10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Эндокринді жүйелердің қызметі бұзылған науқастарды күту, қадағалау деонтологиялық аспект ілері.
Эндокринді жүйе аурулары бар науқастарды тексеру тәртібі.
Инструменталді және лабораторлы тексеру әдістері және олардың мәні.
Комалық симптомдары және дәрігерге дейінгі көмек.
Қант диабетімен ауыратын науқастардың іріңді жараларды алдын- алу.
Эндокринді жүйе ауруларының негізгі симптомдары. Дене салмағының өзгеруі спецификалық симптом болып табылмайды. Бұл тек қана эндокринды жүйе паталогитясына тән. Гиреотоксикоз, қант диабетіне кенеттен дене салмағының төмендеуі және жоғарылауы байқалады. Сондай-ақ бұлшық ет әлсіздігі. Ауыр жағдайларда науқастар бұлшық ет әлсіздігінен жүре алмайды, тұра алмайды, жұтылу, шайнау, сөйлеу қиындайды.
Шөлдеу және көп мөлшерде зәр кіші дәретке отыру (полиурия)- қантты және қантсыз диабетінің негізгі белгісі. Бұл гиперудың артқы бөлігінің ауыр патологияларында кездесуі мүмкін. Шағымдары: асқорыту қызметінің бұзылуымен байланысты.(іштің ауыр сезімі, жүрек айну, құсу)- қант диабеті кезіндегі диабетикалық кетоацидоздың жиі белгісі. Гипотериозда іш қатуы болады. Қалқанша бюезі аурулары бар науқастарды күту, бақылау. Қалқанша без- адамның эндокринді жүйесінің ірі мүшесі болып табылады. Трийодтиронин, тироксин, кальцитонин бөліп шығарады. Қалқанша без аурулары (диффузды токсикалық зоб, эндемиялық зоб, гипотериоз тиреодит, ісіктер ж.т.б.) жиі кездеседі. Қалқанша без без ауруларында жиі нерв- псикихалық жүйе зақымдалады. Диффузды токсикалық зобы бар аурулар тез ашуланшақ, ал гипотериозджа апатия, ұйқышылдық. Зат алмасу бұзжылған науқастарда дене салмағы ұзжылады. Диффузды токсикалық зобта кенеттен арықтау байқалады. Күнделікті өлшену аурудың ағымын және емдеу нәтижесін көрсетеді. Зат қалқанша безі ауыратын науқастарда негізгі алмасу өзгероуіне байланысты дене температурасы өзгереді, гипертериозда жоғарылайды, гипотериозды төмендейді. Дене температурасы ауру ағымын көрсетеді, термометрияны күніне бірнеше рет өткізедді. Диффузды токсикалық зобта шөлдеу, жоғары терминдік гипотиреоз кезінде теріге көңіл бөлу қажет. Терілер қатқыл, тез қабыршықталған болады. Диффузды токсикалық зобта көз кеңістігі кеңейген, көзін фурацилинмен жуып, қабюығына көз ма йын жағу керек. Қалқанша без ауруларында жүрек –қан тамыр жүйесі бұзылады.Диффузды токсикалық зобта тахикардия, артериалды гипертензия, гипотиреозда керісінше. Сондықтан ҚҚ өлшеу керек. Диффузды токсикалық зобы бар науқастар диетаны сақтау қажет. Асқынуы- тиреотоксикалық криз- бұл кезде кенет психикалық қозғыштық, дене температурасы 40-41 0 , іш ауруы, жүрек айну, іш өту, құсу. Тиреотоксикалық криз кезінде кортикостерендты, код, препараттары, жүрек гликозидтері қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |