Жүрек - өкпе реанимациясындағы көрсетілетін көмек реті:
науқастың жалпы күйін (ақыл –есін, дене температурасын, жүрек соғысын, демалысын) бағалау
тыныс алуын қамтамасыз ету
жасанды тыныс алуына көмектесу
жүрекке тікелей емес массаж жасап, қан айналымын жақсарту
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру
Науқасты көлденеңінен жатқызып, жауырының астына жастықша қою керек, тар киімдерін шешіп, ауыз қуысын ашу керек. Төменгі жағын төменге – алға түсіріп, жасанды болса алу керек.
Науқастың басын барынша шалқайту (сол қолмен маңдайыннан, оң қолмен мойынан ұстау арқылы)
Жақ аралығына бинт не желім (пластмасса) тығынды қою
Жұтқышшақтың ауыз бөлігінен бөгде заттарды алып тастау. Бөгде заттарды сұқ саусақпен алады. Ол үшін науқастың басын бір жағына қисайтып, аса сақтықпен бөгде затты алады. Ауыз қуысын электр сорғышпен тазалаған дұрыс. Тыныс жолдарынан құсық массасын, кілегейлерді алу үшін науқасты ішімен не қырымен жатқызып алады. Бұл әдісті омыртқа жотасы зақымдағанда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |