Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов – ірі суреткер.
Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиетінен Мұхтар Әуезов өмірі,шығармашылығы
бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, оқушыларды
жазушы шығармашылық бойынша ізденту.
Оқушыларды пікір айта білуге үйрету, нақты дәлелді пікір айтуға,
өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:Баспасөз – конференция сабағы.
Сабақтың әдісі:Сұхбат түрінде сұрақ-жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: Тарих, психология, этнография.
Сабақтың көрнекілігі: 1) Мұхтар Әуезов портреті.
2) Мұхтар Әуезов шығармашылығынан слайдтар:
1слайд Мұхтар Әуезов драмматургиясы:
«Еңлік-Кебек» «Қаракөз»
«Айман-Шолпан» «Абай»
«Қарақыпшақ Қобыланды»
«Түнгі сарын» т.б.
2слайд Мұхтар Әуезов прозасы:
«Қорғансыздың күні»,
«Қараш-қараш оқиғасы»
«Үйлену» «Жуандық»
«Қаралы сұлу» «Көксерек» т.б.
3) Мұхтар Әуезов өмірінен альбом-буклеттер.
4) Жазушы кітаптары, жинақтары. «Абай жолы» 4 томы.
Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру.
(Топтың сабаққа әзірлігін байқау.)
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.
«Мұхтар Әуезов – әлемдік әдебиетте орны бар жазушы»
Оқушыларғажазушы шығармашылығынан қысқаша баяндау.
ІІІ. Оқушылар пікірі.
Алдын – ала берілген тапсырмалар бойынша студенттер өздері іздеген материалдар бойынша Мұхтар Әуезов жөнінде әр елдердің зерттеушілерінің пікірлерін көпшілікке ұсынды.
1.Бенжамен Матип (Камерун)
2.Алфред Курелла (Амания)
3.Ираклий Андроников (Ресей)
ІV. Сабақтың негізгі бөлімі: 1) Тілшілер сұрақтары.
2) Ғалымдар жауаптары.
Әртүрлі баспасөзден келген өкілдер, тілшілер, М.Әуезов өмірі шығармашылығы бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды филолог, этнограф, психолог ғалымдарға қояды, ғалымдар ізденіп, жауап береді.
Сұрақтар.І.«Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері:
1.Этнограф ғалым ретінде Мұхтар Әуезов өмірге келуі, өскен ортасы туралы әңгімелесеңіз? Бала Мұхтардың Абай ауылымен аралас тұруы оның тағдырына қалай әсер етті?
2.Қаламгердің алғашқы туындыларынан үлкен болашағы байқала ма?
ІІ. «Жас Алаш» газетінің тілшілері :
3.Әдебиетші ғалым ретінде мына сұраққа жауап берсеңіз, Әуезов талантының жан-жақтылығы, тілі мен стилі туралы айтасыңыз?
4.Әуезов әңгімелеріндегі психологизм туралы білсем деп едім?
5.М.Әуезовтің бас кітабы «Абай жолы» - қазақтың тұнғыш эпопеясы туралы ой қозғасаңыздар?
ІV. «Парасат» журналынан келген тілшілер:
7.Құнанбай образын жасаудағы жазушының шеберлігі хақында әдебиетші ғалым ретінде не айтар едіңіз?
8.Роман кейіпкерлері туралы сөз қозғағанда романдағы әйелдер образына тоқталмай кетуге болмайды, әсіресе Абай айналасындағы әйелдер туралы пікірлессек?
9.Қазіргі таңда әйелдер образын кездестірі аламыз ба?
10.М.Әуезов өз шығармашылығы арқылы әлем әдебиетіне қандай қазына қосты?
V. Сабақтың бекітуі.Бала Мұхтардың 6-7 жасындағы ұлы Абайды көргендегі естелік сәтін
Академик Зейнола Қабдолов пен Әбіш Кекілбаев зерттеулерінен оқып, оқушыларды таныстыру.
VІ. Сабақты пысықтау.1) Оқушыларға М.Әуезов жөнінде ақындардың өлеңдерін
оқиды.
2) Альбом-буклетпен таныстыру.
VІ.Сабақты қортындылау. 1) Мұғалімнің қорытынды сөзі.
2)Көрнекіліктермен жұмыс.
«М.Әуезов – әлем әдебиетіндегі орны»
Шығармаларына қысқаша тоқталу.
VІІ. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру:1) Мұхтар Әуезов шығармашылығынан әңгімелер оқу.
2) Абай – Мұхтар ұқсастығы неде? Ойтолғау.
№70 Жанқожа батыр атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:«Мұхтар Әуезов – ірі суреткер»
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сәдуахас Райхан
Қазалы 2011-2012 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |