Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет122/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

1. ТАҚЫРЫБЫ 4 : Жалпы ірінді инфекция. Сепсис. Жіктелуі. Патогенезі. Клиникалық көрінісі. Микробтардың қанға түсуінің түрлері. Емдеу принциптері (жергілікті және жалпы). Хирургиялық сепсисті науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Аяқ – қолдың зақымдануы. Диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
2. МАҚСАТЫ:
- жалпы іріңді инфекциямен ауыратын науқастарға мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау, осы саладағы науқастардың мәселелерін айқындау және оны шешу бойынша тәжірибелік дағдыларды машықтау;
- аяқ – қолдың механикалық зақымдануы айқындалған науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау; аяқ – қол зақымдануы кезінде науқастың мәселелерін анықтау және оны шешу.
3. ТАПСЫРМА:

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);

  • Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;

4. ОРЫНДАУ ТҮРІ:

  • реферат;

  • презентация;

  • есеп құрастыру;

  • тесттер;

  • алгоритмдер құрастыру;

  • сырқатнама жазу;

  • рольдік ойындарға сценарий жазу;

  • пікір жазу және т.б.



5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ:

  1. Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікірі және мәселелері айқындалған болу қажет.

  2. Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.

  3. Аяқ – қолдың зақымдануымен ауыратын науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.

  4. Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.

  5. Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.

  6. Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет