Ситуациялық есептер.
1. Несепті Нечиперенко әдісі бойынша зерттеу кезінде науқасқа медбике
қалай түсіндіреді ?
2. Қақырық жинау кезінде медбике қандай заттар дайындайды, жөне науқасқа
қалай түсіндіреді ?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
2 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (асқазан және ұлтабар құрамы, нәжіс).
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға зертханалық зерттеулерге асқазан және ұлтабар құрамын, нәжісті алуды үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда зертханалық зерттеулерге асқазан және ұлтабар құрамын, нәжісті алу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
Достарыңызбен бөлісу: |