Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»



бет6/18
Дата10.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#11343
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-

ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.

Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)

1. Цепендерде қандай бейімделушілік адаптациялары бар?

2. Қожайын денесіне енудің қандай бейімділік адаптациялары бар?

3. Қожайын денесінде қорытылып кетпеуі үшін паразиттерде қандай қорғаныштық бейімделушіліктері бар?

4. Қожайынның денесіне ену үшін қандай бейімделушіліктер бар?

5. Қолайсыз жағдайлардан өту үшін қандай бейімделушіліктер бар?


4

1. Тақырыбы: Ауру қоздырғыштардың табиғаттағы айналымы. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулар.

2. Мақсаты: тәжірибе үдерісінде алған білімдерін пайдалану мақсатында табиғатта ауру қоздырғыштарының табиғатта айналу жолдарының теориялық негіздерін меңгеру.

3. Дәріс тезистері: Ауру қоздырғыштардың табиғатта айналу жолдары. Паразиттер түрін сақтау үшін қожайын ағзаларын тастап, сыртқы ортаға шығуы немесе басқа иеге өтуі тиіс. Жеке шығу дамудың әртүрлі сатыларында және түрлі жолдармен жүзеге асады. Паразиттердің адам ағзасына өтуі инвазия деп аталады (лат. Invasio – басып кіру). Инвазия екі жолмен жүзеге асады: пероральді және перкутантты.

Ауторенвазия науқастың өзі арқылы қайта зарарлануы нәтижесінде байқалады (анус аймағындағы жұмыртқаның жуылмаған қолдары арқылы ауызға келіп түсуі).

Аутоинвазия – қатты антиперистальтика (құсу) кезінде өзін өзі зарарландыру байқалады, сол кезде шошқа цепенінің жұмыртқалары ішектен асқазанға өтеді де цистицеркоз пайда болады, бұл адам денесінде жұмыртқалардың финналарға айналуымен сипатталатын ауру. Ұрықтың қан паразиттерімен (безгек, ұйқы ауруы) инвазиялануы жатыр ішілік инвазияның пайда болуына алып келеді.

Екпе инвазия – адамның безгек ауыруымен ауыратын адам қанымен зарарланған шприцтармен екпе алуы барысында жұқтыруы.

Паразиттер қожайындарына түрлі жолдармен өтеді:



    1. Тасымалдаушылар арқылы. Бұлар қан соратын буынаяқтылар болып табылады. Арнайы және механикалық тасымалдаушылар деп ажыратылады.

Қоздырғыштың тасымалдаушылар арқылы берілуі трансмиссивті, ал ауру – трансмиссивтілер. Трансмиссивті берілудің екі түрі бар: инокулятивті (тасымалдаушының ауыз аппараты арқылы) және контаминативті (тасымалдаушының фекалийі немесе зақымдалған тері арқылы, шакканда, қасығанда берілуі).

Ауруларды облигатты- және факультативті–трансмиссивті деп бөледі.



Қожайын мен қоздырғыш арасындағы арнайы байланыстар трансмиссивті аурулардың мынадай топтарын ажыратуға мүмкіндік береді:

  1. зооноздар – жануарларға ғана тән аурулар;

  2. антропозооноздар – адамды да жануарды да жарақаттайтын қоздырғыштар тудыратын аурулар (энцефалит, оба);

  3. антропоноздар – тек адамға ғана тән аурулар түрі (амебиаз, энтеробиоз).

    1. Паразиттердің аралық ие арқылы енуі. Бұл кезде паразит өзінің негізгі қожайынына соңғысының аралықтағысын жеп қоюы арқылы енеді.

    2. Паразит дернәсілдерінің еркін тіршілік ету сатысында тері мен шырышты қабық арқылы енуі.

    3. Қоздырғыштың трансовариальді берілуі. Қоздырғыштың қожайыннан келесі ұрпаққа жұмыртқа жасушалары арқылы берілуі.

    4. Табиғи ошақты аурулар. Табиғи ошақты аурулар – бұл белгілі бір территорияда ұзақ уақыт бойына тіршілік ететін эволюция барысында қалыптасқан, адамның қатысынсыз бір жабайы жануардан келесі жануарға қоздырғыштың берілуі нәтижесінде табиғи ошақты болып сипатталатын аурулар тобы. Трансмиссивті табиғи ошақты аурларда қоздырғыш тасымалдаушылар – қансорғыш буынаяқтылар арқылы жұғады. Табиғи ошақты аурулар мынадай белгілермен сипатталады:

  1. ауру белгілі географиялық ландшафтта (биотоптармен) белгілі бір территорияға таралады;

  2. қоздырғыш бір жануардан келесі бір жануарға адамның қатысынсыз беріледі;

  3. қоздырғыш резервуары жабайы жануарлар болып табылады;

Табиғи ошақты аурулардың компоненттері болып табылады:

  1. қоздырғыш;

  2. жабайы жануарлар – резервуар;

  3. трансмиссивті табиғи ошақты аурулар тасымалдаушылары.

Қоздырғыш – паразит популяциясының осы паразиттің тасымалдаушылары мен ауру қабылдауға бейім жануралар популяциясының өзара әрекеттесуі (“ошақты үштік”) паразитарлық жүйені құрайды, ол биоценоз варианты болып табылады. Осындай биоценоз қалыптастырған тарихи қалыптасқан географиялық ландшафттағы белгілі біртекті орта жағдайлары бар ареал биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп білестігі биогеоценозды құрайды. Эволюция процесі барысында қалыптасқан паразиттік аурулардың табиғи ошағы биогеоценоз болып табылады.

Табиғи ошақты ауруларға жатады: кене және жапон энцефалиттері, геморрагиялық лихорадкалар, лимфоцитарлы хориоменингит, орнитоздар, құтыру, сары лихорадка, туляремия, оба, риккетсиоздар, бруцеллез, лептоспироз, листериоз, кене спирохетозы, лейшманиоз, токсоплазмоз, описторхоз, дифиллоботриоз, шистосоматоз, трихинеллез.

4. Иллюстрациялы материалдар:



Табиғи ошақты кене энцефалиті ауруының сызбанұсқасы.


5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-

ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет