Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)



бет25/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің қосымша және электронды әдебиеттермен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау және қорғау, ситуациялық тапсырмаларды дайындау, шешу. Топтық түрде стенд, жеке түрде презентациялар дайындау және қорғау.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері: әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, ОЖСӨЗ, СӨЖ) бағалау студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж.;

    1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың түрлері мен үлгілері:

2.12. 1 Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін
жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес
күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері
мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, практикалық
дағдылары және т.б.).
Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.
2.12.2 Аралық бақылау: бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 7-8 және 14-15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабусында және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетіледі. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет