Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет233/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Жедел зәр тоқтауына түсінік.

  • Жедел зәр тоқтауына алып келетін себептер мен белгілері.

  • Жедел зәр тоқтауы кезіндегі көмек.

  • Қуыққа катетер қою туралы түсінік.

  • Катетер қоюдың мақсаты: емдік, диагностикалық.

  • Процедураны өткізудің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері.

  • Катетер түрлері.

  • Процедураны өткізу әдісі және жабдықталуы.

  • Кездесетін асқынулары және оларды алдын алу.

  • Ерлер мен әйелдерге қуыққа катетер қою

  • ерекшеліктері.

  • Құралдарды тазарту.


Жедел зәр тоқтауы .

Жедел зәр тоқталу дегеніміз- операциядан кейін қуық бұлшықетінің жүйке регуляциясы бұзылуынан және де уретра обтурациясының нәтижесі. Ануриядан айырмашылығы анурия кезінде қуық бос және кіші дәретке отырғысы келмейді , ал жедел зәр тоқталу кезінде қуық толып тұрады және кіші дәретке жиі отырғысы келеді.

Дені сау адам бір тәулікте 4-7 рет зәр шығарады, көбінесе күндіз,ал түнде 1 реттен көп емес .

Аденома , қуық асты без рагі , босанудан кейін және операциядан кейін жедел зәр тоқталу пайда болады .

Зәр шығару рефлексін краннан аққан судың шуымен немесе жыныс мүшелерін жылы сумен жуып шығаруға болады. Қасаға үстіне жылы грелка қойса жақсы әсер береді .Істеген іс-шаралар жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша бұлшықет тонусын жоғарылататын дәрілік заттарды береді (прозериннің 0,5% 1 мл ерітіндісін немесе пилокарпиннің 1% 1 мл ерітіндісін тері астына).Бұл іс-әрекеттер жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша қуыққа катетер қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет