Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет121/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Ситуациялық сауалдар:

    1. Іріңді хирургия бөлімінде «Сол жақ аяқ басының облитерациялайтын эндартерииті. Сол өкшенің ылғалды гангренасы» деген диагнозбен әйел адам ем алуда. Жалпы қарағанда: сол жақ өкшесі және балтыры ісінген, бозғылт түсті, өкше беткейінде пульсация анықталмайды. Геморрагиялық құрамға толы күлдір бөртпе аймағы байқалды, ортасында тері беткей болбыр, жұмсақ және сасық иісті. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, тежелген, пульсі минутына 116 рет соғады, толымдылығы әлсіз, дене температурасы – 39,2 °C, олигурия.

Науқаста қандай қажеттілігінің бүтінділігі бұзылғанын атаңыз? Науқастың басты және қазіргі мәселелерін анықтаңыз? Мейірбикелік араласудың мақсатын және жоспарын құрыңыз?
Ситуациялық сауалдар:
1. Операциядан кейінгі палатада асқазан ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясы жасалған науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңында науқас жағдайы нашарлады, іш ауыруының күшеюі және ықылық қату байқалған. Жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпайды.
Тапсырма:
Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?
Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.
2. Хирургия бөлімінің палатасына операция бөлмесінен ІІІ – ІV дәрежелі өңеш рагы бойынша паллиативті операциядан кейінгі науқасты ауыстырды. Науқас тежелген, жағдайы ары қарай қандай болатынын білмейді. Жалпы жағдай қанағаттанарлық. Алдыңғы құрсақ қуысының эпигастральді аймағында – гастростома, онда зажиммен қысылған резиналы түтік енгізілген. Стома айналасы – клеолды таңғыш таңылған.
Тапсырма:
Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.
Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.
3. Операциядан кейінгі палатада науқас жатыр, 80 жаста, атабезінің аденомасына байланысты эпицистостома қойылған. Мейірбике қарағанда таңғыш зермен суланып, ажыраған.
Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.


  1. САБАҚ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет