ЖҰмыс бағдарламасы пән: кәсіби қазақ тілі Мамандық: 5В110400 «Дәрігерлік-емдеу ісі»



Дата12.03.2018
өлшемі219,17 Kb.
#39183
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы



044 -36/15-(9-1)

8 беттің -беті



«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы





ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ
Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Анартаева М.Ұ.

« » 2013ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: кәсіби қазақ тілі

Мамандық: 5В110400 «Дәрігерлік-емдеу ісі»

Оқу сағатының (кредиттің*) көлемі: 90 сағ. (2 кредит)

Курс: 3

Оқу семестрі: VІ

2013 ж.

Пәннің жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 ж. 17 маусымда бекіткен №261 ҚР МЖМБС негізінде қазақ тілі мен латын тілі кафедрасымен құрастырылды.


Жұмыс бағдарламасы қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының мәжілісінде талқыланды.



« » 2013 ж. Хаттама №____

Кафедра меңгерушісі: _________ Джумадиллаева Г.Н.




Жұмыс бағдарламасы Жалпы білім беру және гуманитарлық пәндер бойынша ЖӘК мәжілісінде талқыланды.



« » 2013 ж. Хаттама №____

Төрайымы__________ Амандыкова С.Х.



Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңесте талқыланып, бекітілді.

« » 2013 ж. Хаттама №____

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Кəсіби қазақ тілі адамзат қызметінің белгілі бір саласына қызмет көрсетуші (мамандық ерекшелігін ескеріп) тəртіптік феномен ретінде. Пəндік-тілдік материалды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Негізгі санаттық-ұйымдық аппарат оның кəсіби қазақ тілдік мəнерінде. Қазақ тіліндегі кəсіптік терминология. Арнайы кəсіпке бағдарланған материал жəне оны берілген кəсіптік жағдаяттарда пайдалану. Мамандық бойынша пəндік сала мазмұнының қазақ тіліндегі сипаттамасы. Кəсіптік құзырет: қазақ тіліндегі мəтіндерді бағдарлау, кəсіптік мазмұндағы монологтік пікір айту жəне т.б. Кəсіби қазақ тілінің мамандық пəндерімен байланысы. Кəсіби қазақ тілін трансформациялау жəне дифференциациялау.



2.2 Пәннің мақсаты:

  • Коммуникативтік: қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; коғамдык саяси, әлеуметтік салаларға кажетті сөйлеу мәдениетін калыптастыру; мамандыққа байланысты мәтіндерден кажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрету. Мамандыққа қатысты мәтінді оқу негізінде ойлау логикасын дамыту.

  • Танымдық: дүниетанымдык жалпы тақырыптар арқылы және медициналык тақырыптар аркылы мамандыққа сәйкес білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүниетанымын кеңейту.

  • Тәрбиелік: тіл үйренушілерді отансүйгіштікке, адамгершілікке, азаматтық борышка баули отырып, мемлекеттік тілге деген қүрмет сезімін күшейту, қызығушылығын арттыру.

2.3 Міндеттері:

  • Берілген сұрақтарға өзінде бар сөздік қорды пайдалана отырып, дұрыс жауап беруге үйрету.

  • Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу.

  • Мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру;

  • Естігені бойыншақабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуге үйрету, т.б.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;

- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны  дәлелдеп, қорғай білуі;

- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;

- мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;

- кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;

- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.
2.5 Реквизитке дейінгі: анатомия.

2.6 Реквизиттен кейінгі: қоғамдық денсаулық сақтау, медицина тарихы, қоршаған орта және халық денсаулығы, тағам гигиенасы.

2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары:

Пән бойынша дәріс қарастырылмаған.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы:




Сабақтың тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат саны

І кредит

1

1. Лексикалық тақырып. Қазақтың тұңғыш дәрігерлері.

2. Грамматикалық тақырып. Сөз тіркесі және сөйлем. Еркін тіркес және тұрақты сөз тіркесі.



Бағыт беру

2

2

1. Лексикалық тақырып. Адам ағзасы - біртұтас құрылым.

2. Грамматикалық тақырып. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері.



Презентация

2

3

1. Лексикалық тақырып. Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы.

2. Грамматикалық тақырып. Жай сөйлем және оның түрлері.



Шағын топтар

2

4

1. Лексикалық тақырып. Салауатты өмір салты.

2. Грамматикалық тақырып. Сөйлем мүшелері.



Шағын топтар

2

5

1. Лексикалық тақырып. Адам қаңқасы және оның зақымдануы.

2. Грамматикалық тақырып. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы.



Шағын топтар

2

6

1. Лексикалық тақырып. Тірек-қимыл жүйесі. Тірек-қимылға қатысатын мүшелердің аурулары.

2. Грамматикалық тақырып. Бастауыш жасайтын сөз таптары.



Бағыттау

2

7

1. Лексикалық тақырып. Ас қорыту жүйесі және оның аурулары.

2. Грамматикалық тақырып. Баяндауыш жасайтын сөз таптары.



Бағыт беру

2




14

ІІ кредит

8

1. Лексикалық тақырып. Тыныс алу жүйесі, түрлері мен аурулары.

2. Грамматикалық тақырып. Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыш. Толықтауыш жасайтын сөз таптары.



Презентация

2

9

1. Лексикалық тақырып. Жүрек –қан тамырлар жүйесі.

2. Грамматикалық тақырып. Анықтауыш. Сапалық және меншіктік анықтауыш.



Семинар

2

10

1. Лексикалық тақырып. Қанның құрамы және ағзадағы қызметі.

2. Грамматикалық тақырып. Пысықтауыш және оның мағыналық түрлері.



Пікір-талас

2

11

1. Лексикалық тақырып. Жүйке жүйесі және оның аурулары.

2. Грамматикалық тақырып. Құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы.



Шағын топтар

2

12

1. Лексикалық тақырып. Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару ағзаларының аурулары.

2. Грамматикалық тақырып. Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері.



Бағыт беру

2

13

1. Лексикалық тақырып. Жұқпалы аурулар.

2. Грамматикалық тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Аралас құрмалас сөйлем.



Шағын топтар

2

14

1. Лексикалық тақырып. Қызылша, күл, тұмау.

2. Грамматикалық тақырып. Төл сөз және төлеу сөз. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі.



Шағын топтар

2

15

1. Лексикалық тақырып. Тері аурулары. Теміреткі.

2. Грамматикалық тақырып. Іс қағаздары және оның түрлері. Мәтін және стиль. Стиль түрлері.



Рөлдік ойындар

2







16

Барлығы: 30 сағат.
Студенттің өзіндік жұмысының тапсырмалары



Тақырыбы

Өткізу түрі

Тапсыру мерзімі

Сағат саны




1

«Шипагерлік баян» шығармасы.

Реферат

2-апта

4

2

Адам және дәрумен.

презентация

2-апта

4

3

Дене мүшелерінің қазақша атаулары.

Реферат

3-апта

4

4

Шынықсаң шымыр боларсың.

Презентация

4-апта

4

5

Денсаулыққа байланысты қазақтың ырым-тыйымдары.

Презентация

5-апта

4

6

Еңбек терапиясы.

Реферат

6-апта

4

7

Ас – адамның арқауы.

Презентация

7-апта

2

8

Аралық бақылау.

Тест

7-апта

2

9

Тұмау аяғы – құрт,

Тұман аяғы – жұт.



Реферат

8-апта

4

10

Адамның қан қысымы жөніндегі өзекті мәселелер.

Презентация

9-апта

4

11

Ата-ананың қан тазалығы және сәби.

Презентация

10-апта

4

12

«Ұлым» дейтін ел болмаса,

«Елім» дейтін ер болмас!



Презентация

11-апта

4

13

Тазалық – денсаулық кепілі.

Презетация

12-апта

4

14

Отбасындағы денсаулық мәселесі.

Презентация

13-апта

4

15

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

Реферат

14-апта

4

16

Жазба стильдерінің үлгілерін келтіру

Презентация

15-апта

2

17

Аралық бақылау.

Тест

15-апта

2

Барлығы:

60

Жалпы сағат саны: 90 сағат

2.8 Оқыту мен сабақ беру әдістері:


Тәжірибелік сабақтар:

Шағын топтар





Жұптасып жұмыс жасауПрезентация

Бағыттау


Пікір-талас

Семинар


Рөлдік ойындар

Бағыт беру



СӨЖ:

Презентация

Реферат

Ауызша баяндама



Шығарма жазу

Баяндама


Рөлдік ойын

Іскерлік ойын


2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау:

- ауызша сұрақ-жауап;

- сөздік жұмысы;

- пікір талас;

- презентация;

- рөлдік ойындар.


Аралық бақылау:

  • тестілеу.

Қорытынды бақылау КТБО-да тестілеу арқылы өткізіледі. Емтиханға пән бағдарламасын толық меңгерген және үлгерім рейтингісін жинаған студент жіберіледі.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, т.б.
2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. Исакова С.С. Қазақ тілін үйренейік. І – жалғастырушы деңгей: медицина саласы қызметкерлеріне арналған оқу құралы. Алматы: Алаш баспасы, 2010 ж.

  2. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: Денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешен. Алматы, қазығұрт, 2010ж.

  3. Доскеев Б.Ж. Қазақ тілі (мед.оқу орын.арналған). Алматы. «Қайнар», 2001 ж.

  4. Аяпбергенова К.Г. Тереңдету тобына арналған көмекші оқу құралы. Алматы, 1993.

  5. Бектұров Ш., Бектұров А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

  6. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері: көмекші оқу құралы. – Алматы, қазақ ун-ті, 1993ж.

  7. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

  8. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. (Тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

  9. Астана: Таным, 2003.

  10. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998 ж.

  11. Е. Suleimenova, M.Lekic, K. Kadasheva, D. Akanova. Kazakh language. Module 1,1999, Module 2,32000, Module 4-11, 2001. [Electronic resourse]. //http//www.cenasianet. ort

  12. Сәлім Е.Қ. Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, «Нұрлы бейне», 2007 ж.

  13. Мұсабаева М.Д., Жанысбаева Р., Сәлім Е.Қ. Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2005 ж.

  14. Қоңырбаева Ғ.Д. «Жоғары кәсіби қазақ тілі» фармация мамандығына арналған оқу құралы. Шымкент қ. 2008ж.

  15. Тастанбекова Г.Т. Қазақ тілінен жаттығулар жинағы, Шымкент қ. 2008ж.

Қосымша:

  1. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы «Әділет» ЖҚМ, 2002.

  2. Оралбаева Н. Практикалық қазақ тілі: оқулық. Алматы, Ана тілі, 1993.

  3. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы., 1996 ж.

  4. Түймебаев Ж. Қазақ тілі. (Грамматикалық анықтағыш) Алматы, 1991 ж.


Сөздіктер:

  1. Ақжанова А.Т. Қазақша-орысша сөздік. Алматы. 2000 ж.

  2. Алдашева А. Гигиена және санитария сөздерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, «Ғылым», 1998 ж.

  3. Алдашева А. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1988 ж.

  4. Ахметова М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, «Сөздік-словарь», 1999 ж.

  5. Аяпбергенова К. Медицина терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1994 ж.

  6. Ахметов М.А. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша –қазақша-ағылшынша: 40 мыңға жуық термин. Алматы: Дайк-Пресс, 2009.


2.11 Қосымшалар:

№1 үлгі

2013-2018 оқу жылдарына жұмыс бағдарламасының

басқа пәндермен келісу хаттамасы

Келісілетін пәндер

Материалдық

пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан

кафедралардың

мәжіліс

хаттамаларының нөмірлері мен күндері

Реквизитке дейінгі:

анатомия

Адамның дене мүшелерінің, ауруларының атауларын, терминдерді мемлекеттік тілде дұрыс қолдану.

Морфологиялық пәндер каф.мәжілісінде

талкыланды.

Хаттама№

« » 2013ж.

Каф.меңгерушісі:







Сисабеков Қ.Е.

Реквизиттен кейінгі:

Қоғамдық денсаулық сақтау



Анатомиялық атаулардың мағынасын, қызметін

түсіндіру, мәтіндерді қазақ тілде еркін түсіне алуға бейімдеу.



№1 Қоғамдық денсаулық сақтау каф. мәжілісінде талқыланды. Хаттама №___

«____»____________2013 ж.


Кафедра меңгерушісі
М.А.Бөлешов

Медицина тарихы

Медицинада, қазақ медицинасы тарихындағы тұлғалар туралы мемлекеттік тілде түсінік беру

№2 Қоғамдық денсаулық сақтау каф. мәжілісінде талқыланды. Хаттама №___

«____»____________2013 ж.


Кафедра меңгерушісі
А.М. Жақсыбергенов

Қоршаған орта және халық денсаулығы

Халық медицинасы, қоршаған орта мен адамның байланысы туралы мәлімет беру, мемлекеттік тілде терминдерді сауатты пайдалана алуға бейімдеу.

Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология каф. мәжілісінде талқыланды. Хаттама №___

«____»____________2013 ж.


Кафедра меңгерушісі
Б.З.Долтаева

Тағам гигиенасы

Дәрумендер, олардың тамақта сақталуы, салауатты өмір салты туралы мәтіндермен жұмыс жасай отырып, лексикалық қорын байыту.

Гигиена-2 каф. мәжілісінде талқыланды. Хаттама №___

«____»____________2013 ж.

Кафедра меңгерушісі
С.У.Ескерова


2 үлгі

2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасындағы толықтырулар мен өзгертулер

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасына төмендегі толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі.



Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі

Пәнді оқытудың нәтижесі


Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері

А

Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Қазақ тілінде еркін сөйлеп, пікір алмасады




Мәтіндерді аударады

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын үгіттей біледі

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Тазалық – денсаулық кепілі ұстанымын үгіттей отырып, оған қатысты кез-келген жағдайда құқықтық-нормативтік құжаттарды мысалға келтіре біледі.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі)

Түрлі аурулардың зардабын кез-келген ортада түсіндіріп, қоршаған ортаға тигізер әсері туралы ақпаратты бере алады.

Кәсіби сөздер мен термин сөздерді сауатты қолдана алады

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

СӨЖ тақырыптары бойынша алдыңғы білімі мен кейінгі алған ақпаратты салыстыра отырып, өз пікірін білдіре алады

Оқу үрдерісінде ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау барысында мәтіндердегі сөздерге синтаксистік талдау жасай алады.

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Бүгінгі таңдағы жазылуы қиын ауруларға қарсы шығарылған жаңа препараттар туралы ақпарат береді

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдары саласындағы құзыреттілік

Грамматикалық, стилистикалық тұрғыда сауатты жаза алады

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Медициналық деонтология талаптарын біледі.

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

«Шипагерлік баян» шығармасын толық меңгереді

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі)

Науқаспен сөйлесу әдебі мен мәдениетін толық меңгереді.

«Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ер болмас» тақырыбы бойынша Қазақстанның патриот қызметкері атануға орта қалыптастыру жолдарын қарастырады

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Еңбек терапиясының қаншалықты пайдасы іске асатынын зерттейді

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Жаңа технологияға негізделген құрал-жабдықтар туралы хабардар болып, олардың ерекшеліктерін түсіндіре алады

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдары саласындағы құзыреттілік

Аурулар және оларға әкеліп соғатын әрекеттер туралы орыс тіліндегі материалдарды еркін аудара алады

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеудің түрлі жолдарын талқылап бере алады

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Медициналық терминдерді халықаралық және мемлекеттік тілде пайдаланылу мәселелерін біле отырып, дұрыс шешімін таба алады.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі)

Кез-келген қиын жағдайда немесе шиеленіскен ортада өзін-өзі ұстай білу талаптарын меңгереді.

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Анағұрлым кең тараған аурулардың себептері мен клиникалық белгілерін топтастыра біледі.

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Кәсіби әрекетінде ақпараттарды қабылдай отырып, олармен жұмыс жасай алады.

Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Х.Досмұхамедұлының медицина туралы айтқан сөздерін талқылай отырып, өз пікірін білдіреді.

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Қызмет етушілердің жұмысын ұйымдастыра біледі.

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Мемлекеттік тіледіг іс қағаздарын сауатты жүргізе біледі.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі)

Тиімді қарым-қатынас орнатудың ұстанымдарын қолданады.

«Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы жұт» тақырыбы бойынша барлық аурудың алдын алу жолдарын үгіттей біледі.

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Жұқпалы аурулардың дамуына немесе тез тарауына әсер етуші факторларды зерттей келе, өз пікірін білдіреді.

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Қоғамда түрлі аурулардың қандай жолмен пайда болып, тарауының себептерін анықтайды, заманауи ақпарат көздерін пайдалана біледі.

Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдары саласындағы құзыреттілік


«Шынықсаң, шымыр боласың» тақырыбында анатомиялық, физиологиялық тұрғыда қойылатын талаптармен танысады.

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Науқасқа медициналық жәрдем көрсету жолдарын біледі.

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Медициналық салада құжат жүргізе біледі.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі)

Түрлі ортада қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын тиімді қолдана алады.

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Қоғамдық тақырыптарға қатысты кез-келген материалды оң немесе теріс пікір білдіре алады

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Медицина саласындағы жаңа технологияға негізделген құрал-жабдықтарға презентация жасайды және студенттер арасында ол туралы ақпаратты тарата біледі.




Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті




Мамандыққа қатысты барлық пәндер

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қайта қаралып, мақұлданды.

Кафедра мәжілісінің «___»______ 2014 ж. № _____ хаттама

Кафедра меңгерушісі_______________ Джумадиллаева Г.Н.


Ресми сарапшы:



жалпы білім беру және гуманитарлық

пәндер бойынша ЖӘК мәжілісінің төрайымы ________________ Амандықова С.Х.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет