Жұмыс бағдарламасы пән: «Анатомия» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»



бет2/15
Дата27.09.2022
өлшемі209,5 Kb.
#150891
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
РП-стоматология-анатомия-каз

Оқытудың соңғы нәтижелері
Студент:
Білуі тиісті:

  • анатомиялық препараттармен және басқа да оқу әдістемелерімен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін;

  • қаңқа сүйектерінің ерекше белгілерін;

  • сүйектер байланысының түрлерін, жіктелуі және буындардың биомеханикасын;

  • бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, қызметін;

  • бас, мойын, қол мен аяқтың, кеуде, құрсақ пен жамбас ағзаларының топографиясын;

  • асқорыту, тыныс алу, жүрек – қантамырлар және зәр шығару жүйесі ағзаларының анатомиясын, топографиясын және олардың құрылыс ерекшеліктерін;

  • жұлын мен бас миының құрылысын;

  • сезім мүшелерінің анатомиясын;

  • жұлын және бас миы нервтерінің түзілуі мен қызметін, олардың нервтендіруін;

  • қан тамыр және лимфа жүйелерінің анатомиясы мен топографиясын;

  • эндокринді бездер құрылысы мен қызметін;

  • бас пен мойынның, дененің және аяқ – қолдың тері жамылғыларының морфофункционалдық сипаттамасын;

  • халықаралық анатомиялық номенклатураны латын тілінде.



Көрсете алуға тиіс:

  • бас сүйектері, дене және аяқ-қол сүйектеріне тән ерекшеліктерін анықтау;

  • анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін тауып алу;

  • мәйіттен бастың, дененің және қолмен аяқтың бұлшықеттерін көрсету;

  • бас пен мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарындағы ағзаларды табу;

  • жұлын мен бас миы бөлімдерін көрсету;

  • жұлын мен бас миы нервтерін көрсету;

  • мәйіттен бас пен мойын, кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас және қол мен аяқтың қан тамырларын көрсету;

  • адам денесінің бетінен ағзалар мен қан тамырлар, нервтер проекциясын анықтап көрсету.

ІII- семестр
Теория тақырыптық жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет