4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: - хирургиялық деонтология
- құрал – саймандарды және таңу материалдарын алып берудегі кейбір қателіктер
- түрлі жастағы науқастарды операция алды дайындау ерекшеліктері, тікелей операцияға дайындау
- интраоперациялық кезеңдегі медбикенің рөлі
- хирургиялық операциялар, олардың түрлері
- хирургиялық операциялардың кезеңдері
- операциядан кейінгі кезең. Операциядан кейінігі кезеңде науқастарды күтудегі медбикенің атқаратын қызметі
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.): - тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты ми шабуылы, топтық – бағытталған оқыту әдістері бойынша жүргізу;
- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар операциялық медбикенің қызметі мен міндетін, операция бөлмесінің жұмыс тәртібін, жұмыс орнының операцияға дайындығын, стерильді столды операцияға дайындау тәсілін, стерильді қолғап пен стерильді халат кию тәртібін талқылап, презентация түрінде таныстырады).
- ситуациялық есептерді шешу
- тақырыптың тесттерін шешу