Жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы»


Нәтижелерді өндеу мен қортындылары



бет107/107
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#79267
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Нәтижелерді өндеу мен қортындылары
Эксперимент нәтижелерін 12 – кестеге толтырып «Температура – уақыт» координаталарында график (2-сурет) жасаңыздар.
12–кесте




Температура, 0С




Қара топырақ

Ашық топырақ




Қақпақсыз

Қақпақпен

Қақпақсыз

Қақпақпен

1













2













3













4













20













Т,
t, мин
2 – сурет
Алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасаңыздар.
2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Қандай экологиялық мәселелер ғалымдық мәселелерге жатады?
2.«Парниктік эффект», қышқылдық жауындар, озон қабатының бұзылуының механизмдері қандай?
3.Ғалымдық экологиялық мәселелерді модельдеу әдісіне сипаттама беріңіздер.


Практикалық сабақтың тақырыбы №8
Тақырыбы: Ауа ортасындағы Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)
Мақсаты: Студенттерді ауа ортасындағы шекті мөлшерлі концентрация ұғымымен таныстыру.


тапсырмалар:
1. Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)-ға сипаттама
2.Атмосфераны 2 аспектіде бағалау
3.Атмосфераның ластану дәрежесін кешенді индекс (АЛОКИ) критерийлері бойынша бағалау


Негізгі түсініктер: ШМК, ШРШ, ШРМ, ШРД
1. ШМКж.з – жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың ШМК, (мг/м3) (ПДКр.з – рабочей зоны). Бұл концентрация апатының 8 сағаттық жұмыс күнінде (жексенбіден басқа күндерде), немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде жұмыс жасының соңына дейін (25-30 жыл) ауырмаған, немесе қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар болмаған шаманы білдіреді. Жұмысшы зона деп , еденнен немесе жұмысшы тұрақты тұратын жерден 2 м биіктіктегі кеңестікті айтады.
2. ШМКм.б – тұрғын үйлер орналасқан ауадан ауасындағы максимальді бірреттік шектік концентрациясы, мг/м3 (ПДКм.р – максимально разовая). Бұл концентрация сол ауа мен 20 минут тыныс алынған жағдайда, адам организімінде рефлекторлық (субсенсорлық) реакция бериеуі керек.
3. ШМКо.т – тұрғын үйлер орналасқан аудандағы ауа құрамындағы үлы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л) (ПДКс.с - среднесуточная). Бұл концентрация адам ол ауамен қанша уақыт тыныс алса да тікелей немесе жанама ешқандай әсер етпеуі керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)-ға сипаттама беріңіз.
2.Атмосфераны 2 аспектіде қалай бағалауға болады?
3.Атмосфераның ластану дәрежесін кешенді индекс (АЛОКИ) критерийлері бойынша бағалау қалай жүргізіледі?

Практикалық сабақтың тақырыбы №9
Тақырыбы: Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері
Мақсаты: Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс екендігі туралы білім беру.
Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1 Атмосфералық ауаға қандай ластағыш заттар түседі?
2 Пайдалы қазбалар өндіру деген не?


Практикалық сабақтың тақырыбы №10


КОЛЛОКВИУМ.


Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптарының жоспары (СӨЖ)

  1. Экологиялық мектептердің қалыптасуы.

  2. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.

  3. Организмдердің индикаторлық мәні.

  4. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар.

  5. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.

  6. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

  7. Табиғи ресурстардың классификациясы.

  8. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері.

  9. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

  10. Қазақстанның экологиялық проблемалары, Каспий маңы аймағы мен Каспий теңізінің экологиялық проблемалары.

  11. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Биосфералық қорықтар.

  12. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет