Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Морфологиялық пәндер кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
ТжКББФ деканы
Отыншиев М.А._______
«____»________2010 ж.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Анатомия»
Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
Біліктілігі: 0304013 «Дантист»
Курс 2
Семестр: III, IV
Сағат көлемі: 162
Шымкент – 2010ж
Жұмыс бағдарламасы ҚР ДСМ 05.08.2010 жылы №604 бұйрығымен бекіткен типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама № ____
«_____» ________________2010ж
Кафедра меңгерушісі, профессор ___________ Сисабеков Қ.Е.
Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.
Хаттама № ____
«_____» ________________2010ж
Әдістемелік кеңес төрайымы___________
Дайындаған оқытушы ___________________
Кіріспе
Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысы мен тұлмысын және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия тәжірибелік дәрігер, фельдшер мамандықтарына өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізгі болып саналады. Оқу барысында ағзаның жастық, жыныстық және жеке ерекшелігін қарастыру қажет.
Пәннің мақсаты: Анатомия пәнін оқу барысында адам ағзасының құрылысын оқу бас және мойында орналасқан мүшелерді тереңдетіп оқумен қабаттасады, нәтижесінде хирургиялық стоматология, бас-бет хирургиясы сияқты клиникалық пәндерді оқуға негіз қалайды.
Пәннің міндеттері:
клиникалық ұғымның дамуына бағытталған мүшелер мен жүйелердің құрылысы мен топографиясын білу негізін құрастыру;
адам мүшелері құрылымының өзара байланысы мен өзара қатынасы және қызметі жөнінде, адам ағзасының қоршаған орта жағдайларына, еңбек пен әлеуметтік факторларға байланысты біртұтастығы жөнінде ғылыми көзқарасын жетілдіру;
Физикалық бақылау және алғашқы жедел медициналық көмек көрсету әрекеттерін игеру мақсатында ағзалар мен олардың бөліктерінің орналасуы проекциясын анықтай білуді игеру;
адам ағзасы мен мәйітті биологиялық материал ретінде ұқыпты және аса құрметпен қарау;
Достарыңызбен бөлісу: |