Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет17/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

2 кредит
Реаниматология қызметінің басты міндеттері. Реанимация және қарқынды терапияның анықтамасы. Өмірге қажетті функцияларды тіркеу мен бақылауға арналған мониторлар. Дефибриляторлар, ауа ингаляторлы, респираторлар, құралдар жүргізу, спонтанды дем шығарудағы құрылғы, сорып алу жүйесі, сорғыштар. Жарақат, жарақаттық және жарақаттық шок туралы түсінік. Хирургиялық операциялар туралы түсінік. Хирургиялық операциялардың түрлері мен типтерін оқу.хирургиялық кезеңдері. Оперативті араласу түрлері. Операция алдындағы мейірбикелік күтім ерекшеліктері. Науқастың операциядан кейінгі күтімі, тері күтімі, ауыз қуысының гигиенасы, ойылудың алдын алу. Хирургиялық инфекция туралы түсінік. Жіктелуі. Тері асты, тіні, тіні мен тері аурулары. (фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона, тілменің қабынуы, линфангит, лимфаденит, флебит). Клиникалық көріністі. Емдеу принциптері. Сүйек және буын аурулары. Клиникалық көрінісі. Жергілікті және жалпы емдеу принциптері. Жалпы іріңді инфекция. Сепсис. Жіктелуі. Потогенезді. Клиникалық көрінісі.
3 кредит
Күйіктер. Жіктелуі. Госпитальға дейінгі алғашқы медициналық көмек, ерекшеліктері, тасымалдау. Шокқа қарсы ерте терапия. Термикалық зақымданған науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Потогенез. Негізгі клиникалық белгілер. Шұғыл көмек. Науқастарды арнайы күтудің ерекшеліктері. Суық жарақат. Жіктелуі. Госпитальға дейінгі алғашқы медициналық көмек, ерекшеліктері. Тасымалдау. Емдеу принциптері.
Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық аурулары. Аурудың осы тобының пайда болу себептері. Клиникалық симптомдары. Балаларда, жіті әйелдерде, егде жастағылардағы жіті аппендицит ағымының ерекшеліктері. Госпитальға дейінгі кезең тактикасы. Ұйқыбездің жіті ісінуі, жіті геморрагиялы панкреатит, іріңді жіті панкреатит. Пайда болу себептері. Бейімделу факторлары: ұйқыбез секреті ағып шығуының бұзылуы. Өндіруші факторлар: ұйқыбез секретін нейрогенді немесе гуморал стимуляция жасау – алкоголь, тамақты көп жеу, т.б. Негізгі клиникалық симптомдары. Ірі қантамырларының (эмболия, тромбоз, облитерация, аневризма) өткізгіштігінің бұзылуына алып келетін себептер. Негізгі клиникалық симптомы. Зерттеудің клиникалық және аспаптық әдістері.
«Бүйрек шаншуының» туындау себептері (даму ақаулары, қабыну процестері, ісіктер, несептас ауруы). Бүйрек пен паренхиманың қуыс жүйелерін зерттеудің клиникалық, аспаптық әдістері. Дизуриялық бұзылыс (поллакиурия, стангурия, ишурия, энурез). Туындау себептері.
Халыққа онкологиялық көмекті ұйымдастыру. Науқастарда «жаңа өспелер» синдромы кезінде мейірбикелік процесс ағымының ерекшеліктері.
Паразиттік аурулар. Алдын – алу. Тоғышарлық аурумен ауыратын науқастарды күту ерекшеліктері. Пластикалық операция және трансплантация туралы түсінік. Ағзалар мен тіндердің биологиялық ауыстыру жағдайлары және олардың сол жерде өсуі. Тіндік пластиканың типтері, реплантация, имплантация. Сүйек тіндерін, жүйкені, тамырларды, сіңір, бұлшықет және терінің пластикалық түрлерін үйрену әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет