Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет117/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Ситуациялық сауалдар:


  1. САБАҚ

1. Тақырыбы 3: Нерв жүйесі, жүрек – қантамыр жүйесі, тромбоз және эмболия, тыныс алу ағзалары, асқорыту жүйесі, несептік – жыныстық жүйелердің операциядан кейінгі асқынулары. Науқастың операциядан кейінгі күтімі. Некроз, жара, гангрена, жыланкөз. Диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
2. МАҚСАТЫ:
- Студенттерді әр түрлі ағзалардың операциядан кейінгі асқынуларымен таныстыру; операциядан кейінгі кезеңде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау.
- Студенттерге тіннің өліеттену синдромы бар науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау; жоғарыда аталған науқастың мәселелерін анықтау және оны шешу.
3. ТАПСЫРМА:

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);

  • Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;

  • Контагиозды хирургиялық инфекциямен ауыратын науқасты күту кезінде жеке қорғану ережелері мен танысу.

4. ОРЫНДАУ ТҮРІ:

  • реферат;

  • презентация;

  • есеп құрастыру;

  • тесттер;

  • алгоритмдер құрастыру;

  • сырқатнама жазу;

  • рольдік ойындарға сценарий жазу;

  • пікір жазу және т.б.

5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ:

  1. Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікірі және мәселелері айқындалған болу қажет.

  2. Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.

  3. Хирургиялық науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.

  4. Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.

  5. Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.

  6. Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет