Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет120/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

  1. Некроз дегеніміз не?

  2. Некроздың коагуляциялы және колликвациялы түрлерін сипаттаңыз.

  3. Некроздың пайда болу белгілері қандай?

  4. Некроздың ерте байқалатын белгілерін атаңыз?

  5. Некроздың түрлерін атаңыз.

  6. Трофикалық жараның негізгі клиникалық белгілерін атаңыз, диагностика принциптерін және емін атаңыз.

  7. Гангренаның негізгі клиникалық белгілерін атаңыз, диагностика принциптерін және емін атаңыз.

  8. Жыланкөздің негізгі клиникалық белгілерін атаңыз, диагностика принциптерін және емін атаңыз.

  9. Жыланкөз дегеніміз не?

  10. Жыланкөздің пайда болу белгілері және жіктелуі.

  11. Жыналкөзді диагностикалаудың негізгі принциптері және емі.

  12. Тіннің өліеттену синдромы бар науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

  13. Контагиозды хирургиялық инфекция кезінде жеке қорғану ережесі.

  14. Контагиозды хирургиялық инфекция мен ауыратын науқасты емдеу кезінде қолданылған құралдарды өңдеуді ұйымдастыру.

  1. Операциядан кейінгі ерте кезеңдегі асқынулар қандай?

  2. Операциядан кейінгі кеш кезеңдегі асқынулар қандай?

  3. Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын-алу немен қамтылады?

  4. Операциядан кейінгі кезеңде науқасқа күтім жасау кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?

  5. Операциядан кейінгі кезеңде мейірбикенің сауалдары қандай?

  6. Мейірбикелік күтім көлемін жоспарлау және оны іс жүзіне асыру.

  7. Мейірбикелік араласуларды бағалау.



Тесттер:
1. Операциядан кейінгі ерте кезең аяқталады:

  1. Операциядан кейінгі ерте байқалатын асқынуларды жойғаннан кейін;

  2. Операциялық жарақаттан тігістерді алғаннан кейін;

  3. Операциялық жарақаттың жазылуынан кейін;

  4. Стационардан науқастың шығуынан кейін;

  5. Науқастың еңбекке қабілетінің қалыптасуынан кейін.

2. Науқастың операциядан кейінгі кезеңінде катаболикалық фаза немен сипатталады:
1) симпатико – адреналды жүйенің активациясы;
2) қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы;
3) ақуыздардың ыдырауының жоғарылауы;
4) өкпенің өмірлік көлемінің жоғарылауы;
5) диурездің азаюы.
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2,3; 2) 2,3,4,5; 3)1,3,5; 4)1,2,3,5; 5) барлық жауап дұрыс.
3. Операциядан кейінгі кезеңнің асқынбаған ағымы кезінде кері даму фаза сипатталады:
1) ұзақтығы 2 – 3 күн;
2) ұзақтығы 4 – 6 күн;
3) оң нәтижелі азотты баланспен;
4) симпатико – адреналды жүйе белсенділігінің төмендеуі;
5) ішек қызметінің қалыптасуы.
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,3,5; 2) 2,3,5; 3) 2,5; 4) 1,4,5; 5) 2,3,4,5.
4. Науқас жағдайының күрт нашарлауын анықтау үшін ағза қызметінің дұрыс клиникалық көрсеткішін қалай бағалайсыз:

  1. Пульстің жиілігі 1 минутта 120 рет және одан жоғары;

  2. Артериальді қан қысымы 80 мм.с.б.б. төмендеуі;

  3. Тынысалу жиілігі минутына 20 рет;

  4. Мұздай жабысқақ тер басу;

  5. Іштің кебуі және бір тәулік бойы жиналған желдің шықпауы.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2,3; 2) 2,3,4; 3) 1,3,4; 4) 1,3,5; 5) 1,2,4.
5. Операциядан кейінгі кезеңде жарақатты жаншитын ауырлық күшін қолдану қандай мақсатпен қолданады:

  1. Жарақат жиегінің ажырауын алдын – алу;

  2. Ауырсынуды басу;

  3. Инфекция дамуының алдын – алу;

  4. Тромбоз және эмболияның алдын – алу;

  5. Қан кетудің алдын – алу.

6. Катаболикалық фазаның ұзақтығы құрайды:

  1. 10 – 12 күн;

  2. 1 – 2 күн;

  3. 3 – 7 күн;

  4. 6 – 12 сағат;

  5. 5 – 20 күн.

7. Операциядан кейін тромбоэмболиялық асқынудың арнайы емес алдын-алу шаралары:

  1. қатаң төсектік тәртіп;

  2. аяққа эластикалық бинт таңу;

  3. төсек орнында науқастың белсенді тәртібі;

  4. төсектен ерте тұрғызу;

  5. антикоагулянтты қолдану.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2,3; 2) 1,3,4,5; 3) 2,3,4; 4) 1,3,5; 5) 1,4,5.
8. Операциядан кейінгі кезеңде пневмонияның алдын – алу үшін қолданады:

  1. тыныстық гимнастика;

  2. ауырсынуды басатын препараттарды қолдану;

  3. сұйықтықты көп мөлшерде құю;

  4. прозерин;

  5. кеуде қуысына оңқа мен қыша қою.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2,3; 2) 1,2,4; 3) 1,2,5; 4) 1,3,5; 5) 2,3,5.
9. Құрсақ қуысы мүшелеріне ұзақ уақытқа созылған және жарақаттаушы оперативті араласулардан кейін көрсетілген асқынулардың қайсысы жиі кездеседі:

  1. асқазан – ішек жолының парезі;

  2. перитонит;

  3. пневмония;

  4. анурия;

  5. тромбоэмболия.

10. Операциядан кейінгі жарада дамуы мүмкін ерте асқынудың түрін атаңыз:

  1. жара аймағында ауырсыну;

  2. гематома;

  3. қан кету;

  4. инфильтрат;

  5. іріңдеу;

  6. жыланкөз.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2,3,4; 2) 1,2,4,5; 3) 1,2,3,5; 4) 3,6; 5)1, 2,6.



  1. Қанайналымның алғашқы бұзылуынан туындаған некроздың түрі, аталады:




  1. Жыланкөз;

  2. Гангрена;

  3. Трофикалық жара;

  4. Карбункул;

  5. Абсцесс.

2. Ағзаның белгілі бір немесе бүкіл мүше тінінің өліеттенуі аталады:

  1. некроз;

  2. қабыну;

  3. сепсис;

  4. ошақты инфекция;

  5. интоксикация.

3. Гангренаның белгілеріне жатады:



  1. магистральді қантамырдың эмболиясы;

  2. артерияның жарақаты;

  3. артерия тромбозы;

  4. үсік;

  5. күйік.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1, 2; 2) 1, 3, 4; 3) 2, 4, 5; 4) 1,4, 5; 5) барлық жауап дұрыс.
4. Құрғақ гангрена сипатталады:

  1. іріңді инфекцияның дамуымен;

  2. демаркациялы сызықтың болуымен;

  3. айқын байқалатын интоксикациямен;

  4. интоксикацияның болмауы;

  5. некроздалған тіннің мумификациясымен.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2; 2) 2,3; 3) 1, 3; 4) 1, 4; 5) 2, 4, 5.
5. Келесі факторлардың әсер ету нәтижесінен ылғалды гангрена дамиды:

  1. қан айналымның тез бұзылуы;

  2. семіздігі бар науқастарда;

  3. іріңді инфекцияның қосылуы кезінде;

  4. ішкі мүшелердің қанайналуы бұзылуы кезінде (ішекте, өкпеде);

  5. Облитерациялайтын эндартериит кезінде.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1, 2, 3, 5; 2) 1, 3, 4, 5; 3) 1, 2, 3, 4; 4) 1, 2, 4, 5; 5) барлық жауап дұрыс.
6. Аяқ – қолдың ылғалды гангренасының клиникалық белгілері:

  1. тіннің ісінуі, тері жабындысының өзгеруі;

  2. интоксикация;

  3. некроздалған аймақтың шектелуі;

  4. іріңді иістену;

  5. демаркациялы сызықтың болмауы.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2; 2) 1,3,4, 5; 3) 2, 4; 4) 1,2, 4, 5; 5) 2,3.
7. Дене қызуының жоғарылауы және айқын байқалатын интоксикацияның болуы кезінде аяқ – қолдың ылғалды гангренасы мен ауыратын науқасты емдеу кезінде қолданылатын тиімді шараларды атаңыз:

  1. некрэктомия;

  2. антисептиктер мен таңу жасау;

  3. антибиотиктерді артерия ішіне енгізу;

  4. камералы оксигенотерапия;

  5. аяқ – қолды ампутация жасау.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2; 2) 2,3; 3) 1, 2, 3, 4; 4) 3, 4; 5) 5.
8. Трофикалық жараның себептерін атаңыз:

  1. венозды қанайналымның бұзылуы;

  2. артериальді қанайналымның бұзылуы;

  3. лимфа айналымның бұзылуы;

  4. нервтердің, жұлынның зақымдалуы;

  5. қант диабеті.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1, 2, 3; 2) 2, 3, 4; 3) 1, 2, 3,4; 4) 1, 2, 3,5; 5) барлық жауап дұрыс.
9. Трофикалық жара кезінде емдеудің тиімді әдістерін атаңыз:

  1. жараны кесіп алып тастау;

  2. аутодермопластика;

  3. екінші тігісті салу;

  4. патогенезді ем;

  5. жара беткейін пластика жасау.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1, 2; 2) 3, 4; 3) 4, 5; 4) 2, 3; 5) 1, 2, 4, 5.
10. Ерінтәрізді ішектің жыланкөзі кезінде емнің әдісін атаңыз:

  1. консервативті ем;

  2. жыланкөзді бітеу;

  3. жыланкөзді диатермокоагуляция жасау;

  4. жыланкөзбен бірге ішектің аймағын резекция жасау;

  5. жыланкөз каналын таңу жасау.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет