Дәріс № 12. Микроағзалардың құрғақшылықта, суда және топырақта таралуы.
Жоспар: 1. Өсімдіктің өміріне топырақ факторы және оның мағынасы.
2. Жердің механикалық құрамы, оның экологиялық мағынасы. Жердің химиялық құрамы, оның экологиялық мағынасы. Қышқыл, бейтараб, сілтілік топырағы. Топырақтағы кальцийның мағынасы.
3. Минералдық нәрдің элементтері.
4. Тұздалған жердің өсімдігінің экологиясы. Галофиттар. Галофиттың бөлімшесі П.А. Генкель (1950). Эугалофиты, криногалофиты, гликофиттер (гликогалофиты).
5. Топырақтың органикалық заттары, экологиялық мағынасы. Өімдіктер үшін топырақ ағзасы және оның мағынасы.
Микрофлора (микро... және флора) – белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы
Ауа микрофлорасы: Топырақта микроорганизмдер тіршілік етумен қатар өніп-өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады.
Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етті. Түссіз бактерияларға қарағанда төзімділеу. Әдетте спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан спора түзетіндеріне қарағанда олардың саны да аз болады. Әр түрлі қоғамдық орындардың да ауасына микробтар саны бірдей болмайды. Бұдан адам көп жүретін жерлерде және көп қатысатын мекемелер маңындағы ауада микроорганизмдер көп болатыны көрініп тұр. Жыл мерзіміне байланысты ауа микроорганизмдерінің саны мен сапасы да өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың ең аз болатын мерзімі қыс, ал көп болатын кезі жаз. Көктем мен күзде олардың саны аса көп болмайды. Бұл әрине түсінікті. Қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаңның көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Ал жаз кезінде жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді ұшырап шығарады. Күз бен көктем кезінде жауын – шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаңда аз болады. Сондықтан бұл мезгілде ауадағы микробтар саны көп болмайды.