|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
ФГЗ және химия кафедрасы
|
044 -52/15-(4)
18 беттің -беті
|
«Фармакогнозия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
|
қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИка академияСЫ
Фармакогнозия және химия кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор
________Анартаева М.У. « » 2013 ж
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Фармакогнозия
Пән коды: FG 5304
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: – 360 ( 8 кредит)
Курс 5 Семестр 9,10
2013 ж.
«Фармакогнозия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы фармакогнозия және химия кафедрасы ұжымымен 051103 «Фармация» мамандығының типтік бағдарламасына сай құрастырылған
Кафедра мәжілісінде қайта талқыланды
хаттама № 2013ж.
Кафедра меңгерушісі
х.ғ.д., проф._ Ә.Қ.Патсаев
Химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында қаралды
« » 2013ж хаттама №
Төрағасы
х.ғ.д., проф._ Ә.Қ.Патсаев
Әдістемелік Кеңесте мақұлданды
« » 2013ж хаттама №
2 Бағдарлама:
2.1 Кіріспе. Фармакогнозия – дәрілік өсімдіктерді, өсімдік және жануар тектес (кейбір топтар) дәрілік шикізаттарды және кейбір өсімдіктер мен жануарлардан алынатын біріншілік өңдеу өнімдерін зерттейтін фармацевтикалық ғылымдардың бірі.
Тәжірибелік фармацияның фармацевтерді фармакогностикалық дайындаудың талаптарының өсуіне сәйкес бағдарламада дәрілік өсімдіктердің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, жақын және алыс шет елдердің фармакопея талаптарына сәйкес негізделген сұрақтар көлемі кеңейтілген.
2.2 Пәннің мақсаты – болашақ мамандарды дәрілік өсімдік шикізатын тиімді, ғылыми-негізделген мақсатта дайындау туралы білім мен дағдыға, дәрілік өсімдік шикізатын стандарттауды, сапасын бақылауды және де өсімдік тектес дәрі-дәрмектерді тәжірибеде қолдануды үйрету.
2.3 Оқытудың міндеттері:
студенттерге дәрілік өсімдіктер (ДӨ) мен дәрілік өсімдік шикізатының (ДӨШ) ботаникалық, фармакогностикалық сипаттамасы туралы, химиялық құрамы, оның фитоөндірісінде қолданылу жолдары туралы білім беру;
фармацевт-фармакогностың кәсіби жұмысына қажетті білімдер мен дағдыларды үйрету;
студенттерге дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық және тауарлық талдау әдістерін қолдануды, дайындау мен қолдану барысында дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау әдістерін үйрету;
студенттерге дәрілік өсімдік шикізатын тиімді дайындау әдістерін, отандық фармацевтикалық өндірістің сапалық дәрілік өсімдік шикізатына деген сұранысының үнемі өсіп отыруына байланысты жабайы өсетін өсімдіктер қорларын анықтау әдістерін үйрету.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент:
Білуі тиісті:
табиғи дәрілік шикізаттардың қазіргі заманғы номенклатурасы, олардың химиялық құрамына қарай дәрілік өсімдіктердің жіктелуі;
дәрілік өсімдік шикізатының химиялық құрамы, ботаникалық, фармакогностикалық сипаттамасы және қолданылуы;
дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау мен спецификациялау ұстанымдары;
фармацевтикалық ұйымдардың шаралары мен дайындау кезеңдерінде дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын бақылау әдістері;
өсімдік тектес шикізаттың мәдени және жабайы түрлерінің ресурстарын анықтау және олардың тиімді дайындау ережелері;
дәрілік өсімдік шикізатының белсенділігін, химиялық құрамын және құрамындағы биологиялық белсенді заттарды ескере отырып дайындау ережелері мен сақтау жағдайлары.
Істей алуы тиісті:
нормативті құжатқа сәйкес дәрілік өсімдік шикізатын бүтін және өңделген күйде фармакогностикалық және тауарлық талдауды жасай білу;
дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды, кептіруді және сақтауды жүргізе білу;
дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық қасиеттеріне және олардың препараттарының қолданылуына көңіл бөлу;
дәрілік өсімдік шикізатын жинау, кептіру, сақтау және қолданылуының сұрақтары бойынша дәрігерлер мен жергілікті тұрғындарға кеңес беруді білу;
дәрілік өсімдік шикізатын дайындау, талдау, өсімдік және жануар тектес шикізаттардан дәрі-дәрмек дайындау сияқты деонтологиялық тапсырмаларды шешу;
жергілікті тұрғындар арасында табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие жайында жұмыстар жүргізу.
Дағдыларын меңгеруі тиісті:
ғылыми медицинада қолданылатын дәрілік өсімдік шикізатын анықтау үшін макро- және микроскопиялық талдауды игеру және мүмкін болатын қоспаларды ажырата білу;
бүтін, кесілген, ұнтақ, брикет, таблетка және басқа түріндегі дәрілік өсімдік шикізатын анықтау;
дәрілік өсімдік шикізатын дайындаудың және қолданудың әртүрлі кезеңінде стандарттауды меңгеру;
дәрілік өсімдіктер құрамындағы негізгі биологиялық белсенді заттарға (полисахаридтер, эфир майы, дәрумендер, жүрек гликозидтері, сапониндер, антрацентуындылары, флавоноидтар, кумариндер, иілік заттар, алкалоидтар және басқа) сапалық және микрохимиялық реакцияларды жасауды меңгеру.
2.5 Реквизитке дейінгі: ботаника, экология, қазақ тілі, латын тілі, органикалық химия, аналитикалық химия, биологиялық химия, фармацевтикалық химия.
2.6 Реквизиттен кейінгі: дәрілер технологиясы
2.7 Тақырыптық жоспары
Дәрістің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
|
|
№ 1 Кредит
|
|
|
1.
|
Фармакогнозия – ғылым және оқу пәні ретінде. Фармакогнозияның дамуындағы негізгі сатылары.
|
Кіріспе
|
1
|
2.
|
Дәрілік өсімдіктерінің шикізаттық базасы. Дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастыру.
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Дәрілік өсімдік шикізатының жіктелуі және химиялық құрамы.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
№ 2 Кредит
|
|
|
1.
|
Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау үрдістерінің негіздері. Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау, талдау үшін сынаманы таңдау, нормативті құжатқа сәйкес анықтау.
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау. ДӨШ-на нормативті құжаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Дәрілік өсімдіктерді оқып-білу саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
№ 3 Кредит
|
|
|
1.
|
Құрамында полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар (крахмалы, инулины және шырышы бар өсімдіктер мен шикізаттар).
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Құрамында полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар (шайыры, пектинді заттары және клетчатка бар өсімдіктер мен шикізаттар).
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Құрамында май және май тәріздес заттары бар дәрілік өсімдіктер.
|
Тақырыптық
|
1
|
4.
|
Құрамында дәрумендері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
№ 4 Кредит
|
|
|
1.
|
Құрамында терпеноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Терпеноидтар туралы түсінік, жіктелуі, әртүрлі топтағы терпеноидтардың жалпы биогенез үлгісі.
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Құрамында эфир майы бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар (ациклды, моноциклды және бициклды монотерпендер).
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Құрамында эфир майы бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар (сесквитерпендер және араматты қосылыстар).
|
Тақырыптық
|
1
|
4.
|
Құрамында алкалоидтары (пирролидин, пиридин, пиперидин, изохинолин, индол және пурин туындылары) бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
5.
|
Құрамында алкалоидтары (стероидты, дитерпенді, жанама тізбегінде азоты бар және ациклды алкалоидтар) бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
Барлығы: 15 сағат
|
|
|
|
№ 5 Кредит
|
|
|
1.
|
Құрамында гликозидтер бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Гликозидтердің жіктелуі және құрылысының ерекшеліктері. Құрамында гликозидтері бар шикізаттарды жинау, кептіру, сақтау.
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Құрамында иридоидтары, ащы гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
4.
|
Құрамында сапониндері (стероидты және тритерпенді гликозидтер) бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
№ 6 Кредит
|
|
|
1.
|
Құрамында фенолгликозидтері және лигнандары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Құрамында кумариндері мен хромондары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Құрамында антрацентуындылары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Антрацентуындыларының қасиеттері, оларды өсімдік шикізаттарынан бөліп алу және анықтау әдістері.
|
Тақырыптық
|
1
|
4.
|
Құрамында антрацентуындылары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
№ 7 Кредит
|
|
|
1.
|
Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Флавоноидтардың жіктелуі және құрылысының ерекшеліктері. Флавоноидтарды зерттеу әдістері.
|
Тақырыптық
|
1
|
2.
|
Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
3.
|
Құрамында иілік заттары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
4.
|
Құрамында биологиялық белсенді заттарының әртүрлі химиялық құрамы бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
Тақырыптық
|
1
|
|
№ 8 Кредит
|
|
|
1.
|
Жануарлардан алынатын дәрілік шикізаттар.
|
Ақпараттық
|
1
|
2.
|
ДӨШ сапалығын бағалау. Дәрілік өсімдік шикізатын қайта өңдеу. Жинақтар, брикеттер, гранулалар, емдік шәйлар және басқа.
|
Ақпараттық
|
1
|
3.
|
Дәрілік өсімдіктердің қортануы.
|
Ақпараттық
|
1
|
|
Барлығы: 15 сағат
|
|
|
|
Жалпы: 30 сағат
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |