «Сарғайдым», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір 

мен өлім пәлсафасы. 

5.  Махаббат  лирикасы.  «Н.-ға»,  «Сен  сұлу»,  «Сүй,  жан  сәулем», 

«Гүлсім ханымға» т.б. өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығы. 

6.  Табиғат  лирикасы.  «Жазғытұры»,  «Орал  тауы»,  «Толқын»  -  әдеби 

талдау, жаттау. 

7. Мағжан өлеңдеріндегі Батыс пен Шығыс мәселесі. 

8.  «Батыр  Баян»  поэмасындағы  «тартыс»  мәселесі.  Баян,  Ноян, 

Толқыншаш бейнелері. Табиғатты бейнелеу шеберлігі. 

9. «Жүсіп хан» поэмасы. Жүсіп образының символикалық мәні. 

10. «Өтірік ертек» дастанының идеялық-көркемдік ерекшеліктері. 

11. М.Жұмабаевтың «Тоқсанның тобы» поэмасы. 

12. «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі психологизм 

13.  Аудармаларының  өзіндік  ерекшеліктері.  «Орман  патшасы», 

«Күннің батуы» өлеңдері бойынша. 

 

6-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы 

1.  «Қартқожа»  романы.  Тақырыбы  мен  идеясы.  Сюжеті  мен 

композициясы. Тілі. Қартқожа образы. 

2. «Ақбілек» романы. Идеясы, тақырыбы. Романдағы психологизм. 

3. Ақбілек, орыс офицері бейнелері. 

4. Мұқаш бейнесі. 



5. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің бейнесі. 

6. Шығарманың көркемдік әлемі. Кейіпкерлер психологиясын ашудағы 

шеберлігі. 

7.  «Күнікейдің  жазығы»  повесінің  проблематикасы.  Күнікей  образы. 

Тілі. 

8.  «Мансапқорлар»  пьесасының  идеялық-көркемдік  ерекшеліктері. 



Қасқырбай мен Мүсілім образдары.  

9. Ж.Аймауытовтың «Мағжан ақындығы туралы» мақаласын талдау. 



 

7-тақырып.Мұхтар Әуезов шығармашылығы 

1. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы. 

2.  М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күні»,  «Ескілік  көлеңкесінде», 

«Кінәмшіл бойжеткен», «Көксерек» әңгімелері. 

3.  «Қараш-қараш  оқиғасы»,  «Қилы  заман»  повестері.  Тақырыбы  мен 

идеясы. Психологиялық талдау шеберлігі. 

4. «Абай жолы» роман-эпопеясының тарихи негіздері. 

5. Абай образы. 

6. Құнанбай образы. 

7. Әйелдер образы. 

8. Жастар образы. 

9. Дәркембай мен Базаралы образы. 

10. Эпопеяның сюжеті мен копозициясы. 

11.  Жазушының  портрет  жасау  шеберлігі.  Эпопеядағы  табиғат 

суреттері. 

12.  «Абай  жолы»  эпопеясы  жайында  айтылған  сыни  ой-пікірлер 

тарихы. 

13. «Абай жолы» эпопеясының көремдік ерекшелігі, тілі (40 картотека) 



 

8-тақырып. Ғабит Мүсірепов шығармашылығы 

1.  Алғашқы  әңгімелері  «Қос  Шалқар»,  «Талпақ  танау»,  «Шұғылада» 

қоғам шындығын сыншылдықпен бейнелеуі. 

2.  Ана  тақырыбындығы  әңгімелерінде  қазақ  топырағына  тән  мінез-

әрекеттерге бай аналар бейнесін жасауы. 

3.  1950-80  жылдары  жазылған  әңгіме-новеллаларындағы  әлеуметтік-

философиялық  концепциясы.  «Жапон  балладасы»,  «Өмір  жорығы»,  «Қыран 

жыры», «Сөз жоқ, соның іздері» әңгімелерінде қоғамдық маңызды мәселені 

бейнелеу шеберлігі. 

4.  «Кездеспей  кеткен  бір  бейне»  поэмасындағы  Еркебұланның 

күрескерлік, азаматтық тұлғасы. Поэманың поэтикасы. 

5. «Қазақ солдаты» романының тақырыбы, идеясы. Қайрош және оның 

достарының бейнесі. Романның көркемдік ерекшелігі. 

6.  «Оянған  өлке»  романының  тақырыбы.  Игілік,  Жұман,  Рязанов, 

Ушаков, Байжан т.б. бейнелері. Жазушы шеберлігі. 

7.  «Жат  қолында»  -  «Оянған  өлкенің»  жалғасы.  Кенжеғара,  Нартай, 

Әлішер т.б. бейнелері. 


8. «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі. Романның идеясы, көркемдігі. 

9. Ғ. Мүсірепов драмалары. 



 

9-тақырып. Сәбит Мұқанов шығармашылығы 

1. С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. 

2. «Сұлушаш» поэмасы. Идеясы, тақырыбы. Жазылу тарихы. Образдар 

әлемі, көркемдік ерекшеліктері. 

3.  «Мөлдір  махаббат»  романында  өмір  шындығының  жинақталу 

жолдары. 

4. «Ботагөз» романындағы Ботагөз, Итбай, Кулаков бейнелері. 

5. «Шоқан Уәалиханов» пьесасы. 



 

10-тақырып.Ғабиден Мұстафин шығармашылығы 

1.  Алғашқы  әңгімелерінің  ауыл  кедейлері  тұрмысына  арналуы.  Онда 

жазушылық шеберліктің жетіле бермеуі. (Б.Майлинмен салыстыру). 

2.  «Қарағанды»  романындағы  Мейрам,  Щербаков,  Ермек,  Жәнәбіл 

бейнелері. Таптық көзқарастың басымдылығы. 

3.  «Шығанақ»  романындағы  Шығанақ  Берсиев  бейнесі.  Таптық 

көзқарастың орын алуы. 

4.  «Дауылдан  кейін»  романының  тақырыбы.  Аман,  Шәкен  мырза, 

Малқар болыс, Шолпан бейнесі. 

5. «Көз көрген» өмірбаяндық романындағы жазушының өз прототипі – 

Сарбала бейнесі. 

 

11-тақырып. Қасым Аманжолов шығармашылығы 

1. Қасымның “Өмір жыры” атты алғашқы өлеңдер жинағы. 

2. Отан соғысы жылдарындағы «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Сен – 

фашиссің, мен – қазақпын» өлеңдеріндегі ерлік, туған ел мәселелері. 

3.  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасындағы  Абдолла  Жұмағалиев 

бейнесі. Поэманың көркемдік ерекшелігі. 

4.  Соғыстан  кейінгі  кездегі  өлеңдері.  «Өзім  туралы»  өлеңіндегі  ақын 

бейнесі, шеберлігі. 

 

12-тақырып. Әбділдә Тәжібаев шығармашылығы 

1. Шығармашылық өмірбаяны 

2. Ә.Тәжібаев лирикасының тақырыптық аясы 

3.  Ә.Тәжібаевтың  «Айнабұлақ»,  «Тау  қойнында»,  «Алтын  ай», 

«Тараспен  әңгіме»,  «Сырдария»  өлеңдеріндегі  сезім  құбылыстарына  терең 

бойлауы. 

4.  «Абыл»,  «Аққу»,  «Мерген»,  «Толағай»  поэмаларының  шағын 

көлемді эпикалық, лирикалық, публицистикалық болып келетіні. 

5. Ә.Тәжібаев поэмаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері 

6. Ә.Тәжібаевтың драмалары. 



 

13-тақырып. Ә. Нүрпейісов шығармашылығы 

1. Шығармашылық өмірбаяны 

2.  Ә.Нүрпейісовтың  басты  кітабы  –  «Қан  мен  тер»  трилогиясы, 

шығарманың  эпопеялық  сипаты.  Романдағы әлеуметтік  күрес.  Трилогияның 

тақырыбы. Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Кәлен, Федоров, Қарақатын, Судыр 

Ахмет бейнелері. 

3.  Романның  композициясы.  Сюжет  пен  характер,  Психологиялық 

талдау шеберлігі, тілі. 

4. «Сең» дилогиясының тақырыбы мен идеясы. Кейіпкерлер жүйесі. 

 

5.  «Соңғы  парыз»  романының  идеялық-көркемдік  ерекшеліктері. 



Романдағы психологизм. 

 

14-тақырып. І. Есенберлин шығармашылығы 

1. Шығармашылық өмірбаяны 

2.  «Маңғыстау  майданы»,  «Ғашықтар»,  «Махаббат  мейрамы»  т.б. 

романдарының тақырыбы, кейіпкерлері. 

3.  «Көшпенділер»  трилогиясының  тақырыбы.  Әбілқайыр  хан,  Жәнібек 

хан,  Қасым  хан,  Бұрындық  хан,  Абылай  хан,  Кенесары  хан  және  т.б. 

батырлар бейнесі. Романның көркемдігі. 

4.  «Алтын  Ода»  трилогиясының  тақырыбы  мен  идеясы.  Кейіпкерлер 

жүйесі. 


 

15-тақырып. Қадыр Мырзалиев шығармашылығы. 

1. Шығармашылық өмірбаяны 

2.  Қадыр  –  философ  ақын.  «Күншілдер  өледі»,  «Бабамыздың  шоқ 

босқан табанымен», «Табиғаттан бабамыз ала берген сияқты», «Бала асырап 

алған жұбайлар», «Жесір бойдақ», «Арамзаға» өлеңдеріндегі ақын шеберлігі. 

3.  «Ой  орманы»,  «Дала  дидары»,  «Бұлбұл  бағы»,  «Ақ  отау»  т.б. 

жинақтарында адам тағдыры мен тіршілігін тереңнен қозғайтыны. 

4.  Қ.Мырзалиев  өлеңдеріндегі  юмор  мен  сатира  «Көнтері»,  «Бостан-

босқа шытылмайды қабақтар», «Әзәзіл». 

 

16-тақырып. Мұқағали Мақатаев шығармашылығы 

1. Шығармашылық өмірбаяны. 

2. М.Мақатаев лирикасының тақырыптық аясы, өзіндік ерекшеліктері 

3.  Мұқағали  жырларындағы  әуезділік,  саздылық,  философиялық 

терендік,  парасаттылық,  махаббат,  табиғат,  туған  жер,  адамгершілік 

тақырыбындағы  өлеңдердің  ерекшелігі.  «Ей,  табиғат»,  «Қарасаз»,  «Қара 

өлең»,  «Поэзия»,  «Бар  екен  ғой»,  «Махаббатым  өзімде»,  «Есіңе  мені 

алғайсың», «Ат суара барғанда», «Сәби болғым келеді». 

4. «Мавр», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт», 

«Жан азасы» поэмаларының жанрлық өзгешеліктері, кейіпкерлері, көркемдік 

ерекшеліктері. 

 

17-тақырып. Х. Есенжанов шығармашылығы 

1. Шығармашылық өмірбаяны 



2.  Х.Есенжановтың  «Ақ  Жайық»  трилогиясындағы  Хакім,  Жүніс, 

Шұғыл, Мәмбет, Халел, Жанша бейнелері. 

3. «Жүнісовтер трагедиясы» романы. 

 

18-тақырып. Ә.Кекілбаев шығармашылығы 

1.  20  ғасырдың  60-70  жылдарындағы  қазақ  әдебиетіндегі  көркемдік 

құбылыстар  

2. Ә.Кекілбаевтың шығармашылық өмірбаяны 

3. Ә.Кекілбаев әңгімелерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері 

4.  Ә.Кекілбаевтың  «Күй»,  «Ханша  Дария  хикаясы»  повестеріндегі 

халық аңыздарының көркемдік қызметі 

5.  Ә.Кекілбаевтың  «Шыңырау»,  «Құс  қанаты»  повестеріндегі  заман 

шындығы 

6. «Аңыздың ақыры» романындағы психологизм 

7. «Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы тарих тағылымы 

 

19-тақырып. О.Бөкеев шығармашылығы 

1. Жазушы шығармашылығының зерттелу деңгейі 

2. О. Бөкеевтің өзіндік қаламгерлік стилі 

3. Әңгімелерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері 

4.  «Қар  қызы»  повесіндегі  табиғат  кеңістігінің  адамға,  оның  жан 

дүниесіне әсері 

5. Жазушы повестеріндегі адам мен табиғат концепциясы  

 

20-тақырып. Д.Исабеков шығармашылығы 

1. Д.Исабеков шығармашылығының зерттелу жайы 

2. Әңгімелерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері 

3. Жазушының «Сүйекші» повесіндегі сюжет ерекшеліктері 

4.  «Сүйекші»,  «Тіршілік»  повестерінің  сюжетіндегі  тағдырдың  жазуы, 

кездейсоқтық, шарттылық элементтері 

5.  «Сүйекшідег»  Тұңғыш  пен  «Тіршіліктегі»  Молдәрәсіл,  Қыжымкүл 

тағдырларының ұқсастығы мен айырмашылығы 

6. Д.Исабеков повестеріндегі трагизм табиғатын түсіндіріңіз. 

7. Жазушы романдары 

8. Д.Исабеков драматургиясы 

 

21-тақырып. Т.Әбдіков шығармашылығы 

1. Т.Әбдіков шығармашылығының зерттелу деңгейі 

2. Әңгімелерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері 

3. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінің тақырыптық-идеялық негізі 

4. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінде көркем уақыт пен кеңістік 

5. «Ақиқат» повесіндегі Роберт трагедиясы 

6. Экзистенциализм философиясының «Ақиқат» повесіндегі көрінісі 

 

22-тақырып. Қазіргі қазақ поэзиясы  


1 Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағын талдау 

2 Т.Медетбековтің «Көк түріктер сарыны» жинағын талдау 

3  Н.Оразалиннің  «Ғасырмен  қоштасу»,  «Сырнайлы  шақ»  жинағын 

талдау 


4 М.Райымбекұлының «Ай» жинағын талдау 

5 Ж.Әскербекқызының «Көк түріктер әуені», «Қаңтардағы қызыл гүл» 

жинағын талдау 

С.Қамаеваның 



«Жыр 

жұлдызын 

таңдадым» 

лирикалық 

шығармасындағы  сөз  саптау,  ой  толғау  ерекшеліктері.  Лирикалық  қаһарман 

және ақындық тұлға мәселесі. 

7 Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасын талдау 

8 С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» поэмасын талдау 

9 Е.Раушановтың «Ғайша бибі», «Сары өзен» поэмаларын талдау 

10 Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр», «Тәңір сынағы» романдарын 

талдау 

11 К.Ахметованың «Қыз-бота», «Үлбүр сұлу» поэмаларын талдау 



12  Зейнолла  Тілеужановтың  «Қабанбай»  поэмасының  поэтикасы. 

Тілдік-стильдік ерекшеліктері. Сюжеттік-композициялық құрылымы. 



 

23-тақырып. Қазіргі қазақ прозасы 

1. С.Сматаевтың «Елім-ай» трилогиясының тарихилық және көркемдік 

сипаты. 

Тұрсынхан Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» романын талдау. 

3. Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Ұлы көш» романын талдау.  

4. К.Сегізбаевтың «Беласқан» романын талдау. 

5. А.Алтайдың «Алтай новелласы» романын талдау. 

6. С.Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясындағы заман шындығы 

7. М.Мағауиннің «Жармақ» романын талдау 

8. Қазіргі қазақ повестерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктері  

9.  Қазіргі  қазақ  әңгімелері  (А.Алтай,  М.Байғұт,  Ә.Кекілбаев, 

М.Мағауин, Д.Досжанов, М.Айымбетов т.б.) 

 

24-тақырып. Қазіргі қазақ драматургиясы 

1  С.Жүнісовтің  «Абылайхан»,  «Ажар  мен  ажал»,  «Қызым,  саған 

айтам»,  «Тұтқындар» «Махамбет», «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» драмалық 

шығармаларын талдау 

2 Д.Исабековтің «Әпке», «Ескерткіш» пьесаларын талдау 

3 Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Боран», «Ант» пьесаларын талдау 

4  Ә.Әшімовтың  «Жолы  болған  жігіт»,  Қ.Мұхаметжановтың  «Бөлтірік 

бөрі  астында»,  «Қуырдақ  дайын»  драмалық  шығармаларындағы  тартыс  пен 

конфликт,  қимыл-әрекет  пен  декорациялау,  тақырып  ауқымы,  тіл  шеберлігі 

мәселелері. 



 

 

 

Студенттердің өздік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар 

1. С.Сейфуллиннің драматургиясы 

2.  Б.Майлиннің  «Раушан  коммунист  повесіндегі  тұрмыстық  жағдай  мен 

қаһарман 

3. М.Жұмабаев поэзиясындағы өмір мен өлім философиясы 

4. Мағжан дастарындағы аңыз бен ақиқаттың арақатынасы 

5. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы әйел тағдырына орыс пен қазақ 

адамдарының әсері 

6. М.Әуезов әңгімелеріндегі портрет пен пейзаж 

7. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай мен Құнанбай 

«Абай жолындағы» әйелдер образы 

8. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясындағы уақыт пен кеңістік 

9. С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романындағы диалог пен монолог 

10. Ғ.Мүсіреповтің символдық әңгімелері 

11. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» шығармасының баяндалу жүйесі  

12. Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасындағы сұлулық пен 

зұлымдық. 

13. Ж.Саин поэзиясындағы партизандық күрес тақырыбы 

14. Х.Ерғалиев поэмаларының көркемдігі 

15.  Ә.Нүрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  романындағы  адамдар  тағдыры  мен 

Арал тағдыры 

16.  І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»  трилогиясындағы  тарихи  шындық  пен 

көркем шындықтың арақатынасы 

17. Қ.Мырзалиевтің философиялық лирикасы 

18.М.Мақатаев поэзиясындағы табиғат пен адам 

19. Қадыр поэзиясындағы «Мен» мәселесі 

20. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы аңыздардың көркемдік қызметі 

21. О.Бөкеев шығармаларындағы мифологизм 

22. Д.исабеков шығармаларындағы трагизм 

23. Т.Әбдіков шығармаларындағы психологизм 

24. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму сипаты 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет