1. Тақырыбы: Трансфузиология негіздері. Қан құю. Қан топтары. Резус -фактор. Қан құю түрлері. Қан құю кезіндегі реакциялар мен асқынулар. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
2. Мақсаты: Студенттерге қан тобын және резус факторын анықтауды үйрету әдістері, қан және қан компоненттерін құю техникасы, пайда болуы мүмкін асқынулар, гемотрансфузиядан кейінгі асқынудың және шоктың алдын алу және интенсивті терапиясы, инфузионды – трансфузионды терапия негіздерін үйрету, дозасын есептеу, көлемі мен мөлшерін қадағалау, инфузионды терапия асқынуларының алдын алу және коррекциялауды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: - қан құю әдістері
- қан құю тәсілдері
-қан құюдың көрсетілімдері
- қан құюдың кері көрсетілімдері
- қан құюдағы асқынулар
- гемотрасфузионды шок
- бактериальді – токсикалық шок, ауа эмболиясы,
- тромбоэмболия, массив гемотрансфузия синдромы
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.): - тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, топтық – бағытталған оқыту және ми шабуылы әдістері бойынша тақырыпты талдау;
- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар қан құю техникасын, оған көрсетілімдер мен кері көрсетілімдерді, стандартты сары сулар бойынша қан тобын және резус факторын анықтауды талқылайды, презентация түрінде таныстырады).
- ситуациялық есептерді шешу
- тақырыптың тесттерін шешу